Вторник, 23.04.2024, 11:19
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
 
Қойшыбаева Н.И. – п.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
 
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», - деп көрсеткен.
Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп көрсетілуіне орай, халықтық педагогикасының элементтерін мектепте оқытудың, баланың бойына ұлттық сананы сіңірудің маңызына ерекше көңіл аударылғанын байқауға болады.
Бұл талаптарды жүзеге асыру бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің ең алғашқы сатысы бастауыш мектепте оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыра бастағанның маңызы өте зор. Әсіресе, болашақ қоғам мүшелерінің нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп, нәтижелі қызмет етуіне математикалық білімнің жасайтын ықпалының молдығына кейінгі кезде аса көңіл бөлініп жатқаны көпшілікке мәлім.
Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандарттарында жалпы білім беретін мектептерде оқытудың мақсаты – жеткіншек жасындағы балаларды оқыту барысында оқушылардың алған білімі жоғарғы сыныптарда оқытудың тірегі болатындай шығармашылықпен, өз бетінше ойлай білетін оқушыларды тәрбиелеу екендігі айтылған. Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды күнделікті сабақ тақырыптарына сай іріктеп, тиімді және ұтымды әрі оқу мотивациасының мәнін арттырады.
Сондықтан, білім беру жүйесінің негізгі бағыттарның бірі - оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықты, құштарлықты дамыту, соның ішінде жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының белгілі бір пәнге қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Бұл бағдарлама өзінің көкей тестілігімен ерекшелініп, қазақтың халық психологиясы мен педагогикасындағы идеялармен үндестік тауып жататындығымен де құнды [1].
Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың барысында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты беру не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында да пайдаланылады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп мазмұнын байыта түседі, балалардың қиалдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.
Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Оқу үрдісінде ойын әрекетінің негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу жаттығу ойындары. Жеке тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтандырады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылғар оқушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады. Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.
Оқытудың ойын формасын қолдануды екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров тағы басқалар.
«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек», - деп жазады Ж.Аймауытов.
Жеткіншек жасындағы балаларды оқытуда ұлттық ойындарды қолданудағы психологиялық ғылыми ой-пікірдің қалыптасуының бұлақ-бастауларының бірі – халық педагогикасы мен психологиялық идеялары болып табылады.
Олар: Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі: ертегі, аңыз әңгімелер, ойын өлеңдері (санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ), мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жыр-термелер, айтыс-өлеңдер, эпостар, дастан-толғаулардың мазмұнына тереңірек үңілсек, ерте заманнан-ақ жас баланың ақыл-ойын дамытуда, қарапайым ұғымдарды қалыптастыруда, оның ерекше орын алатындығын айқын көруге болады. Бабаларымыздың даналық ойлары, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері терең пайымдаулары балаларды тәрбиелеудің, олардың психологиялық дұрыс дамуын сондай-ақ, білімнің қажеттігін насихаттауда да кең орын алған. «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды», - деген мәтел осының дәлелі сияқты [2].
Халық ойындарын – пән сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Сыныпта берілген білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын пайдаланудың дұрыс әдіс – тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да құралдары мен астаса отырып, бұл олқылықтың орынын толтырады.
Пәннен сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің белгілі әдіскер маманы Қ. Қаңлыбаев оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың да көздейтінін көрсетеді. М.Н. Перова, Ә. Табылдиев, Ж. Қалбеков, Б. Қосболова, П.Б. Горшенко, Б. Асанов, Б. Төтенаев т.б. пәнінен сабақ өткізу кезінде өз бетінше жұмыс ұйымдастыруды және өткізуде тұлғаның белсенділігінің қалыптасуы қарастырылады.
Халық ауыз әдебиетінің қағидасына сүйенетін болсақ, онда қазақ балаларын жас ерекшелігіне қарай: «бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он төртке дейін жас өспірім, он бестен жиырма беске дейін жігіт», - деп төрт топқа бөлінеді.
Қазақ халқының фольклорын ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Я. Диваев өзінің «Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны» - деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі ролін маңызын айта кетіп, сол кездегі қалыптасқан әдеп – ғұрып жас ерекшелігіне қарай, балаларды негізінен үш топқа бөледі:
1. 1-жастан жетіге дейін нәресте;
2. 7-жастан он беске дейін боз бала;
3. 15-жастан отызға дейінгі жігіт [3].
Осы дәстүрлі қағиданың негізіне сүйене отырып біздерде ұлт ойындарын бес топқа бөліп қарастырдық:
1)  Туылған бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі;
2)  1–ден 3–жасқа дейінгі кезең – бөбектер жасы;
3)  3–тен 7–ге дейінгі сәби жасынжағы баланың ұлттық ойыны;
4)  8–ден 11–жасқа дейінгі періште жасы;
5)  12–жастан 16–жасқа дейінгі жас өспірім шақ.
Бала өзінің қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірбие жинайды. «Адам ата – анадан туғанда есті болмады: Естіп, көріп, ұстап, тартып, ескіре дүниедегі жақсы жаманды, таниды дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болған адам білімді болады » - деді ұлы ақын Абай Құнанбаев.
1) Осыған орай бірінші топқа туылғаннан бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «бесік жыры» жырлары жатады.
«Баланы жастан» - дегендей нәресте дүниеге келгеннен бастап тәрбиеге алынады. «Бесік жырында» ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен нәрестенің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан - жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағымен нұр сәулесінен қуат алғандай әсерленеді.
2) 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең бөбектер жасы.Бөбектер жасындағы ойындарға келер болсақ. Бұл кезең баланың тілі шығып, денесі нығайып ойнай бастау кезеңі. Бұл бөбектер жасында «саусақ санау» ойынын ойнатады.
Қазақ халқында кең тараған саусақтың атаулары бар: бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ аттары балалар тілінде ұғымды да жеңіл айтылуы үшін басқаша айтылады: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылбыр шүмек, кішкентай бөбек.
3) 3-тен 7 жастағы сәби жас кезеңіне арналған ұлттық ойындар көп.
Халық өмірін ой арманға меңзейтін шытырман оқиғалы ғажайып қиялы әңгімелер тіл дамыту, ой өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту, тілінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, балалар ертегілері, балалар ойынын ойын-сауық жоралғыларын туғызды. Балалардың тілін, ақыл-ойын дамытып, денесін шынықтыратын ойындарды топтастыруымызға болады.
Олар жаңылтпаштар, жұмбақтар, өтірік ойын өлеңдері, ертегілер, ақтерек-көктерек, айгөлек т.б. халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге шығарған. Бала тілінде көбінесе «е» дыбысы, «и» дыбысы, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе тілдің алдыңғы дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш көптеген сәбилерге қиын сияқты болып көрінеді. Сондықтан жаңылтпаштарды көбінесе, сол «р» дыбысы мен «л» дыбысымен қатар айтуға құрылған [4].
4) 12-16 жас аралығындағы балалар ойыны.
Тапшы кімнің дауысы? Ойын алдында, спорт залында өтеді. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойыншыларының санына шек қойылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатар шығып оның көзін байлайды.
Ойын ережесі: осы кезде барлық ойыншылар хормен:
Секір-секір деген кім,
Білгіш болсаң таба қой,
Тауып ал да өзің кеп,
Сол орынға тұра қой,
Деп өлеңдетіп шеңберді айнала қозғалып тұрады. Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы белгіленген оқушы «секір-секір» дейді. Айтылып болған соң, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын басқарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса өзінің көзін қайта байлайды. Осылайша ойын жалғаса береді.
Бұл ойын балада есте сақтау қабілетін және дыбыстарды ажырата білу қабілетін ашады.
Ұлттық ойындардың психалогиалық-педагогикалық мәніне тоқталатын болсақ «Кедеймін деп қысылма, өнерің болса бойыңда», «Өнерлінің өрісі кең» деген халық даналықтары өте дәл айтылған. Бүгінгі қазақ жастары қандай өнерді таңдап алып,соған деген мүмкіншілігі мол. Спортта өнер ретінде қарастырылады. Бірі-күштің толысуына әсер етсе, екіншісі жылдамдықты, үшіншісі-тапқырлықты, төртіншісі-адами қасиеттерді қалыптастырады [5].
Қазақ халқының әдет ғұрыптары негізінде дамыған алуан түрлі ұлттық ойындары көшпелі өмірге, дала табиғатына сай дами береді. Әр түрлі өнер белгілі бір жүйеленген ортада көріне алатындықтан, халық ойындары болғаны да даусыз.
Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін, адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы ретінде пайдалана аламыз. Әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулардың ішінде ойынның арттықшылығы, оның ерекше тартымдылығынан балалардың күшін жұмылдыратын, қуанышпен қанағат сезіміне бөлейтін әсерлігінен, ірі бұлшықеттерінің (жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін қозғыштық қызметін, қимылдың қарқынымен күш-қуатын балалардың өздерінің реттей білу мүмкіншілігінен, жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық т.б. психологиалық қасиеттерді дамытуынан деуге болады.
Қимыл қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппараттарына дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі.
Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.
Әдебиеттер:
1         Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. – А.: Мектеп, 1989. - 259 б.
2         Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. – А.: Мектеп, 1988. – 128 б.
3         Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д.P., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. - А.: Білім, 1998. - 206 б.
4         Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -А.: Рауан, 1991. - 189 б.
5         Елубаев С, Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. // Бастауыш мектеп. – 1998. - 6. – Б. 17.
 

 

Категория: Разработки и статьи учителей | Добавил: aika17125964 (18.12.2013)
Просмотров: 6615 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]