Вторник, 23.04.2024, 12:44
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей

Жаттығулар
Бұл жатттығуды мектеп психологтарының іс-тәжірибесінде қолдануға болады.
Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар

1- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қане, мынау (жаттықтырушы допты көрсетеді) – апельсин деп елестетейік. Қазір біз бұны бір-бірімізге, лақтырамыз, әрі лақтырар кезде сіз қандай апельсин лақтырғаныңызды айтасыз. Мұқият болайық: апельсиннің жеке қасиеттері мен сапасын атар кезде қайталауларға тап болып жүрмейік және жұмысқа барлығымыз қатысуға тырысайық».
Жаттықтырушы қиялдағы апелсиннің кез-келген сипаттамасын атап, мысалы «тәтті», жұмысты бастайды. Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы қатысушыларды өзінің пікірін позитивті көзқараста құрастырыра отырып, қарқынды жұмысқа араласуға тартады, мысалы, «Қанекей, жылдам жұмыс істеуге тырысайық».
Сондай-ақ жаттықтырушы топтың назарын басқа мазмұнды көзқарасқа көшкен кездегі сәттерге аударады. Мысалы, «сары», «қызғылт-сары» деген сипаттамалар айтылады, ал келесі бір қатысушы «Кубалық» деп айтады. Мұндай жағдайда жаттықтырушы: «жаңа сала пайда болды - өндіруші-ел» - деп айтуына болады.
Жаттығу ойлаудың үстіртігін, жадынан ақпаратты ала алу жылдамдығын, сондай-ақ жаңа мазмұнды салаға саналы түрде ауысу қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

2- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір бір-бірімізге доп лақтырамыз, әрі доп лақтырған кезде- қандай да бір түсті атаймыз, ал допты тосып алған кезде – осы түстес нысананы атаймыз. Мұқият болайық және аталған түстер мен нысаналарды қайталамаймыз және әрқайысымыздың жұмысқа қатысуына мүмкіндік берейік».
Нұсқаулықта зат деген сөздің орнына «нысана» деген сөзін пайдалану ассоциациялар тудыру үшін көбірек мүмкіндік беруіне байланысты. Кейде топта нысана түсінігінде нені түсінуге болады деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда, жаттықтырушы әрқайысысына сәйкес келетін кез-келген түсінікті сақтауға болатындығы мүмкіндігін хабарлайды.

3- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «қазір біз бір-бірімізге мына допты лақтырамыз. Допты лақтыратын адам: «ауа», «жер» немесе «су» деген үш сөздің бірін айтады, допты тосып алған адам , егер «ауа» сөзі айтылса – құстың атын, екінші жағдайда («жер») – аңның атын, ал егерде «су» сөзі айтылған болса- балықтың атын атайды. Мүмкіндігінше, жылдамырақ қимылдау қажет».
Жұмыстың барысында, жаттықтырушы топ мүшелерін қарқындылықты арттыруға жетелейді.
Жаттығу ойлау үстіртігін дамытуға бағытталған.
4- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз барлығымыз ауыр күш салатын жұмыспен шұғылданамыз- жүк кемесінен жүк түсіреміз. Оны біз келесі жолмен жүзеге асырамыз: мен жүк кемесіне тиеуге болатын қандай да бір затты белгілейтін қазақ алфавитінің бір әріпін және бір сөз атаймын және кез-келгеніңізге допты лақтырамын. Ал ол өз кезегінде, сол әріптен бсталатын қандай да бір затты атайды да, допты келесі адамға лақтырады. Жүк тиеу үздіксіз болу үшін және қатысушылардың барлығының араласа алуы үшін жылдамырақ қимылдауымыз қажет. Кей-кезде біз әріпті ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар, біздің біршама шектеулеріміз болады: жүк кемесіне онда тасуға болатын астероидтар, айсбергтер және гуманисті болу үшін оған мысалы, аборигендерді, еліктерді тиемеуіміз қажет. талас тудыратын жағдайдың сарапшысы мен боламын».
Аталмыш жаттығу креативтіліктің екі сипаттамасын – ойлау үстіртігін (жадынан ақпаратты алу жылдамдығы арқылы) және бірмезгілдегі әрекет уақыт тапшылығы және айналадағылардың бағалауы жағдайында өз-өзін ұстауын дамытуға бағытталған. Жаттығу барысында мерзімді түрде қатысушылардың бірі «тиеуге» арналған кезекті затты тауып үлгере алмауына байланысты үзілістер орын алады. Топ мүшелері бұған әр түрлі себептер айтады: «менің ойыма ештеңе келмей тұр», «мен, айтайын деген сөзді айтып қойды», «мен былай жылдам ойлап үлгере алмаймын» деген сияқты. Үзіліс кезінде жаттықтырушы жүк кемесіне тиейтін заттары бар қатысушылардың қолдарын көтеруін немесе тиеуге арналған үш затты атауын өтінуіне болады. Жаттықтырушы міндетті түрде жаттығуға қатысады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз «тиеудің» қандай тәсілдерін қолдандыңыз?», «Тапсырманы орындауда не қиындық тудырды, кедергі жасады?» - деген сұрақтарды қояды. Талқылау барысында, әдетте, топ кедергілер ойына, міндетті түрде өз-өзін ұстай білуді дамыту қажеттігіне назар аударып, бірқатар заттарды дайындап алуымен және оларды алмастыратын заттар қатарымен (конфет, карамель, кекс, өрік, казинактар) байланысты бейнелі ұйымдастырылған түрлерінің (әріпке қатысты сөздер келтірілген сөздік немесе энциклопедияның парақтарын ұсыну немесе әр алуан әріптерден басталатын заттарды кездестіруге болатын канцеляриялық дүкеннің сөрелерін елестету) нақты амалдарын ұсынады.

5- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Олардың қолдарында парақ және қалам.
Нұсқаулық: «Мен сіздерге қазір ұсынатын тапсырманы жазбаша орындау қажет. парақтың жоғарғы жағына Н Ө Ә С төрт әріпін жазыңыздар. Менің белгім бойынша жұмысты бастаймыз; мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрауымыз қажет, әрі сіз жазған әрбір сөйлемнің бірінші сөзі Н әріпінен, екіншісі - Ө , үшіншісі – Ә, төртіншісі – С әріпіненен басталуы қажет. Мысалы:Назым Өте Әдемі Сөйлейді. Тапсырманы орындау үшін сіздердің үш минут уақыттарыңыз бар. Бастадық».
Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрбір қатысушыға кезекпен қанша сөйлем жазғанын айтуын өтінеді, одан соң әрқайысына жазған сөйлемдерінің кез-келген бірін өз қалауы бойынша оқып беруін ұсынады. Ол сөйлем қатысушының ойынша ең сәтті құрылған сөйлемі болуы мүмкін. Жұмыстың нәтижесімен таныстыру барысында қатысушылар сөйлем құрау барысында қолданылмаған стилдік, мазмұндық және басқа мүмкіндіктерді анықтайды, бұл олардың себебін күшейтеді және келесі жұмыстардың нәтижесіне оң әсер тигізеді.
Жаттықтырушы сөйлем құрауды тағы үш минутқа созуды ұсынады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, әр қатысушы тағы да өзі қанша сөйлем құрай алғандығын жеткізеді және өз таңдауы бойынша біреуін оқып береді.
Одан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Енді әрқайысымыз біздің тобымыз туралы әңгіме құрастырады. Бұл әңіме құралатын сөйлемдердің қатары кез-келген болуы мүмкін бірақ сөздер НӨӘСНӨӘСНӨӘС әріптерінене басталуы қажет және т.с.с. Әрі тыныс белгілерін кез-келген жерден қоюға болады. Бұл тапсырманы орындау үшін біздің бес минут уақытымыз болады». (Әңгіменің тақырыбын бермей-ақ қоюға да болады).
Жұмыс аяқталғаннан кейін, әр қатысушы өзінің әңгімесін оқиды. әңгіменің мазмұны талқыланбайды, бағаланбайды, коментарий берілмейді.
Жаттығу ойлаудың нақтылығын және үстірттілігін, икемділігін дамытуға бағытталған.

6- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір әрқайсымыз кезекпен өзі отырған орындығын алып, ортаға шығады да, кезекпен шеңбердің бойында отырғандарға қарама-қарсы отырып, оларға күтпеген сұрақтар қояды. Сұрақ қойғаннан кейін оның жауабын күтеді».
Өзгерту мүмкіндігі бар: шеңбер бойында қалған әрбір қатысушыға қарма-қарсы отырушы, оған қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жаттығу ойлау ерекшелігін, икемділігін, нақтылығын дамытуға бағытталған Әдетте, көңілді өтеді, топтың көңіл-күйін белгілі дәрежеде көтереді.

7- жаттығу
Топ мүшелері өз қалаулары бойынша біріккен жұпта жұмыс істейді. Әр қатысушының қолында қалам мен парақ бар.
Нұсқаулық: «жаттығу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен әрқайысымыз өз бетімізбен темекі тартудың пайдасына қатысты дәйектерді көбірек жазуға тырысады. Бұған сіздердің үш минут уақыттарыңыз болады».
Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрқайсысына қанша дәйек жаза алғаны туралы айтуды өтінеді. Бұл ақпарт талқыланбайды және жаттықтырушы коментарий жасамайды. Егер топта көп немесе аз дәйектер жазылғандығы туралы сұрақтар туындаса, бағалаулар немесе өзіндік баға беру (ой, ал менде мүлде аз» деген сияқты) айтылатын болады, ал жаттықтырушы еш әрекет білдірмейді, талқылауға қолдау көрсетпейді.
Нұсқаулықтың жалғасы: «Енді сіздердің бір-біріңізбен құрастырылған дәйектермен бөлісуге уақыттарыңыз болады, әрі бұл кезде сіздің серігіңізде бар, бірақ сізде жоқ және сіз үшін ерекше және өзгерек болып көрінген 1-2 дәйекті есіңізде сақтаңыз».
Барлығы жұмысты аяқтаған соң, 5-7 минуттан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Қазір сіздің темекі тартуға қарсы көбірек дәйектерді өз еркімен жазу үшін үш минуттық уақыттарыңыз болады».
Одан кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижесімен, алдыңғы кезеңдегі жолмен бөліседі.
Талқылаудың жалғасы ортақ шеңберде жүзеге асады.
Жаттықтырушы: «қазір әрқайсымыз сіздің әріптесіңіз ұсынған темекі тартуды «қолдайтын» және «қарсы» дәйектерінің қайысысы сізге ерекше ұнады және сіздің ойыңызша ерекше, өзгеше болып келетіндігін атаңыз».
Жұмыс барысында әрқайысының жеке нақты мәселеге (аталмыш жағдайда, темекі тарту туралы) қатысты көрінісі белгілі деңгейде кеңейе түседі. Жұмыстың заңды нәтижесібұған дейін қалыптасқан көріністердегі шектеуді жеңу болып табылады, бұл оң эмоциялардың пайда болуымен қабаттасады. Мәселені көрудің біртіндеп кеңейе түсуі (өзіндік дәйектерді құрастыру және сезіну, әріптесінің дәйектерінде жаңаны аңғару, басқа жұптардың дәйектерінде жаңаны байқау) мәселенің болжамдық көрінісінің шексіздік ойын сезінуге көмектеседі, қатысушыларды әр алуан тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді.

8- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «қазір біз болжамдық ойлаумен жұмыс істеуге назар аударамыз. Келесі жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз. Сіз үйіңізге қайтып келесіз (немесе өз жұмыстарыңыз бойынша бір жаққа кетіп барасыз), алдыңыздан ағашқа пышақ қадап уақыт өткізіп тұрған бір топ жасөспірім кездесті. Сіз жасөпірімдердің пышақ қадаумен айналысуын тастап, басқа пайдалы іспен шұғылдануына жетелейтін өз әрекетіңіздің бірнеше түрін ойлап табуыңыз қажет. Ойыңызда пайда болған әрекет түрлерін жазып отыру қажет».
Категория: Разработки и статьи учителей | Добавил: Баха (21.11.2011)
Просмотров: 5351 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Бакытгул  
Көп-көп рахмет! Өте жақсы материал.

1 Алтын  
Үлкен рахмет жұмысынызға.Қазақша материал ьабу киынға соғады кейде!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]