Суббота, 27.04.2024, 06:07
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Родительский клуб

БАЛАНЫ ТЫҢДАТА БІЛУДІҢ ҚҰПИЯСЫ

Баланы тыңдата білудің құпиясы

 

Ересектердің балаға қатысты тыйым сөздерді қолдануда асыра сілтеп жіберетіні бар. Бұл оның әсерін тіпті жояды.

Өз айтқанымен жүріп-тұруға талпыну, өз дегені болмаса, айқайға басу естияр бола бастаған баланың көпшілігіне тән. Мұндайда ата-ана сабыр сақтап, баласымен тіл табысатын жолды іздестіруі қажет. Ал егер тығырыққа тіреліп жатсаңыз, төмендегі ақыл-кеңестер бір кәдеңізге жарар.

Күні бойы ары-бері жүгіріп, секіріп, айтқанын тыңдамаған баласына қатысты, әдетте, анасы «мүлде тыңдамайды», «барлығын ашуымды келтіру үшін әдейі жасайды, «айтқаныма көнбейді» деп шағымданып жатады. Мұндайда ата-ана он ойланып, жүз толғанып, баланың жүрегін жаралап алмайтындай тәрбиелеу тәсілін қолданғаны дұрыс болар. Кейде, тіпті ересек адамның өзі бойындағы сезімін, басына түскен күйді бірден түсіне алмай жатады. Ересектердің өзі тығырыққа тіреліп жатқанда, баладан не сұрайсыз? Бала бойындағы асып-тасқан энергияны қандай да бір жолмен сыртқа шығаруы қажет қой. Осы сәтте ол айтқаныңызға көнбей, өзінің қалағанын жасауға тырысады. Әдетте, «жоқ» сөзін сирек қолданған сайын, ол өтімдірек болады. Баласымен серуенге шыққан ата-ананың «қатты жүгірме — құлайсың», «күшік-мысыққа жолама, бірнәрсесі жұғар», «шалшық суды баспа» деп ескертуді жаудыратын кездерін байқаған боларсыз. Сонда не істеуге болады, екі-үш жасар баланы «ананы болмайды, мынаны болмайдымен» бір орында ұстап көріңізші! Бұл мүлде мүмкін емес! Егер мұндай тыйым үйде де салына берсе, бала, тіпті, бағынудан қалады. Бұдан шығар жолдың бірі: ата-ана «болмайды» деген нақты бір, әрі кеткенде 10 тыйымды таңдауы керек. Оны балаға түсінікті тілмен анық жеткізген жөн. Егер мұндай «қағиданы» бұзса, қандай шара қолданатыныңызды да айтып ескертіңіз. Аналардың барлығы перзентіне қашанда кешіріммен қарайтыны белгілі. Бірақ ескертуіңізді қаперіне де ілмей, тым тойтаңдап кеткен баланы дер кезінде жөнге салғаныңыз дұрыс. Әрине, не көп тыйым көп. Солардың ішінен ең маңызды, ең қажетті дегендерін таңдаңыз. Мысалы, «кәмпит беріп алдаса да, не айтса да, бейтаныс адамның жетегінде кетуге болмайды», «балалармен сөзге келіп қалғанда бірден жұдырықтаса кетуге болмайды» деген сияқты.

 

ЖАСЫНА ҚАРАЙ ЕСКЕРТУ

Ата-ананың талабы баланың мүмкіндігіне, оның жасына қарай қалыптасатын түсінігіне сәйкес болуы керек. Ең тынымды деген төрт жасар баланың өзі бір сағат бойы тыныш отыра алмайды, сондықтан да көпшілік жүретін жерлерде, мәселен, дүкенде, кезекте баламен тұрған сәтте оның назарын аударар кітаптарын, ойыншықтарын ала жүріңіз. Сәбилер 10-айынан бастап қарапайым нұсқауларды түсіне бастайды, бірақ олардың жады әлі де болса әлсіз. Бір игерген ережені ұзақ ұстана алмайды. Әрі балаға тән қасиет — қызуқандылық, бірбеткейлік, ол ұдайы бәрін көрсем-білсем деген жан құмарлығының жетегінде болады. Ал, әлі толық жетілмеген ерік-жігері тыйым мен ережелерді ұстануына мүмкіндік бермейді. Сондықтан да не істеуге болады, ал нені болмайтынын мектеп жасына дейінгі баланың есіне ата-анасы еш жалықпастан, үнемі салып отыруы тиіс.

Айтқаныңызды тыңдап, бағынып, қойған талаптарыңыздың оның өмірлік ұстанымына айналуы үшін, ең алдымен, балаға «қой, тектің» мәнін түсіндіруіңіз қажет. Не себепті болмайды, әр тыйымға қарапайым түсініктеме беріңіз. Балаға «ыстық пешке жолама» деп айтқан жеткіліксіз, ең дұрысы «пештің жанына жақындама, ол өте ыстық, күйіп қалуың мүмкін» деген жөн. У да шу, қызу ойынға кіріскен балаларға тыныштықта ойлау, есте сақтау, бір-бірімен тілдесу анағұрлым жеңілірек болатынын түсіндіріңіз. Әрі ережені түсіндіруде «болмайды» деген сөзді көп қолдана бермей, түсінуге жеңіл, оңтайлы жағынан айтуға тырысыңыз.

 

БАЛАНЫҢ БӘРІ БІРДЕЙ ЕМЕС

Бала «жақсы» мен «жаманды» айырып, оң-солын танып, маңызды өмірлік қағидаларды меңгергенше бірталай уақыт өтеді. Сонымен бірге әр балаға қойылатын талап та, шектеу де ерекше. Кейбір бала тумысынан зерек, сабырлы болады. Ал, басқа біреулері алаңғасар, ұрыншақ келеді. Осыған байланысты ересек адамдар көбіне-көп әділетті бола бермейді. Кейде ата-аналар балаларының арасына түскенде анық-қанығына зер салмастан, біреуін жақтап, біреуін даттап жатады. Сондықтан да барлығын ой елегінен өткізіп, бәрін бірден шорт кеспеңіз. Әдетте, балалар ата-анасының бойындағы екі ұштылықты, сенімсіздікті, күдіктенуді, жалған айтқанын бірден сезіп қояды. Мұндайда бала өз дегеніне қол жеткізбей қоймайды. Алайда, баланың дегеніне көне кету оның келесі жолы да сіздің әлсіздігіңізді пайдалануына әкелуі мүмкін. Ендеше балаңызға тыйым салған екенсіз, қатаң мінез де таныта біліңіз. Тағы бір ескеретін жайт, балаға ескерту жасағанда немесе тыйым салғанда көзіне тік қараңыз, сонда ғана сөзіңіз салмақты, әсерлі шығады. Егер оның көңілін өзіңізге аудармай жатып, жүре сөйлеп, жүре ескерту жасауды әдетке айналдырсаңыз, тәрбиеңіздің тиімділігі жоғалады. Сондықтан да басқа бөлмеде отырып, даладан жүгіріп кірген балаға «аяқ киіміңді шеш» деп айқайлағанмен ештенеге қол жеткізе алмайсыз, өйткені, ол сізді естімеген түр танытуы мүмкін.

Күнделікті тұрақтылық бала үшін аса қажет. Сол үшін күн тәртібін бұзбай, баланы ертеден уақытпен санасуға үйретіңіз.

 

ТӘРТІП ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Мектепке дейінгі балалар тәрбиесінде белгілі бір тәртіп қажет. Бұл кезде сауатты тәрбиеші әр уақытта қалыптасқан қағидалы тәртіпті ұстанады. Мысалы, алдымен үстел үстіндегі ойындар, одан соң қозғалмалы ойындар, оның соңы ертегі оқу сияқты. Ата-аналар кейде үнемі бұлай ету баланы жалықтырмай ма деп жатады. Жоқ, қайта  керісінше. Заман талабына сәйкес ересектер күнделікті күйбең тірлікпен анаған да, мынаған да үлгеріп қалуымыз қажет деп, бала үшін тәртіп және тұрақтылықтың қажет екендігіне мән беруден қалады. Тұрақтылық балаға өмірлік сүйеніш береді, абыржу мен күйгелектіктен арылтады. Егер де ересек адамды күтпеген тосын жағдайлар қызықтыра түссе, баланы, керісінше, жалықтырады, жаңылыстырады. Күнделікті тұрақтылық бала үшін күн тәртібімен сипатталады. Бала күні бойы не істеу қажеттігін, әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін біліп отырса, ұйықтайтын немесе ас ішетін кезде қандай қызық болсын ойыңды тоқтата алады.

 

ҚАТАЛДЫҚТЫҢ ДА ШЕГІ БАР

Балаңызды әрбір жақсы әрекеті үшін мақтап отырыңыз, тіпті өзін жақсы ұстауға талпынғанына жылы сөзіңізді аямаңыз. Сонда ол сіздің жүзіңіздегі қуанышты тағы да көру үшін тіл алғыш, елгезек болуға ұмтылады. Ең бастысы, сіз тәртіп сақшысы емес, бауыр еті баласын аялаған ана екеніңізді ұмытпадыз. Балаңызға жақын болуға, оған көңіл бөлуге уақытыңызды аямаңыз. Соның арқасында, тіпті, тыйым салудың аса қажеттілігі де болмас, ал талас тудырған сұрақтар бойынша балаңызбен оңай тіл табысуға үйренесіз. Балаңыздың жеке тұлға екендігін, оның өз әлемі, өз қалауы бар екендігін ұмытпаңыз. Ал, ол әлемнің кілті тек қана өзара түсіністік пен сабырлықта. Бала тәрбиесінде қолдануға болмайтын амалдарға келетін болсақ:

- Зорлыққа зорлықнен жауап беруге болмайды. Егер де бала сізді ұруға, тістеп алуға немесе шымшып алуға тырысса, «саған солай істесең, қайтесің» деп сіз оның жасағанын қайталауға тырыспаңыз. Баланы ұрудың да тиімділігі аз. Бұл амал баланы шындық әр уақытта күштінің жағында деген ойға жетелейді. Айқайға басып, ұрысу да өктем мінез-құлықтың бір түрі. Үнемі дауыс көтеріп сөйлесетін жанұяда ешкім бір-бірін тыңдамайды. Уақыт өте балалардың ата-анасының айқайына бойы үйреніп кетеді, тіпті, ойынға айналдырып жібереді.

 

Бақыт Жігітбекова,

психология ғылымдарының

кандидаты, практик-психолог

Категория: Родительский клуб | Добавил: flower (19.03.2012)
Просмотров: 1811 | Теги: тәрбие | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]