Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55] |
Материалы кафедры
[6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
|
В помощь школьному психологу [46] |
Родительский клуб [20] |
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
[0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
|
Наш опрос
Облако тегов
конкурс Я - психолог (10)
Суицид (6)
психология (4)
воспитание (3)
жизнь (3)
мастер-класс (3)
Пермякова Ольга (3)
подросток (3)
аутизм (2)
Владимир Леви (2)
конкурс (2)
Сертификат (2)
Тесленко А.Н. (2)
эссе (2)
larissa68 (1)
А.Бергсон (1)
Анна Бердникова (1)
аутоагрессия (1)
Бурлачук Л.Ф. (1)
вечерняя школа (1)
внимание (1)
встреча (1)
Дмитрий Устинов (1)
Елена Пушкина (1)
жасөспірім (1)
Игорь Вачков (1)
Караганда (1)
классификация (1)
классный час (1)
конференция (1)
кризис (1)
Лекция (1)
личностьв (1)
М. А Лапина (1)
мазасындану (1)
образование (1)
онтопсихологич (1)
педагоги (1)
педагогика (1)
помощь (1)
психолог (1)
психология тела (1)
птицы (1)
Рыжова Е.В. (1)
САМОПОЗНАНИЕ (1)
свидетельство (1)
Семинар (1)
Сказка учителя (1)
сказкотерапия (1)
таблица (1)
танграм (1)
толерантность (1)
тәрбие (1)
успешный ученик (1)
шекспир (1)
Порекомендуй другу
Поиск
Друзья сайта
Translate this pag
Казахский язык
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей |
"Сәтті болашағыма қадамым"
Тақырыбы: «Сәтті болашағыма қадамым» Мақсаты: Оқушылардың өз мінез-құлықтарын тануын және өз-өзін бағалау қабілеттерін дамыту; Коммуникациялық іскерлікті және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу білімдерін жетілдіру; шығармашылыққа баулу. Байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету; өз өміріне позитивтік көз қарас баулу Міндеті: Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу; танымдық белсенділігін арттыру;Ой- өрісін кеңейту; Сабақтың түрі: Танымдық сабақ Сабақтың әдісі: Ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Белсенді ойын: «Крокодил» жаттығуы Мақсаты: сабақ басында оқушылардың қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін жоғарлату. Топ екі командаға бөлінеді, өзіне топ атын қояды. Әрбір командаға жаттығулар беріледі. 1.Әр командадан бір адам шығады, ол жест, мимика арқылы, тапсырма бойынша бір бейне көрсету керек, командасы оны шешу керек; 2. Команда бірнеше мүшесі бір сөйлемді бейнелейді немесе команданың барлық мүшелері бір фразаны бейнелейді. Бұл ойындағы негізгі міндет- қарсы команда сол фразаны шешу. Рефлексия: 1. Сізге бейне көрсету жеңіл болды ма? 2. Сіздің көрсеткен жұмбағыныздың жауабын тапқанда қандай эмоцияда болдыңыз? Неге? 3. Ойын бізді неге үйретеді? Күтілетін жауаптар 1 Өз жұбындағы адамдар сені түсінбегені қиын;2 Әрине, қарсы команданың тез тапсырманы шешкені онша ұнамайды; 3 Әр адаммен қарым-қатынаста болғанда, не жағдай болсада, әңгімелесу барысында-сабырлық сақтау басты міндет. 2. Ой шақыру. Күнделікті өмірде, біз неше түрлі эмоциялар сезінеміз және де өміріміздегі оқиғалар бізге, біздің өмірімізге, саулығымызға кейде әр түрлі әсерін тигізеді. Осы туралы өз ойыңызды айтыңызшы: Күтілетін жауаптар: Өмір қиындығы адамның мінезін өзгертеді.Мысалы, ол адам қорқақ болып, өз-өзіне сенімділігін жоғалтады. Айналасындағы адамдарға сенуден қалады.Яғни өзіне сенуден, өзін сыйлаудан қалады. Ой шақыру. Балалар, жаңағы өздеріңіз айтқандай, сіздер өзіңізді сыйлай білесіз бе? Осы отырған қауымға өзіңіздің жетістігініз туралы еркін айталасыз ба?(деп келесі ойынды бастаймыз) «Шебер» ойыны: Мақсат:өз- өзін бағалауына икемделу. әр оқушы өзі туралы айтады, сөзін мына фразадан бастайды «Мен керемет шебермін, өйткені...». Рефлексия: 1. Бір біріңіз туралы жаңалық білдіңіз бе?Кім талантты екен? 2.Қандай сезіммен сіз өзіңіз туралы айттыңыз? 3 Оқушылар, назарымызды бейнетақтаға аударайық. 18 ғас.француз жазушы Вовенарг былай депті: «Өз-өзіңді бағалай біл. Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді!».Ал адам өз-өзін бағалайды егерде ең басты өз-өзін танып, тәрбиелесе. Өзін-өзі тәрбиелеу-өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз-жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып,кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.Әр адам-жеке тұлға. Оған жігер керек.Орташа қабілетті,бірақ жігерлі болсаң көп нәрсеге қол жеткізесің, ал қабілетті , бірақ жігерсіз болсаң, ешнәрсеге қол жеткізбейсің. Ой шақыру: Қалай ойлайсыз, адам мақсатқа қол жеткізу үшін қандай болу керек? (Оқушылырдың жауаптары) Күтілетін жауаптар: Жігерлі, күш-қуатты,ақылды,тәрбиелі Жауаптарыңызға рахмет, енді ойланыңызшы: бақытына жететің адамның; әрдайым жолы ашық, сәттілікпен дос болған адамның ойы, өмірге, айналасындағыларға көз-қарасы қалай болады? Күтілетін жауаптар:Өз-өзіне сенімді болғандықтан-олар мейірімді, сабырлы болады. Бейнетақтамен жұмыс ( тақтада көрсетілген сұрақтарға окушылар жауап беру керек, кейін жауаптар тақтада көрсетіледі ) Қойылатын сұрақтар: Қалайсын, деген сұраққа сәтсіз адам қалай жауап береді?(шамалы, жәй).Ал бақытты адамның жауабы қалай болады? (жақсы, керемет) Жолы болмайтын адамның ойы қандай болады? (кедеймін, жұмыссызбын) Ал жолы ашық адамның ше? (бақыттымын, өміріме ризамын) Және адамдармен қарам-қатынаста сәтсіз адамның ойы қалай болады?(Менің айналамдағылар өте нашар; оларға сенуге болмайды) Ал бақытты адамның қарым-қатынаста қандай ойы болады? (Айналамдағылар өте керемет,әдемі адамдар!)Рахмет жұмысыңызға! Мұғалімнің қорытынды сөзі: Әр адам өз өмірінде бақытты болғанын қалайды, ал «Сәттілік қайраттыларға жақын жүреді» депті кезінде Геродот. Сәтті, бақытты болу-ең алдымен өзімізге байланысты. Тек өзін бағалай біліп және өзін сыйлай білген адам- өз күшін, қабілетін біліп, өмірінде жетістіктерге жете алады және туған еліне еңбек етіп, нағыз патриот бола алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Патриоттық құндылық- елі мен туған жерін, отанын сүю , мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт-дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті ұлт аралық мәдениетті дамыту» дегендей, әр қайсыңыз «егеменді елемнің ертеңісімін» дейтін ұл-қыздарымыз бүгүнгі таңда өз-өзін тәрбиелеп, алға мақсаттарды қоя біліп, жан-жақты тұлға болуына өзін жетілдіре біледі. Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет! | |
Просмотров: 3263 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 2 | |
| |