Пятница, 26.04.2024, 08:00
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АУТОДЕСТРУКТИВТІ ӘРЕКЕТТЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ

Жасөспірімдердің АутодеструкТИВТІ  әрекеттері психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде

 

С.М.Кенесбаев – п.ғ.д., профессор, психология-педагогия факультетінің деканы,

Абай атындағы ҚазҰПУ,

Р.Б. Каримова психол.ғ.д., профессор жалпы және және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы ҚазҰПУ,  

Г.И. Казахбаева алдын-алу суицидологияның ғылыми техникалық зертханасының

ғылым бойынша инспекторы, Абай атындағы ҚазҰПУ     

 

Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мәселелер өте көп. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің орын алуы.

Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк-экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап-жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттерге қарқынды бейімделуі көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншектік шақта қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншектік шақта сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Жасөспірімдердің  негізгі мәнді өзгерісі - бұл тұлғаның өзіндік дамуы [1].

Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің өзіндік дамуының аса маңызды факторы –ауқымды әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, мұның салдары бала мен ортаның арасындағы қатынастың бұзылуына жетелейді. Жасөспірім өзін ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылады [2].

Ст.Холлдың, Э.Шпрангердің айтқан тұжырымдарын бойынша, жасөспірімдердің даму деңгейі үш түрге бөлінеді:

 1) Күрделі өзеру - дағдарыстық уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым-қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

 2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке басына ешқандай өзгеріс енгізбей аяқ басумен сипатталады.

 3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін-өзі қалыптастырады. Өзінің ерік-жігерінің күшімен ішкі дағдарыстары мен күйзелістерін, мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.

Осыған орай, Э. Шпрангердің көзқарасы  бойынша жасөспірімдердің ең басты жаңа құрылымы – «өзіндік менінің» ашылуы сияқты рефлексияның пайда болуы, яғни  өзінің жеке даралығына саналы түрде көз жеткізіп, тұлғаның өзіндік анықталуы [3].

А.Г.Амбрумованың, Е.М.Врононың, А.В.Боенконың, А.Л.Галиннің, Ц.П.Короленконың, Н.В.Конанчуктың, В.А.Тихоненконың, С.Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған [4,6].

Психика жағынан сау жасөспірімдер арасында тек мінез акцентуация мен психопатиялық мінез ерекшелігі бар тұлғалар ғана суицидтік әрекетке әлдеқайда бейім болады.

Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа да себептермен бірлесе психологиялық қауырттылықты күшейтетін жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса жеткіліксіз жағдайда. Осағын орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуынан эмоциялық (жеткіліксіз эмоциялық зерттеу, депрессиялық жағдай), когнитивті (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпараттарды бағалау; руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың реттеуші қызметтерінің бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы) бұзылуымен түсіндіріледі.

Жасөспірім өзінің «есейгендігін» көрсетуге деген қажеттілігін фрустрациялау, өзіндік сана сезімнің дамуы барысында «Мен-тұжырымдамасаның» жағымсыз қалыптасуы, өзін-өзі жек көру, өзіне деген жағымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау жене өзін-өзі кемсіту сияқты әрекеттер жасерекшелік дағдарыстың патологиялық барысын детерминациялайды, яғни бұл суицидтік әрекеттің пайда болу қауіптілігінің елеулі факторы болып табылады. Жасерекшелік дағдарыстық патологиялық барысы алаңдау, мазасыздану, үрейлену, психозақымдаушы жағдайларға фиксациялану, өзіндік дәрменсіздік, күйзелу, жалғыздық, үмітсіздік, өзіндік тұлғаны пессимистік бағалау, болашақ өмірді және өзекті мәселені, яғни болашақты жоспарлау қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталатын дағдарыстық ахуалдардың пайда болуына жетелейді.

Дағдарыстық ахуалдардың дамуы әлеуметтік-психологиялық дезбейімділіктің пайда болуына жетелейді. Дезбейімдеушілік жағдайлар жасөспірімдер арасындағы суицидті қоздырады, олар: психоэмоционалдық күйзелістерге деген төзімділіктің төмендеуі, ерекше интеллект (максимализм, өзгеше пайымдаулар, пікірлер, үзілді-кесілді ойлар), коммуникативті қабілеттердің жеткіліксіз дамуы, өзіне-өзі жағымсыз баға беру, дамымаған сындарлы копинг-стратегиялар және психологиялық қорғану, өмірдің құндылықтарын шала түсіну және т.б. Сонымен, әрекеттік девиациялардан көрініс табатын жасерекшелік дағдарыстан деструктивті шығудың жолы бірден-бір жолы - суицидтік әрекетке жетелейді. Туған-туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, салбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы  суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әлі де болса, есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.

Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай  әрекеттерден де анық аңғаруға болады:

 1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.

 2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.

 3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.

 4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.

 5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.

 6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

 Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:

 1. ұйқысы бұзылады;

 2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері мен агрессия байқалады;

 3. апатия, күйзеліс:

 4. достарын жиі ауыстырады;

Аутодеструктивті әрекеттерді зерттеу үрдісі суицидология мен   клиникалық психологияның негізгі теорияларына сүйенеді, осыған орай,  Э.Шнейдман өз пікірін былай деп жеткізедi: "бұл әрекет, өзінің соматикалық немесе психикалық денсаулығына қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған". Бұл әлеуметтік мінез-құлық ережелері, психологиялық аспектілері мен жасөспірімдердің әлеуметтену мәселесі, жыныстық барабарлық мәселесі, бейімделу мен өзін-өзі реттеу, сонымен бірге әлеуметтiк патологиялардың әртүрлі көрінісі сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтиды [5].

Н.В.Агазаде  аутодеструктивті әрекеттерді төмендегідей топтастырады:

1.              Жеке тұлғаға ықпалы ету бойынша: физикалық, психикалық, әлеуметтiк, діни;

2.              Құрылымдық мінездемелер:

-                 деңгейлі көрсеткіштер: идеаторлық, аффективті, сыртқы тәртіптік;

-                 орындау әдісі бойынша: тікелей, ұлғаймалы, жанама түрдегі, трансагрессивті [2].

А.А. Султанов жасөспірімдерде аутодеструктивті мінез-құлықтың себебін зерттеуде факторлардың үш негізгі тобын көрсетті: 

1) жасөспірімнің  әлеуметтiк ортадағы орны, оның жасерекшелігіне сай келмейтiн әлеуметтенудің бұзылуына байланысты дезбейімделушілігі;

 2) адами құндылықтардың жүйесiне қарсылығынан туындаған отбасымен жанжалдасу;

 3) ішімдікке, нашақорлыққа бейімделу, яғни өзін-өзі күйрету үшін бастау алатын жол және оның қарқынды дамуының алғышарттары [3].

А.А.Реан пікірінше, агрессивтi реакциялардың көрсеткіш деңгейі жасөспірімнің өзін-өзі бағалауымен сабақтасады, яғни бұл дегеніміз: өз-өзін бағалау деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым жалпы агрессия және оның түрлі біріктіруінің көрсеткіштері жоғары болады. Жасөспірімдік жас -  жоғары қауіп-қатерлі топ болып табылады. Біріншіден, психогормональдық үрдістерден басталып, «Мен-тұжырымдамасының» қайта құрылуымен аяқталатын өтпелі жастағы ішкі қиындықтар топтамасы.  Екiншiден, жастық шақтың әлеуметтік жағдайының шекаралығы мен белгісіз күйі. Үшiншiден, қарама-қайшылықтар, әлеуметтiк бақылаудың тетiктерiнiң қайта құрылуы: сыртқы нормалардың орындалуы және ересектерді тыңдауға негiзделген бала  бақылау іс-әрекеттердің әсер етпеуі, яғни өзін-өзі бақылау және саналы тәртіпке жетелейтін ересектердің тәрбиелеу әдіс-тәсілдері әлсізденеді [5].

А.Е.Личконың пiкiрiнше, аутодеструктивті әрекеттерге мынандай факторлар жетелейді: 1) сүйікті адамнан айырылу; 2) жалықтыру күйі; 3) өзінің адамгершілік құндылығын кеміту сезімі; 4) есірткі, гипногендік психотропты дәрілер және ішімдікке салыну нәтижесiнде тұлғаның қорғаныш  тетіктерінің күйзелуі; 5) өз-өзіне қол жұмсаған адаммен өзін теңеу; 6) түрлі себептерден  қайғыру мен орынсыз ызалану, күйзелу, қорқыныш сезімдері және т.б. [6].

Дж. Райкустың көзқарасы бойынша, көптеген жасөспiрiмдер күшті эмоционалды сезімдерді сынауға мүмкiндiк беретiн айналасушылыққа тартады. Олар өздерінің тәжирібенің жоқтығынан, оған қоса өз күшін және дағдарыстық ахуалды жағымсыз қабылдау және өмірге қауіпті және ауыр зардаптардан пайда болатын қатерге бейімділігінен интенсивті эмоцияларын тежеуге немесе бақылауға сирек икемі болады [5].

Көптеген жасөспірімдерде өзіндік бағалаудың дамуы тұрақты немесе жағдайлық үрейлікпен қосарланады. Жасөспiрiмдердің өзідік бағалауының дұрыс дамуы барысында тұрақтылыққа, бағалау мен талаптардың дұрыстығына зарығады. Өз-өзін бағалау әлеуметтiк-психологиялық адаптация және тұлғаның дезбейімделушілік үрдісімен тікелей байланысқан, өйткенi көзделген бейімделудің шарты әлемнiң нақты түрi және мен кейіпі теңдестірілетін қызметтік динамикалық бiрлiк болып табылады. Бұл дегеніміз, жасөспірім топтың талаптарына өз күштерiн мөлшерлеуге және өздігінен  нақты мақсаттар және міндеттерді өз алдына қоюға мүмкiндiк бередi. Өзін-өзі бағалау жасөспiрiмнiң әлеуметтiк бейiмделуiн едәуiр дәрежеде анықтайды, мiнез-құлық және қызметтiң реттеуiшi болып табылады.

 

1. Возрастная психология /под ред.Л.Ф.Обуховой.-М.,1996

2. Личко А.Е. Типы акцентуаций характера и психопатий у подростков. М.: Эксмо-Пресс, 1999. – 416 с.

3. Юрьева Л. Н. Клиническая суицидология. - Днепропетровск: Пороги, 2006.

4. Зотов М.В. Суицидальное поведение: механизмы развития, диагностика, коррекция. — СПб.: Речь, 2006.

5. Берно-Беллекур И.В. Социально-психологические аспекты аутодеструктивного поведения. – СПб., 2003.

6. Ефремов В. С. Основы суицидологии. - СПб.: «Диалект», 2004.

Категория: Разработки и статьи учителей | Добавил: flower (04.06.2012)
Просмотров: 9330 | Теги: психология, аутоагрессия, педагогика, жасөспірім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]