Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55] |
Материалы кафедры
[6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
|
В помощь школьному психологу [46] |
Родительский клуб [20] |
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
[0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
|
Наш опрос
Облако тегов
конкурс Я - психолог (10)
Суицид (6)
психология (4)
воспитание (3)
жизнь (3)
мастер-класс (3)
Пермякова Ольга (3)
подросток (3)
аутизм (2)
Владимир Леви (2)
конкурс (2)
Сертификат (2)
Тесленко А.Н. (2)
эссе (2)
larissa68 (1)
А.Бергсон (1)
Анна Бердникова (1)
аутоагрессия (1)
Бурлачук Л.Ф. (1)
вечерняя школа (1)
внимание (1)
встреча (1)
Дмитрий Устинов (1)
Елена Пушкина (1)
жасөспірім (1)
Игорь Вачков (1)
Караганда (1)
классификация (1)
классный час (1)
конференция (1)
кризис (1)
Лекция (1)
личностьв (1)
М. А Лапина (1)
мазасындану (1)
образование (1)
онтопсихологич (1)
педагоги (1)
педагогика (1)
помощь (1)
психолог (1)
психология тела (1)
птицы (1)
Рыжова Е.В. (1)
САМОПОЗНАНИЕ (1)
свидетельство (1)
Семинар (1)
Сказка учителя (1)
сказкотерапия (1)
таблица (1)
танграм (1)
толерантность (1)
тәрбие (1)
успешный ученик (1)
шекспир (1)
Порекомендуй другу
Поиск
Друзья сайта
Translate this pag
Казахский язык
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей |
МАТЕМАТИКАНЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІН ПСИХОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ
Керімбеков М.Ә. – п.ғ.к., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Шымкент қ. Заманауи жоғарғы мектеп білім беруді және жалпы
қоғамды дамытуда біршама өзгерістердің орын алуымен сипатталады. Жаңа заманның
бояулары анықырақ көріне бастады. Қазіргі ғасыр - ғылыми-техникалық прогресс
пен жоғарғы технологиялар ғасыры. Жоғарғы оқу орындарында ғылыми жұмыстарды
жүргізу барысында жинақталған тәжірибенің үлесі санның жаңа сапаға өтетін шекке
жетті. Жоғарғы оқу орындарында педагогикалық үрдістердің ғылыми шығармашылығы толық жинақталған концепциялары
жаңа ғылымға толы жаңа технологияларды
меңгеру мен құрудың жаңа жетістіктеріне жетуге көмектеседі және қоғамды мәдени
және экономикалық тұрғыдан дамытуға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігі мына
төмендегі себептер арқылы анықталады: - ғылыми-техникалық прогресстің дәуірі; - ЮНЕСКО құжаттарының декларацияларында жоғарғы
білімді дамыту негізгі бағыты кадрларды кәсіби дайындаумен байланысты болуы
қажет сонымен қатар бітірушілердің ғылыми өндірісті толық қамту жүйесін құру
қажеттігі көрсетілген; - Қазақстан Республикасының инновациялық
экономикасын құрумен; - біріңғай еуропалық білім беру және ғылыми кеңістікті
және Қазақстанның Болонск процесстеріне ұмтылуын құру [1]. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту
кезінде білімнің рөлі біршама кеңейді. Білім бұл қоғамды дамытуда заманауи
қозғаушы күш болып табылады. Сол себептен де алға басушылыққа болжау жасау үшін
біздің елдегі және әлемдегі білім беру жүйесі туралы қарапайым түсініктерді
білу қажет. «Педагогика» және «Психология» ғылымдары құнды тарихи тәжірибелерді
жинақтады, олар қазіргі заманғы ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі
болып табылады, сол себептен де әлемнің толық ғылыми суретін педагогика мен
психология бойынша білімі жоқ маманды дүниетанымындағы бұл ғылымдарды қоспау
мүмкін емес болып отыр. Заманауи қоғамның ізгілендіру мен ізгілігі өмірдің
барлық саласында психология мен педагогиканың әдістерін кең көлемде қолдана
бастады. Адамның кәсіби және өмір сүруде табыстарға жетуге ұмтылуы әлемде болып
жатқан өзгерістерді үнемі зерттеуді, олардың қозғалысының заңдылықтарын
анықтауды, болжамдар жасай білу мен осы болжамдардың нәтижесінде нақты
жобаларды жасай білуі қажет. Психологиялық білімсіз педагогикалық жұмыстың
ізгілік сипаттамаларын қамтамасыз ету мүмкін емес. Психологиялық зерттеулердің
нәтижелерінің педагогикалық зерттеулермен сәйкестендіру арқылы жеке тұлғаның
қалыптасу механизмдерін, психикалық үрдістердің даму заңдылықтарын анықтауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, педагогика білі туралы жалғыз ғылым, оның
құрамына психологиялық білімнің мағыналы массиві мен
«жұмыс жасаушылардың» педагогикалық ғылым мен білім беру тәжірибелерін
жетілдіру жұмыстары кіреді [2]. Педагогикалық зерттеулер туралы айту кезінде ең
алдымен оның нәтижелерінің қолданбалы сипаттары туралы айтамыз, ал
психолого-педагогикалық зерттеулер туралы сөз қозғаған кезде- білім беру жүйесі
мен оның қалыптасу жүйесінде адам туралы алынған білімді объективті сипаты
туралы айтамыз. Ғылыми шығармашылық жаңа білімді өңдіру саласы
ретінде ғылыми ізденістің анықталған тиімді бағдарламасын талап етеді, сонымен
қатар жалпы білімнің теориясы мен практикасының рөлін қарастырады. Ол үшін
психолого-педагоикалық зерттеулер түсініктерінің айырмашылықтарын ажырата білу
қажет және сонымен қатар бұл түсініктердің нысанды, затты, мақсаттар мен
тапсырмаларды және білім берудің теориясы мен практикасынның қатынастарын
анықтау кезінде көрініс табады. Білім беру үрдістерін талдау, үлгіге келтіру және
жобасын жасау үшін педагог-практик немесе психолог-практик, педагог-психолог,
зерттеу жүргізушілер сәйкес бағдарламаны таңдауы туралы сұрақтар маңызды
жұмыстардың бірі болып табылады. Қазіргі заманауи түсінік бойынша басқаруды
жоспарлау жұмыстары болашаққа болжам жасауға негізделген әрекеттер болып
саналады. Анықтаушы әрекеттерді жүргізу, бағалы-мәнді болжамдар, оларға
негізделген болжамдар толық бағдарлама негізінде сипатталады. Білім беру жүйесінде тиімді бағдарламаны жасау
психолого-педагогикалық зерттеулердің сапасымен анықталады, ол өз кезегінде
білім беру жүйесінде педагогика мен психологияның бірлесіп жұмыс жасауының
нәтижесі арқылы анықталады. Білім берудің теориясы мен тәжірибесінде негізгі
үш бағдарлама бөліп көрсетіледі:дәстүрлі кейде оны классикалық, гуманисттік
немесе дәстүрлі емес және гуманитарлы. Ғылым деп әдетте әлемнің ғылыми суретінің
негізінде жатқан негізі бар және тексеруден өткен жүйені айтады «Ғылым» деген
термин арқылы сонымен қатар ғылыми білімнің белгілі бір саласын айтады. Бірақ
ғылым – бұл іс-әрекеттер туралы объективті білімнің теориялық тұрғыдан жүйеге
келтіру мен таңдау бойынша адам әрекетінің саласы болып саналады; қоғамдық
білімнің негізгі формасы болып табылады[3]. Білім - адамның танымдық әрекеттерінің нәтижесі
мен ақпарат-мәлімет арасындағы айырмашылықты білу қажет. Білім үнемі жүйелі
және жүйелілігінің нәтижесінде құрал-саймандық болып табылады. Дәл осындай
түсінік арқылы білім адамның тиімді әректтерінің және оның дүниетанымының бір
бөлігі болып табылады. Ғылымның мына төмендегі белгілерін бөліп көрсетуге
болады: 1)ол қоғамның қажеттіліктерінің нәтижесінде пайда
болады; 2)әрбір ғылымның өзіндік зерттеу пәні бар; 3)ғылымға өзіндік категориялық құралдарының болуы
тән; 4)әрбір ғылымның өзіндік зерттеу әдістері бар; 5)ғылым табиғаттың объективті дамуы заңдылықтары,
қоғам, адам және оның түйсігі туралы дұрыс және жалпыланған білім жүйесін
қарастырады; Бұл белгілерге сәйкес психолого-педагогикалық
ғылыми пән жүйесі мына төмендегі түрде көрініс табады. Психологиялық-педагогикалық білімдегі
қажеттіліктер жеткіншек ұрпақтарды тәрбиелеу қажеттілігімен бірге пайда болды.
Алғашқы кезде мұндай білімдер халық ауыз шығармашылықтарында түрленеді
(ертегілер, аңыздар, дастандар, мұраларда және т.б.), содан кейін –
философиялық зерттеулерде қолданылды. Педагогика жеке ғылым ретінде XVII
ғасырларда бөлініп шықты, монуфактуралық өндірістің өсу кезеңі пайда болған
кезде адамдардың көп санын станоктарда жұмыс жасауға үйретуді жылдам жүргізу
қажеттілігі туындады. Ғылыми білім оқыту үрдістерін технологияландыруға
мүмкіндік берді. Соңғы төрт мың жылдықтың ішінде педагогика жалпы ортақ нысаны
бар ғылымның жүйесі болып қалыптасты, бірақ зерттеу пәндері түрлі бағытта болыд
(оны қарастыру аспектілері) [4]. «Психология» түсінігі XVI- XVII ғысырларда ғылыми қолданыста пайда
болды; көбінесе неміс дінтанушысы Гоклениус есімімен байланыстырылады.
Ғылыми-философилық тіл түсінігін алғаш рет неміс ғалымы Х.Вольф XVIII ғасырда
енгізді. Алғашқы кезде философиялық пән ретінде дамып, кейін экспериментальді
физиологияның ойларының арқасында ол кезде сана түсінігі ретінде жанды
зерттеудің тапсырмаларын алға қойған жеке ғылым ретінде дамыды. Психологияның
жеке ғылыми пән ретінде дамуы 1879 жыл болып саналады. Бұл жылы В.Вундт Лейпциг
университетінде философия кафедрасынынң жанында экспериментальді психология
зертханасын ашты, содан кейін осы күнге дейін жұмыс жасап жатқан алғашқы
психологиялық институтты ашты. Содан кейін осы сияқты институтттар әлемнің
көптеген елдерінде ашыла бастады. Осылайша академиялық психология қалыптаса
бастады, яғни ғылыми-зерттеу психологиясы өз алдына өзіндік танымдық
тапсырмаларды қойды. XIX ғасырдың соңында психолгиялық білімдерді
педагогика, медицина, еңбек шығармашылықтарында және басқа түрлі салаларда
қолдана бастады. Осылайша адамның тіршілік саласын жетілдіру үшін ұсыныстар
түрінде өзінің жұмыстарын ұсынатын қолданбалы психология пайда болды. XX
ғасырдың басында психологияның басқа формалары қалыптаса бастады, өмірде қатты қиыншылққа түскен және ауыр зардап
шеккен адамдарға көмек беретін- психологиялық практика саласы пайда болды, адам
өмірінің түрлі салаларында экспериментальді тәжірибе мен академиялық білім нәтижелері
арқылы психология салаларын біріктіретін психология салалары пайда болды. Акдемиялық, қолданбалы және практикалық құраушылар
қазіргі таңда бір-бірімен өзара байланысқан негізгі салаларды білдіреді, олар
толығымен «психология» түсінігіне біріктірілген. Қазіргі таңда өзіне тән мәселелері бар тәжірибенің
түрлі салаларында сұраныстарға сәйкес топтары бөлініп көрсетіледі. Бұл
мәселелердің әдетте кешендік сипаттары бар және оларды көптеген пәндер жасап
шығарады. Пән аралық зерттеулердің құрамына психологияның енуі ол саланың
түсінігін, әдістерін, түсіндірме шарттарын байытатын кезде ғана өнімді болып
саналады. Психология басқа ғылымдармен байланысқа түсе отырып жаңа ойлар мен
қарастыру жолдарымен байытылады [5]. Оның ішінде психорлого-педагогикалық зерттеулер
үшін маңызды психологияның бір саласы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
мәселелелерін зерттейтін педагогикалық-психология саласы маңызды сала қатарына
жатады. Педагогикалық психология мына ндай мәселелерді зерттейді: 1)танымдық әрекеттерді қалыптастыру мен жеке тұлғаның қоғамда
маңызды сапаларын қалыптастыруға мақсатты бағытталған психологиялық мәселелер; 2)оқытудың оптимальді дамыту әсерін қалыптастыруды
қамтамасыз ететін шарттар. 3)оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке
психологиялық ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері; 4) педагогтар мен оқушылар арасындағы және оқыту
ұжымының арасындағы психологиялық өзара байланыс. 5)педагогикалық жұмыстардың псмихологиялық
сұрақтары [6]. Осылайша, педагогика және психология да біріңғай нысан шеңберінде жеке пәнге
ие болып отыр. Педагогика мен психологияның тығыз байланысы оларды
песихолого-педагогикалық ғылымның біріңғай жүйесі ретінде қарастырып, шартты
түрде-психолого педагогикалық ғылым деп атайды. Сонымен, білім беру жүйесін зерттеудің құрамына
теориялық және қолданбалы аспектілер біріктіріледі: ол білім бері тәжірибесінде
құбылыстарды сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оны құрудың тұрақты әдістерін де көрсетеді. Оқыту
үрдістерін заңдылықтарын анықтау заманауи педагогикалық жүйелердің негізін
жасаумен байланысты. Оның үстіне педагогикалық білімнің гуманитарлық
сипаттамаларын есепке алу қажет. Әдебиеттер: 1
Мынбаева А.К. История, теория и технологии научной
деятельности высшей школы: Монография. – А., 2010. – 257 с. 2
Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических
исследований: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский
центр «Академия», 2009. – 320 с. 3
Бреслав Г.М.
Основы психологического исследования. – М.: Смысл; Издательский центр
«Академия», 2010. – 496 с. 4
Волков Б.С.,
Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования:
Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект, 2010. – 382 с. 5
Мынбаева
А.К. Основы педагогики высшей школы: Учебное пособие. – А., 2010. – 171 с. 6
Педагогическая
психология: учеб. для студентов вузов, обучающихся по специальности 031000
«Педагогика и психология», 033400 «Педагогика». – М.: Изд- во ВЛАДОС-ПРЕСС,
2006. – 399 с.
| |
Просмотров: 1696 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |