Суббота, 23.11.2024, 15:25
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей

Өзін –өзі тану пәні АДАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ
№2 мамандандырылған орта мектебі к.Актобе
Өткізуші Тлеуленова Г.А.

Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
• Отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
• Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;
• Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Мұғалім сүйіспеншілік ұғымының отбасынын басталатынын және адамға ең қымбатты да, ең асыл да ата-ана екенін ұғындыру мақсатында «Анашым-әкешім» өлеңін оқушылармен қосылып орындап, шаттық шеңберін ұйымдасытырылады.(минусовка) (3мин)
Әкешім -анашым
1. Періштенің нұрынан жаратылған
Әкешім-анашым дара тұлғам
Сендердің бейнет пен зейнеттерің
Бүгінде катайсам қанатымнан
к/сы 2 рет
Көбейсін немере шөберелер
Кеңейсін әр дайым керегелер
Әкешім анашым сендер барда
Ұрпағын жалғасын ере берем

2. Дүние-ай не деген көркем едің
Есейдім ер жеттім еркеледім
Өмірдің қол жетпес биігіне
Екеуің жалықпай жетеледің
қ/сы
3. әкешім ақылман кеменгерім
Анашым айдыным терең көлім
Ақ тілеу батаңның арқасыгой
Бақытқа шаттыққа кенелгенім
қ/сы

Тақтаға күнді орналастырып, отбасы сөзі ретсіз әріппен орналастырылған, оқушылар дұрыс ретін тауып, жасырын сөзді табады. (тсбоаы) (1мин)
Тапсырма (3 мин)
Мұғалім сөзі.
Міне балалар жаңа сіздермен әкешім-анашым әнін орындадық, жасырын сөзін таптық, сонда бүгінгі сөз қозғайтын , талқыламақшы болатын тақырыбымыз қандай болмақ деп ойлайсыздар?
Оқушылар жауабы: отбасы, жанұя, ата-ана, үй, ана мен бала...
Онда балалар ең алдымен «отбасы» деген сөзді естігенде ойларыңызда қандай ассоцияция туындайды? Және жауаптарыңызды нақтылай отыра тақтада көрсетілген отбасы күнінің шуақтарына орналастырыңыздар.
1. мейірімді
2. бақытты
3. әке, ана, бала
4. жарасымды
5. өнегелі
6. тату
7. ауыз біршілігі мол
8. толық
9. үлкен
10. тәрбиелі
Оқушылар өз ойларын айтып, нақты бір сөзден тұратын ассоцияцияларын шуақ ішіне жазады.
«Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады» деп Н.К. Крупская апамыздың сөзін басшылыққа ала отыра сіздерге «отбасы жарастығы» , «отбасы бақыты», «отбасы қуанышы» деген ұғымдарды тереңірек түсіну үшін «Кеш қалмаңыз!» Бейнеролигіне (11 мин) назар аударайық

Әңгімелесу (5 мин)
Сөйлемді аяқтап, түйіндеңіз
• «отбасы жарастығы»…
• Отбасы бақыты…
• Отбасы қуанышы…
• Адам отбасында сыйластыққа қол жеткізе алады…
• өзіңіз шешім таба аламағанда дұрыс шешім табу үшін ата-анаңызбен еркін сыр бөлісе аласыз ба?
• Мен ата-анамды қуанышқа бөлеген сәтім…
• Көрсетілген бейнесюжеттен нені ұқтыңыз?
• өмірімізде мұндай жағдай қаншалықты жиі болып тұрады деп ойлайсыз?
Дәптермен жұмыс (5 мин)
«Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына генеалогиялық тізбек жаса. Өзіңнің ата-«желерің туралы шағын әңгіме жаз.

Тыныштық сәті
- Балалар, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатқа және тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.(0,5мин)
Шығармашылық жұмыс(5мин)
Оқушылар алдын-ала үйлерінен өз жанұяларымен түскен суреттерін алап келіп, әр оқушы өз отбасындағы жетістіктері, мақтаныштары туралы сөздер айтып , суреттерін тақтадағы үй ішіне жабыстырады.
Содан соң Мұғалім сөзі
-мінекей балалар біз сіздермен бірге барлығымыз өз отбасымыз туралы
Жүректен жүрекке (7 мин)
әр оқушы қолындағы жүректі келесі оқушыға жақсы тілектер айта отыра, сыйлайды….
Рефлексия
Категория: Разработки и статьи учителей | Добавил: Рай (14.01.2012) | Автор: Тлеуленова Г.А.
Просмотров: 11512 | Рейтинг: 1.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]