Пятница, 26.04.2024, 14:48
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
[ Скачать с сервера (50.5 Kb) ] 13.06.2012, 11:20

ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТА СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ОНЫ  ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

М.А. Куаналиева - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы,

Абай атындағы ҚазҰПУ,

А.А. Байсакова - «Психология» мамандығының 3-курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ

 

Суицид қазіргі кезде дүние жүзілік қауіпті өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Әсіресе, көптеген келеңсіз өмір жағдайларынан туындайды. Осыған орай,  жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың психологиялық аспектілерін зерттеудің маңыздылығы кешенді түрде психологиялық жан-жақты зерттеуді керек етеді. Олай болса, біздің қарастырып отырған мақаламызда, осы мәселе төңірегінде жасөспірім шақтағы түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға болатын  психологиялық аспектілеріне, стресс жағдайындағы психологиялық- физиологиялық ерекшлектеріне көңіл бөлу маңызды.

Қазіргі психологиялық зерттеулер тұлғалардың өмірде кездесетін мәселелерді өзін-өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын және генетикамен байланысты екенін дәлелдейді. Адамның  психологиялық факторы, мәдени деңгейі және тоны қоршаған адамдар суицидті мінез-құлық түрлерін тудыруға мүмкіндік жасайды. Адам неғұрлым әлеуметтік ортаға  жақсы бейімделсе, соғұрлым суициттік мінез-құлық деңгейі аз болады.

А.Е. Личко, К. Леонгард жасөспірім шақта суицидтті мінез-құлық типтерінің үш түрін бөліп көрсетті. Атап айтқанда, демонстративті, аффективті, шынайы [1; 38 б.].

 М. Әділбекованың   мақаласында, түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар, төмендегідей типологиялық белгілері бар адамдар тобын ұсынады:

- өзіне деген сенімсіздік;

- өзінің бағалау деңгейі төмен;

- оптимизмнің төменгі деңгейі;

- өзін кінәлауға бейім;

- өзін қорғансыз сезінеді;

- инфантилизм (дамудағы тежеу). Сонымен қатар, автордың пікірінше, олар басқалармен қарым-қатынасқа түскегенде көрінетін мінез-құлықтық белгілеріне мына топтағы адамдар қатарын жатқызады. Атап айтқанда, мінез-құлық құрылымының өзгеруі, өзіне тән емес тұйықтық және көпшілік адамдармен араласуда белсенділігінің төмендеуі; мінез-құлықтың қозуы және белсенділігінің жоғарлығы; тұлғааралық қатынастың бұзылуы, шешім қабылдауда ерік-жігерінің болмауы; қоршаған әлемге қызығушылығының болмауы.

Жасөспірімдердің мінез-акцентуациясының мінез-құлықтарындағы ауытқуларына қарамастан, бұл мәселе негізінен кленикалық, медициналық аспектіде қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты психологиялық-педагогикалық анализ қажет.

Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары  М.А. Алемаскин, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Л.М. Зюбин, И.А. Невский, В.А. Сухомлинский, В.А. Татенко, Д.И. Фельдштейн, С.Г.Шацкий және т.б. жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің  тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П.Б. Ганнушкин, М.М.Кабанов, О.В. Кербиков, В.В. Ковалев, К. Леонгард, А.Е. Личко, Ю.С. Скроцкий, Г.Е. Сухарева, Н.И. Фелинская, Г.К. Ушаков және т.б. үлкен үлес қосты.

 И.Б. Бойконың пікірінше, суицид –  адам мінез-құлқының актісі, ол- психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаю жағдайда жасалады. Суицидент адам өз өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидттік оқиға өзін-өзі өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау деп қарастырады [2; 65 б.].

А.Г. Абрумова уайымның өзін-өзі өлтірушілікпен аяқталатын суициденттердің мінез-құлық  жіктелуінің түрлерін ұсынады. Олар: суицидальды мінез-құлық – ол кез-келген ішкі және сыртқы психологиялық жағдайлардың өзін-өіз өлтіруді ойлауға бағыттайтын түрі.

Ішкі формалары – суициденттердің ойлары, беталыстары, түпкі ойы, ниеттері.

Суицидентті мінез-құлыққа қиялданып уайымдау түрткі болады, өзінің өлімі туралы айқын көз алдына елестетпейді, тек қана өмірді мойындамау ғана болады. Өмірдің мәніні бағаламауын, олардың («өмір сүрудың керегі, жоқ, тек тіршілік етудемін» деген сөздерінен байқауға болады).

Пассивті суицидентті ойлар - өліп қалсам жақсы болар еді, ұйықтап оянбай қалсам деген қиялдары өздерінің өлімі туралы емес, өздерінң өмірінің қиюының елестетіп сипаттап беруі. Бұл ойлар олардың суицидентке іштей дайын екенін көрсетеді.

Суицидальды түпкі ойлар- суицидалды әркеттің белсенді түрі, өзін -өзі жоспарын құрайды (амалын ойластырып, орны мен уақытын таңдайды).

Суицидальды ниет - өзін-өзі шешім қабылдауға және тікелей суицидальды әрекетке кірісу.

Суицидальды мінез-құлықтың сыртқы түрі- суицидальды әркет жасауды көрсетіді.

Суицидалды әрекет – тікелей өзіне -өзі қол жұмсап, бірақ өлмей қалуы.

Суицидалды ойдан  әркетке барғанға дейінгі кезең суицидтің алды деп аталады, бұл өлгісі келу алдындағы қатты күйзелістің ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше айға созылады.

 Мақсатына сәйкес суицидальды мінез-құлық нағыз және парасуицидальды болып бөлінеді. Нағыз суицидальды мінез-құлыққа мақсатына жету үшін өзіне-өзі қол жұмсаудың қастандық әркеттері жатады.

Парасуицидальдысуицид - әлеуметтенуге қарсы тұлғаларда жиі қолданылады. Бұл өткір сезімді іздеген адамдарды кездеседі.Олар сезім ояту үшін қолданылады. 

Аффективті суициальды әрекет -қатты ашуланғанда ұзақ созылған психологиялық аккумуляциясы, уақытша есінен адасуға алып келуі.

Ашықтан-ашық қоқан лоқылы суицидальды мінез-құлық. Бұл жағдайында суицидтік әркет шарты түрде болуы мүмкін. Саналы түрде өмірде қауіпті әркетер мен айла –амалдар жасалыныады деп қарастырған [1; 39-40 бб.].

Суицидтік  жағдайларда психикалық күйлер (қобалжу, бақытсыздық, рухани құлазу, қорқыныш пен мазасыздану, ұят, кек, стресс және т.б.) байқалады.  Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда  шетел және еліміздің ғалымдары  адамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде қарастыруда [3;34 б.].

Стрестің физиологиялық негізі-американдық физиолог У.Кенноның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм қызметінің қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғану жөніндегі зерттеуі [4; 65 б.]. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына күшті әсер етіп, сезімдік – эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері-қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады [5; 56 б.]. Жасыратыны жоқ қазіргі кезде адамдарға  стресогенді факторлар   әсер етуі өсу үстінде. 

Стресс сөзі көбіне адамның денсаулығына жағымсыз әсерде қабылданады.  Стресс – организмнің бейімделу реакциясы, оның психикалық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда әсері өте күшті стрессогенді  факторлар мен стресс-реакциясының жауабы  организм жүйесі мен жүйелердің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әр адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігіне байланысты бірдей оқиғалар әртүрлі және әрқалай қабылданады. Дәрігерлердің бақылауының нәтижесінде аурудың шығуы психоэмо-ционалды стрестегі  мазасызданумен өзара байланысты  деп көрсетеді  [41; 65].

Зерттеу барысында, өмірдегі оқиғаларға дәрігерлер балмен есептеу  жүргізгенде, ауруға бейімі  бар адамдар тобы анықталды. Басқа  зерттеулердің нәтижесінде тәуекелге бел буған адамдарда белгілі бір әсерге жауап беруі байқалған. Мұндай жағдайда,  тұлғаның стресс – коронарлық профилін айтуға болады. Адамның психологиялық реакциясы, оның иммундық жүйесі  мен өмірдегі маңызды жүйе реакцияларымен  тығыз байланысқан. Бұл, психоэмоционалды стресс эмоционалды мазасыздануға жауап береді. Стресті  шығару стресс  факторының аяқталуының     бастапқы іс-әрекетіне әсер етуі. Адам организміндегі стрестің биохимиялық  және физиологиялық өзгерулерін  қарастырамыз.

Канадалық  ғалым Ганс Селье: стресс – организмнің кез-келген талабына тәуелді емес – деген. Организмде  пайда болған арнайы емес белгілерге тойтарыс береді, оны Сельенің үштігі деп атады. Олар мыналар:

Бүйрек үсті безінің  ұлғаюы;

Тимус көлемінің кішіреюі (иммун жүйесі);

Асқазан мен  ішек жарасының пайда болуы.

Стресс дамуын  Г.Селье  3-ке бөлген:

1.Үрейлену

 2. Төзімділік (резистенттік)

 3. Әлсіреу 

Үрейлену деңгейі әсерінен кортизолдың иммунды  жасушалары бұзылып, иммунитет төмендейді, асқазанда, бауырда, жүрек бұлшық еті мүшелерінде қабыну процесі мен зақымдану  жүреді. Бұл кезде  организмнің өз ұлпасында ақуыздарға  қарсы антидене өңделеді,  оны аутоантидене деп аталады. Әсіресе аутоантидене саны липидтердің қышқылдана тотығу  нәтижесінде жоғары деңгейде болады, бұл кезде аутоантидене ми және көздің торлы жасушаларына қарсы түзіледі. Резистенттік кезеңінде лимфоциттер  саны көбейіп, қалыптасу процесі басталады. Егер резистенттік кезеңінде организмнің гомеостаздық күйі қалпына келмесе, әлсіреу кезеңіне өтіп, ұлпалардың жойылуы тән.

Адамдар стрессорлар әсерінен шешім таба алатынына  қабілеті мен мүмкіндігінің бейімділігіне байланысты екені сезінеді. Ондай күйде эффективті жауап беру және когнитивті реакциялардағы  жағымсыз эмоциялардан алыстату. Біз стрессорларды  қарастырғанда негізгі кілті болып  қорқыныш  табылады.  Егер ситуация қауіпті болған жағдайда, біз мынандай  эмоцияны сезінеміз, яғни адамның денесі мұздап, үрейленеді. Сонымен қатар, қорқыныш дүниені қабылдауға әсер етіп шоғырландыруға кедергі жасайды  [3; 65б.].

Стресс жағдайында суицидттік әрекетке бой алдырмау үшін алдын-алудың психологиялық алғы шарттарын атап көрсетуге болады. Суицидтік алдын-алу шараларына тоқталатын болсақ, әрбір адамның өмірге деген қызығушылығын арттыру, адамның өзімшілдік қасиетін жою, өзін-өзі бағалауды, үйрету, болашаққа оптимизмдік сенімділікті қалыптастыру, өмірдің мәнді болуы үшін шығармашылықпен айналасу, жоспар құру, қиындықтың уақытша өтпелі екенін түсіндіру қажет деп түсіндіреміз. Сонымен қатар, өзінің іштей жан күйзелісі жөнінде мүмкіндігінше жақын адамдармен немесе психологтармен ой бөлісуге болады. Олай болса, практик психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі бағыттарының бірі- психотүзетуде, психотерапиялық әдістер көмегімен, психологиялық тренингтер арқылы жандандыруға болады.

Р.Сағидулаева мақаласында  жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктеріне тоқталады. ... «Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда  өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатттарына жетеді. Суицидалды мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. А.Е Личконың көрсеткенідей тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90пайызы көмекке шақырған жанайқай. А.Е Личко, А.А Александров 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді сынақ зерттеуден өткізіп, мынандай қортындыға келген. Психикалық өзгерістердің біршама артуы байқалады, мысалы депрессия. Балалар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ түйекке мән берушілік, іш пісу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай шу, жанжал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады...» [7;31б.]. Бұл зерттеулер мен тұжырымдарға сүйене отырып,  келешекте жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың пайда болуы мен оны  зерттеудегі психологиялық маңыздылығын кешенді  зерттеуді керек етеді.

 

1. Әділбекова М. Суицидке бейім адамдардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері. // Жантану мәселелері. -№1 /2010. -37-40 бет

2. Карандашев В.Н. Как жить в условиях стресса СПб Рос.гос.пед.ун-т 1999. -354 с.

3. Колесникова Т.И. Мир человеческих проблем: Психологическая  концепция здоровья М.: Владос-ПРЕСС, 2003

4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы: Білім,1996

5. Рейковский Экспериментальная психология  эмоций  М: Прогресс 1979

6. Сағидуллаева Р. Суицидттік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері. //Мектептегі писхология- Психология в школе.- №3 (9),2007. – 30-31 бб.

 

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 4822 | Загрузок: 1083 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]