Суббота, 27.04.2024, 04:29
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АСТАРЛАРЫ
[ Скачать с сервера (54.5 Kb) ] 13.06.2012, 11:27

ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АСТАРЛАРЫ

 

А.О. Дуйсенбаева - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

 

Жасөспірімдерді қиын бала тұрғысынан түсіндіру ғылыми дәлелденбеген. Сонымен бірге бұл XXI ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарында болып отыр.

Республиканың тәрбиелейтін колониялардың іс-әрекетінде кәмелетке толмаған құқық бұзушының іс-әрекетіне психофизикалық қасиеттердің әсер ету мәселелері шешілмеген, әсересе тұлғаның қоғамға қарсы іс-әрекетіндегі әлеуметтік және биологиялық құрылымдардың арақатынасы мәселесі қарастырылмаған. В.Г.Пидминистің айтуы бойынша, «біздің көптеген психологтарымыз, оқытушыларымыз және заңгерлеріміз адамның ерекшеліктерінің күрделі түрлерін түсінуге мүлдем жеңіл қарайды, оларды тек қана әлеуметтік көзқарас жағынан ғана талдайды». Ол әдетте құқық бұзушының жеке құқығын әсіресе оның сипаттамалық ерекшелігін бағаламауға әкеп соғады.

Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың биологиялық ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және мінездің басқа аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның болуын жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді ескермеуге болмайды.

Біздің зерттеулерімізге сәйкес, күрделі және көптеген негізделген кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлға ретіндегі қасиеттерінің маңызды сипаты бар. Ол мінез-құлықтағы қоғамға, әдетте ұжымға, ата-аналарына, еңбекке және оқуға деген қатынаста байқалады.

Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар байланыстарын жүйе ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақ та кәмелетке толмаған құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз, өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты [1].

В.Г. Логиканың мысалы бойынша, «типология тұлғаның әлеуметтік қасиеттеріне негізделуі қажет, сондықтан, адамның эмоционалдық қасиеттерінің темпераменті негізінде қылмыскердің тұлғалар типінің классификациясын құруға тырысқан жеке зерттеулердің нәтижелерін дұрыс деп есептеуге болмайды». О.В.Кербиков, Р.К.Ушаков, Г.В.Морозов, В.В.Ковалев және басқа да зерттеулер де тұлғаның түрлену патологиясының саласындағы зерттеушілердің ойынша патомінездік реакциялардың пайда болуы көптеген жағдайда патомінездік дамудың бастапқы стадиясының дамуын болдырады [2].

Біздің ойымызша, тиімсіз жағдайларда патологиялық реакциялар бекітіліп, ауытқыған мінез-құлыққа айналады, мінездің теріс ауытқулары, алдағы реактивтік көзбояушылықты жоққа шығармайды. Сонымен бірге, патогенездік дамудың бастапқы кезеңіндегі мінездің ауытқулары, қайтудың белгілі мүмкіндіктеріне ие болады. Осы даму типіндегі аталған мүмкіндіктер, патогенездік реакциялар кезіндегі мүмкіндіктерге қарағанда, төмен, ал оларды тарату үшін ұзақ, бағытталған медико-педагогикалық жұмыстар қажет [3].

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған жастар қылмысының «жасару» тенденциясы, жасы кіші балалардың қылмыстық белсенділігінің жоғарылауы байқалуда. Сонымен қатар, әйел жынысты жасөспірімдердің қылмыс жасауы өсуде. Қыздар арасында қылмыстың салыстырмалы аз таралуына қарамастан, біршама қоғамдық қауіп келтіреді.

Психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Бұған невроздың кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті, психопатия, алкоголизмді көңіл бөлінуді жатқызады.

Аталған көңіл бөлінулер – ауыр емес және тұрақты аурулар. Көптеген жағдайда олар ауыр тұқымқуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты мен тәрбие салдарынан алынады.

Қылмыскердің жастық ерекшеліктерін криминологтар әдетте: 14-15 жасөспірімді – кіші жасты, 16-17 жас кәмелетке толмаған жастар топтарына бөледі.

14-17 жас интервалындағы контингентіндегі құлықтарының криминологиялық әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері көрсетілген жастық топтарының жасөспірімдердің жүріп-тұруына, олардың өмір сүру шарттары секілді ерекшеліктері әсерлерін тигізеді. Осыдан жасөспірімдердің қылмыстарын 14 жасқа дейін және 17 жастан жоғары құқық бұзушылар тұлғаларды қарастыру қажет.

Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірбиесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан аутқуы жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ оларды алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.

Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлық – бұл «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс қоғамдық белгілері мен қоғамға қәуіпті әрекеттер жасауы». Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

Девианттық іс-әрекет 2 категорияларға бөлінеді:

1) ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет;

2)  құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды [4].

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В.Лодкина, А.В.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен. Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Сайф Сараи шығармаларында, А.Құнанбаев т.б. мұраларынан да елеулі орын алған [5].

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жас өспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде  құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеру) және делинквенттік мінез-құлық (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.  Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса үлкен қауіп тудыратын шақтар [4]. Оның басты себебі, психогорманальды процестерден басталып, «Мен-тұжырымдамасының» бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтары әсер етеді;  жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы; әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген. Олар сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстанып алмайды.

Жалпы, жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді:

1)        психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатологиялық болып келетін мінез-құлық;

2)        қандай да бір бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық [4].

Өзін сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік , басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі?

Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты 4 басты болжам бар:

1.    Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды төмендетуге әкеледі. Себебі соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі.

2.    Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарылатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3.    Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарылауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді.

4.    Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өсет3н болады [4].

Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің  «Үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44%  осы сәтсіз отбасыда тәрбиеленгендер [6].

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылырдың санының көбеюі отбасы құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады.  Олар қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішкілікке салыну немесе ата-анасының  біреуінің бей-моралдық мінез-құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А.Е. Личконың пікірі анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді: отбасындағы қамқорлықты күшейту, баланың ішкі өмірінің барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы, немқұрайлылық, балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы [7].

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни обьективтік және субьективтік факторлар. Обьективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын әр түрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Обьективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық  құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады [8].

Р. Бэрн және Д. Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.

Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар деуге болады:

ü        жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жанжалдар,

ü        ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;

ü        балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;

ü        жасөспірімдердің пікірін елемеу;

ü        ата-аналары тиісті жылулықты  бере алмауы;

ü        балалардың ар-намысына тию;

ü        тәрбие жүйесінің сапасыздығы [9].

Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға, үлкендер жағынан қатал қарауға ұшырағандар.

Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде: ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455. Яғни әр бір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда -22% , ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер -32,7 % болған.Ал жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке келетін болсақ, соңғы төрт жылда 21 есеге өскен. 2002 жылы спиртттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс-әрекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерге 610 бала тіркелген. Есірткеге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімде  анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен. Міне осындай девианттық іс-әрекетке ие болған балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-аналарының және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. «Ел боламын десең-бесігіңді түзе» - деп даналарымыз бекер айтпаған, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шығармай, әр бір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес баланы дүниеге әкелер алдында тәрбиеге мән берсе.

 

1.    Поливанова К.Н. Психология возрастных кризисов.  - М., Академия 2000.

2.    Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. - М: Юрист, 1995-256с.

3.    Психология подростка. Хрестоматия. сост. Ю.И.   Фролов. Рос.пед. агенство. – М., 1997.

4.    Змановская Е.В.  Девиантология. -  М.: Академия, 2003.

5.    Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас. - Алматы. 1987

6.    Хьел Л. и Зиглер Д. Теории личности. - СПБ, 1997.

7.    ЛичкоА.Е.  Подростковая психология. -  М.,1985.

8.    Ананьев Б.Г. Проблемы подросткового возраста. - К., 1994.

9.    Мир подростка /Под.ред. Снежневской Р.Д. -  М.: Просвещение, 1990

 

 
.  

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 4069 | Загрузок: 1039 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 1
1 Бакытгул  
Коп рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]