Вторник, 16.04.2024, 11:42
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Родительский клуб

Баланы тыңдатуға үйрету.
Баламен қарым-қатынас
орнатудың кейбір құпиялары.
Жігітбекова Бақыт Дастанқызы
психология ғ. кандидаты,
практик-психолог.

Күні бойы ары-бері жүгіріп, секіріп, айтқаныңды тыңдамаған балаға әдетте ата-анасы «мүлде тыңдамайды», «барлығын ашуымды келтіру үшін жасайды», «айтқаныма көнбейді» деп шағымданып жатады. Кейде тіпті «баланы туғаныңмен, мінезін тумайсың, қырсық» деген сөздерді естисің. Әрине мұндай жағдайда ата-ана алдымен сабырлық сақтап, он ойланып, жүз толғанып балаңыздың жүрегін жаралап алмайтындай, әрі балаңыздың да өзіңізге де қолайлы жолды таба білген дұрыс болар.
Кейде тіпті ересек адамның өзі бойындағы сезімін, басына түскен күйді бірден түсіне алмай жатады. Ересектердің өзі тұғырыққа тіреліп жатқанда, баладан не сұрай аласыз? Бала бойындағы қызу қанды энергияны қандайда бір жолмен сыртқа шығаруы қажет қой. Осындай сәтте бала сіздің айтқаныңызға көнбей өзінің қалағанын жасауға тырысады. Мұндайда ата-ата байбаламға бой бермей, баласымен тіл табыса алатындай бейбіт жолды іздестіруі қажет. Ал егер тығырыққа тіреліп жатсаңыз, біз ұсынған ақыл-кеңестер бір қадеңізге жарар.
Әдетте «жоқ» сөзін сирек қолданған сайын, оны айтқан сәтте өтімдірек болады. Баласымен серуенге шыққан ата-ананың «қатты жүгірме- құлайсың», «күшік-мысыққа жолама бірнәрсесі жұғар», «шалшық суды баспа» деп мәре-сәре болып жатқан күйін байқаған боларсыз. Сонда не істеуге болады, екі-үш жасар баланы «ананы болмайды, мынаны болмайды» мен ұстап көріңізші! Бұл мүлде мүмкін емес! Егер мұндай тыйым салулар үйде де болса, бала қанша қаласа да бұл шектеуге бағына қоймас. Нәтижесінде балаңыз тіл алмайтын болады. Бұдан шығар жолдың бірі, ата-ана «болмайды» деген тыйымдардың нақты 10-н таңдасын. Оны балаға түсінікті тілмен анық жеткізіңіз. Мұндай өзіндік «қағиданы» бұзған үшін жазаның түрінде бірге таңдаңыз және сезімге беріліп кетпей сол қағиданы ұстануға тырысыңыз. Әрине көптеген шектеулердің арасынан таңдау жасау оңай болмас, уақыт өте олардың қатарынан өмір және қарым-қатынас үшін кадеге жарары қалатын болады. Мысалы, «бейтаныс адаммен кетуге болмайды», «бірден жұдырықтаса кетуге болмайды» деген сияқты.
Ата-ананың талабы баланың мүмкіндігіне, оның түсінігіне сәйкес болуы керек. Айтқаныңа құлақ салар деген төрт жасар баланың өзі бір сағат бойы тыныш отыра алмайды, сондықтанда ұзақ сонар кезекте тұрған сәтте жаныңызда балаңыз болса, оның назарын аударар кітаптарын, ойыншықтарын ала жүріңіз. Әрі өзіңіздің талаптарыңызды ойын түрінде беруге тырысыңыз. Бала 10-айынан бастап қарапайым нұсқауларды түсіне бастайды, бірақ оның жады әлі де болса әлсіздеу. Ол игерген ережені ұзаққа ұстана алмайды. Әрі бала - қызуқанды, тежеусіз, күшті. Бәрін білсем деген құмарлық оны алға жетелейді, ал әлсіз дамыған ерік-жігер тыйым салуларды ұстануға мүмкіндік бермейді. Сондықтанда мектепке дейінгі жастағы балаға нені болады, ал нені болмайтындығын үнемі есіне салып отыруы керек.
Балаңыз сіздің талаптарыңызды тыңдап, бағынуы, ол талаптарыңыз оның өмірлік ұстанымына айналуы үшін, бала алдымен сіздің талаптарыңыздың мәнін түсіну қажет. Осыған сәйкес қарапайым түсініктеме беру керек. Балаға «ыстық пешті ұстама» деп айту жеткіліксіз, ең дұрысы: «пештің жанына жақындама, ол өте ыстық, күйіп қалуың мүмкін» деп айтқан жөн болар. Айғай-шуға салып, ойынға кіріскен балаңызға тыныштықта адамдарға ойлау, есте сақтау, бір-бірімен тілдесу жеңілдірек болады екендігін түсіндіріңіз. Әрі ережені түсіндіруде «болмайды» дегенге көп бой бермей, әр нәрсені қолайлы, жақсы, оңтайлы жағынан түсіндіруге тырысыңыз.
Әр балаға нақты бір шектеулер қажет екендігі белгілі. Балалық кезеңде сәби «жақсы» және «жаман» түсінігін, өмірдегі қағидаларды өзіне маңызды ретінде меңгере білуі қажет. Дегенменде белгілі бір ережелерді орындауды талап ету қиынырақ, өз балаңа «болмайды» деп айтуға қиналамыз- көбіне баламыздың жүрегін жаралап аламыз ба деп ойлаймыз. Ересек адамдар көп жағдайда әділетті бола бермейді: шешім қабылдар кезде біздер, ересектер бір нәрсені қате жасап қоямыз ба деп, мың ойланып, жүз толғансақта, тәуекелге бел буамыз. Кейде ата-аналар балаларының арасына түскенде анық-қанығына зер салмай, біреуін жақтап жатады. Сондықтанда барлығын ой таразысынан өткізіп алыңыз, бәрін бірден шорт кеспеңіз. Өзіңізді ұстау тактикасын анықтап алған кезде, өз-өзіңізге сенімді түрде, балаңыздан талап еткеніңіздің жүзеге асыруына қол жеткізіңіз. Балалар ата-анасының бойындағы өз-өзіне деген сенімсіздікті, күдіктенуді, жалғандықты бірден сезіп қояды. Мұндай жағдайда бала өзінің дегеніне қол жеткізбей қоймайды. Бұл кезде баланың дегеніне көне кету оның келесі жолы сіздің беріктілігіңізді тағы да бір сынауына әкелуі мүмкін. Сондықтанда балаңыздың өтінішіне нақты түрде «жоқ» деп айтқан кезде, қатаң мінез танытыңыз.
Сіз бір нәрсені талап еткенде немесе тыйым салған кезде, баланың бір жаста ма, екі де әлде үште екендігі маңызды емес. Талап етер кезде балаңызды өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз да көзіне тіке қараңыз, бұл әрекет сіздің сөзіңізге басымдылық береді. Егерде сіз тіке қарамасаңыз, сізді ешкім тыңдап отырған жоқ. Сіз сөйлегенде біреулер жанарын басқа нәрсеге қадап отырса, әңгімеңіздің қаншалықты өтімді боларын ойлап көріңізші! Біраз уақыттан соң қарсы отырған адам сізге мүлде құлақ аспай отырғанын ұғасыз. Ал баланың көз жанарын өзіңізге аудару арқылы сіз балаңызға сіздің сөздеріңізге назар аударуына көмектесесіз. Сондықтанда басқа бөлмеде отырып, «аяқ киіміңді шеш» деп айғалағанмен ештеңеге қол жеткізе алмайсыз, өйткені бала сіздің естіп тұрмағандай түр танытуы мүмкін.
Бала айтқанға мүлде көнбей бара жатса, беске дейін немесе онға дейін санаймын деп уақыт беріңіз. Егерде онға дейін санаған уақытта балаңыз құлақ салмаса, онда қандайда бір жаза қолданыңыз. Бұл тәсілді 2-жастан асқан балаларға қолдану тиімдірек.
Бұғанда көндей бара жатса, оны бір сәт жалғыз өзін қалдыру дұрыс шешім болмақ. Барлығымызға байырдан белгілі тәсіл бұрышқа тұрғызу немесе бос бөлмеге қамау амалын қолданыңыз. Бұл бала үшін салмақты жаза болмақ, өйткені бұрышта тұрғаннан жалықтыратын жағдай жоқ шығар. Әрі баланың уақыты ересектерге қарағанда мүлде басқа ағымда: бала 10 минут жалықтыратын іспен айналысқанда, бірнеше сағаттар өткендей сезімде болады. Әрі мұндай жаза қолдану кезінде айғайға баспай, жәй дауыспен «Сен ашулысың, ашуың тарқағанша осы жерде бола тұр» немесе «5-минут орындыққа отыр, саябырлан» деп айтыңыз. Әрі оқшаулау уақыты баланың жасына байланысты болуы керек, әр жылға бір минуттан, үш жасар балаға 3-минут, 5-жасар балаға-5 минут. Егерде бұл уақыт талабын ұстанбасаңыз, қолданған амалыңыздың еш пайдасы болмайды. Баланы сарайшыққа, шошалаға немесе қараңғы бір бөлмеге қамауға болмайды, бұлай жасасаңыз балаңыздың бойында үрей пайда болуы мүмкін. Ең бастысы бұрышқа тұрғызу кезінде баланың «енді бұлай жасамаймын» дегеніне көне кетпеу қажет, сондықтанда жаза уақыты өткенге дейін баламен еш келіссөздерге бармаған жөн. Баланың не үшін жазалағанғаны жайлы түсінгендігін одан кейін анықтаңыз.
Әрине тыйым салулар мен шектеулерді асыра қолдануға да болмайды. Қатаң талаптар ең алдымен өмірдің маңызды қырына қатысты болуы тиіс. Аса маңызды емес талаптарда балаңыздың өзіне таңдау жасау мүмкіндігін беріңіз. Ең алдымен баланың пікірімен, қалауымен санасқан дұрыс.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін белгілі бір қалыптылық қажет. Сондықтанда сауатты тәрбиеші әр уақытта қалыптасқан тәртіпті ұстанады. Мысалы, алдымен үстел үстіндегі ойындар, одан соң қозғалмалы ойындар, оның соңы ертегі оқу сияқты. Ата-аналар кейде бұл баланы жалықтырмайды ма деп жатады. Мүлде керісінше. Заман талабына сәйкес ересектер күнделікті күйбелең тірлікпен анағанда да мынаған да үлгеріп қалуымыз қажет деп, бала үшін қалыптылық және біркелкілік қажет екендігіне мән бере бермейді. Бірқалыптылық балаға өмірлік сүйеніш береді, абыржуды және күйгелектіліктілікті бала бойынан адалайды. Егерде ересек адамды өмірдегі күтпеген жағдайлар қызықтыра түссе, баланы керісінше жалықтырады, шатастырады, жаңылыстырады. Күндізгі қалыптылық бала үшін күн тәртібімен сипатталады. Бала күні бойы не істеу қажеттігін, әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін біліп отырса, ол өзіне қызықты ойынды қоя тұрып, ұйықтау немесе түскі асын ішу қажеттілігін жеңіл қабылдайды. Бала уақытпен санасуға үйренеді, ол егерде дастархан басында тым ұзақ отырмаса, ойын алаңына да үлгеретіндігін түсінеді. Әрине өз балаңызға қажетті күн тәртібін таңдау және оны әдетке айналдыруға тырысу керек.
Балаңызды әрбір жақсы әрекеті үшін мадақтап отырыңыз, тіпті өзін жақсы ұстауға талпынғанының өзіне жылы сөзіңізді аямаңыз. Сол кезде балаңыз сіздің жүзіңіздегі қуанышты тағы да көру үшін тіл алғыш, елгезек болуға ұмтылады. Ең бастысы, сіз тәртіп сақшысы емес, бауыр еті баласын аялаған ата-ана екеніңізді ұмытпаңыз. Мәселелік жағдайлардың өзіндік шешімдерін іздеңіз. Балаңызға жақын болуға, уақыттың басым бөлігін бірге өткізуге ұмтылыңыз-мүмкін бұл кезде тыйымдар мен талаптардың аса қажеттілігі де болмас, ал талас тудырған сұрақтар бойынша балаңызбен тіл табыса алу мүмкіндігі туындар. Бала ғой, бала деп- елемей жүріп, кішкентайыңыздың көңіліне кірбелең түсіріп алмаңыз. Балаңыздың жеке тұлға екендігін, оның өз әлемі, өз қалаулары бар екендігін ұмытпаңыз. Ал ол әлемнің есігін тек ғана түсінушілік пен сабырлық кілті арқылы ашуға болады.
Бала тәрбиесінде қолдануға жатпайтын амалдар:
- Агрессияға агрессиямен жауап беруге болмайды. Егерде бала сізді ұруға, тістеп алуға немесе шымшып алуға тырысса, сіз тіпті ауырсынып қалғаныңыздың көрсетуге тырысу әрекетімен оның жасағанын қайталауға тырыспаңыз. Баланы ұрудың да тиімділігі аз. Бұл амал баланы шындық әруақытта күштінің жағында деген ойға жетелейді. Айғай басып, ұрысуда агрессивтік мінез-құлықтың бір түрі. Үнемі дауыс көтеріп сөйлесетін жанұяда ешкім бір-бірін тыңдамайды. Уақыт өте балалар ата-анасының айғайға басуына бой үйретіп алады, бұл олар үшін кейде тіпті ойынға айналып кетеді.
- Баласы тыңдамай бара жатса, ата-аналар көбіне, «жалмауыз кемпір», «Томарбай деген көке келеді» деп қорқытып жатады. Бұның да пайдасы шамалы. Біраз уақыт өткен соң жалмауыз кемпірдің келмейтіндігіне, Томарбай деген көке құлақты кеспейтіндігіне көз жеткізген баланы бұл амалмен бағындыра алмайсыз. Ал осы әрекеттің салдарынан бастапқыда пайда болған үрей сезімі бала бойында қалып қалуы әбден мүмкін.
- Жүзеге асыра алмайтын байбаламды қолданбаңыз. Мысалы сіз балаңызға «мен енді сенімен ешқашан сөйлеспеймін». «сені жақсы көрмеймін» деп айтпаңыз. Өзіңізде баланың кінәлілік сезімін пайдаңызға қолданбаңыз.
- Тіл алғаның үшін сыйлық беремін деп сөз бермеңіз. Бұның соңы қандай болатындығы белгілі ғой....
- Әкесінің, әжесінің әрекетін балаңыздың көзінше жақындарыңызбен әңгіме қылмаңыз. Олардың бала тәрбиесі әдісімен келіспесеңіз де, баланың көзінде оны сөз қылмаңыз.
- Бұрынғы реніштері мен әрекеттерін қайта-қайта есіне сала бермеңіз. «жазаланды-кешірдік-ұмытылды» деген қағиданы ұстаныңыз.
- Кемсітуге болмайды, мысалы «боқмұрын құсап жылай бересің» дегендей, мазақ қылу әрекеттері жеке тұлғаны, жеке басын қадірлеу қасиетін жояды.
- Баланы жазалау міндетін бір адамға атап айтсақ, әкесіне жүктеуге болмайды, мысалы қазір әкең келеді, сол саған көрсетеді» деп – басқа адамның есебінен өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге тырысуға болмайды.
Категория: Родительский клуб | Добавил: Баха (22.11.2011)
Просмотров: 5160 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]