Пятница, 29.03.2024, 14:21
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Категории раздела
Разработки и статьи учителей [55]
Материалы кафедры [6]
Материалы кафедры общей и прикладной психологии КазНПУ им. Абая
В помощь школьному психологу [46]
Родительский клуб [20]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе» [0]
Конкурс на тему «Межнациональная толерантность в современной казахстанской школе»
Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Статьи » Разработки и статьи учителей

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ОЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДАНУЫНАН ТӘУЕЛДІЛІГІ

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ОЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДАНУЫНАН ТӘУЕЛДІЛІГІ

 

М.А.Асылханова - психол.ғ.к., жалпы және қолданбалы психология

 кафедрасының профессоры

 

Соңғы жылдары мазасыздану мен суицид мәселесі қоғамда кеңінен етек алып бара жатқандығы кімді де болса ойландырмай қоймайды. Себебі адамзат өміріне ғылыми техникалық прогреспен тек қуанышты жаңалықтар, жаңа ашылымдар, жетістіктер ғана емес, адам өмірінің барлық саласына қиындықтар, күрделі мәселелер, стрестік жағдайлар да қатар енді. Соның нәтижесінде соңғы он жылдықта жасөспірімдер арасында да психологиялық деңгейде мазасыздану күштену, тынымсыздану, уайым, сәтсіздіктер мен жағымсыз жағдайларды сезінуі балалардың орынсыз қиналуы ата-анаға не үшін қиналып жүргенін айтпауы көптеп кездесуде. Балалардың өміріндегі күрделі мәселелерін өз беттерінше шешуге дайын еместігі психикалық стресс алуы, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасында психикалық күш жұмсауды туғызды. Бұл отбасындағы барлық бала психикасына да әсер етпей қойған жоқ, әсіресе жеткіншек жастағы балалардың орынсыз мазасыздануына әкелді. Дамудың әр түрлі кезеңіндегі мазасыздану, жасөспірім жастағы жеткіншектердің эмоциялық сферасының даму заңдылықтарын түсіну үшін де маңызды. Көптеген психологтар мен практик психологтардың зерттеулерінде жеткіншектердегі психикалық қиыншылықтары мен даму барысындағы жағымсыз ерекшеліктердің негізгі себептерінің бірі мазасыздық туралы көптеген ғалымдардың пікірлері мен теориялық тұжырымдамалары белгілі. Жасөспірім жастағы жеткіншектердің көптеген психикалық қиыншылықтары мен дамудағы бұзылыстардың мазасыздану феноменінің теориялық негізін қалағандардың бірі З. Фрейд болоның көзқарасы бойынша мазасыздану бұл қорғану процесін туғызатын және неврозға жеткізетін негізгі фактор екенін айта келіп, мазасызданудың негізгі белгілермен сипатталатынын айтты.

З.Фрейдтің әр кезеңдегі жасөспірімдер мен жеткіншектер үшін  мазасызданудың себептері және мазасызданудың инфантильді формасында тежеліп қалуы туралы көзқарастары мен пікірлерін басқа да ғалымдар қолдады. Мұндай себептерді түсіну авторларды түрліше дәрежеде ойландырды, және оларда айтарлықтай айырмашылықтар бар, бұл көбінесе олардың теориялық ұстанымына байланысты. Ең бастысы мазасызданудың негізі мен себептерінің адамның психикалық даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болуы. Жекедара даму үшін мазасызданумен күресуде қолданылатын қорғаныс механизмдерінің жүйесі ерекше мәнге ие. Себебі  бұл мәселе Фрейд пен А. Фрейдтің еңбектерінде егжей-тегжейлі талданған. З.Фрейдтің қарастырған мәселелері қазіргі заманда да өзекті болып отыр. Оның теорияларының дамуы психоанализ бағытында да өз жалғасын тапты, сонымен қатар психоанализден бастап өз теориялық жолдарын тапқан. А.Фрейдтің көрсетуінше, қарқынды энергиялық іс-қимылдар, латенттік кезеңдегі тіл алмаушылық, жасөспірімдік кезеңдегі қылмыстық әрекетке бару, өз бетімен орынсыз барумен сипатталатын мінез-құлық көріністері жасөспірімдік шақтың алдыңғы кезеңінде шешуші рөл атқарады. А. Фрейдтің мазасыздану генезі теориясының З.Фрейд теориясынан айырмашылығы – З.Фрейдтің теориясында мазасызданудың себебіне ерекше мән берілсе, А. Фрейд жұмысында мазасызданудың ішкі негізіне, оның бала психикасының  түрлі себептерімен өзара байланысына едәуір көңіл бөлінген [1].

А.Фрейд көзқарасы бойынша, мазасыздану – бұл қорғану процесін туғызатын және неврозға жеткізетін негізгі фактор. Балада немесе ересек адамда симтоматикасы бойынша неврозға ұқсас мазасызданудың қай түрінің бұл процесті туғызып отырғанын анықтауға болмайды. Себебі бұл процесс қорғаныс механизмдерін іске қосады. А. Фрейд балаларда невроздың пайда болуында мазасыздану басты роль алатынын айта келіп, «психоаналитикалық тәжірибе невроздар профилактикасы туралы оптимистік түрде айтуға мүмкіндік бермейді, өйткені инстинкт күшіне әсер ету мүмкін емес» - деп ескертті [2]. Мұндай жағдайда оқытушы немесе психоаналитиктің ең басты міндеті баланың «Супер Эго-сын» нығайту, бұл кейін балаға ішкі инстинкттер қысымына және сыртқы фрустрацияға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Мазасызданудың негізгі функциясы ретінде балаға қауіп төнгенге дейін қорғануға мүмкіндік беретін және баланы қауіптен сақтандыратын сигналдық функциясы болып табылады. Балалардың жекелік айырмашылықтары бәсекелес импульстердің күшімен, сондай-ақ мазасызданудан қорғану үшін қолданылатын қорғаныс механизмдерінің күші және лабильдігімен, тұрақсыздығымен анықталады. Қорғаныс механизмдерінің эффективтілігі мазасызданудан қорғау және оның бала дамуының барлық психикалық процестеріне әсері позициясынан, сонымен қатар белсенділігінен көрінеді. Тұрақсыз мазасызданудың болуы, балада оның дамуына кедергі келтіретін регидті қорғаныс механизмдерінің қалыптасуымен байланысты деп болжанады. Балада қорғаныс механизмдері тұрақты болса кез-келген жағдайда оны мазасызданудан қорғайтын және оның қалыпты дамуына кедергі келтірмейтінін таңдап ала алады. Мазасыздану төнген қауіпті алдын-ала сезумен байланысты эмоциялық дискомфортты сезіну ретінде сипатталған баланың психологиялық қасиеті. Мазасыздану кезінде көп жағдайда қорқыныш, ашу-ыза, өзін-өзі кінәлау  сияқты элементтер көптеп кездеседі. Мазасыздануға негізсіз қорқыныш пен үрей және интрапсихикалық яғни ішкі себептер де әсер етеді. З. Фрейд мазасыздануды жасөспірім шақтағы қауіптілік жөнінде бірінші сигнал болып табылатын жағымсыз эмоционалды әсерленушілік баланың қамқорсыздықты сезінуі деп түсіндірді.

Оқыту теориясы классиктерінің көзқарастарына сәйкес мазасыздану мен қорқыныш шартты рефлекс негізінде пайда болатын эмоциялық реакциялар деп тұжырымдады. Оқытудың әлеуметтік бағытының негізгі өкілдері мазасыздану мен қорқынышты баланың психикалық дамуында басты орынға қояды. Бұл көзқарастардың негізінде бастапқы нейтралды стимулдар оқыту және бекіту нәтижесінде эмоциогендіге айналып, мазасыздануды туғызатын қасиеттерге ие болады. Оқытудың әлеуметтік теориясында психоанализдегі сияқты, мазасызданудың сигналдық функсиясына елеулі мән берілді. Ч.Д. Спилбергердің түсінігі бойынша басқа эмоциялармен қатар мазасыздану келешекте мінез-құлықтың қалыптасуына елеулі әсер етеді деді. Ч.Д. Спилбергер мазасызданудың негізгі функциясы сигнал беруші ол интенцивті үреймен күресуге негіз болатын мінез-құлық формалары мен реакциялардың пайда болуына әкеледі [3]. Ал, А.И. Захарованың түсінігі бойынша мазасыз балалар мен жасөспірімдердің эмоциялық тәжірибелері негізінен жеке әсерленулердің бірлестігіне мойымайтын тұтастық сипатқа ие [4]. Эмоциялық процесс тежелген түрде өткен әрекеттердің синкретикалық бейнелерімен байланысты өткен жетістік пен сәтсіздік туралы интегративтік елестерге ие бола отырып, жаңа жағдайға жетістік пен сәтсәздіктердің болжануын экстрополяциясын қамтамасыз етеді. Шектен тыс ұстамды балалар мен жасөспірімдер өздеріне байланысты қандайда болсын сәтсіздіктің болу ықтималдығын толық елемейді, ескермейді. Мазасыз және шектен тыс ұстамды балалар алдарында тұрған қиын міндеттің өзіне нәтижелі, тиімді жағын таңдай алмайды. Олар шынайы ақиқат жағдайға емес қандай да бір ішкі сезімдеріне, үміттенулері мен қауіптенулеріне бағытталады. Соның нәтижесінде мұндай балалар құрбыларына қарағанда жиі сәтсіздіктерге ұшырап отырады. Шектен тыс ұстамдылықтың сақталуы, сәтсіздікті толық елемеу нәтижесінде ғана болады, сөйтіп бірте-бірте жағымсыз әрекеттер жинақталып қорғаныстың әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Шығармашылық іс-әрекетпен қарым-қатынастағы жеткіншектер эмоционалды ұстамды балалардың көпшілігі ішкі және сыртқы критерилерді қатар қолданады. Оларға қарым-қатынас жасауда достық қарым-қатынасқа бағыт-бағдарлану тән болса, жаңалықты бағалауда өз сезімдері сенімді батыл түрде көрінеді. Мазасыздану қауіпті сезіну мен байланысты жағымсыз эмоция.

Мазасыздану құбылысына тән қауіп-қатерді алдын-ала сезіну ерекшелігі оның басқа эмоциялық процестерінің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдар мазасыздануды екі түрлі аспектіге бөліп қарастырады:

1. Эмоциялық жағдайда мазасыздану;

2. Бала темперамантінің ерекшелігі, тұрақты қасиеті, үнемі мазасыздануға бейімділіктен көрінетін жекедара-психологиялық ерекше-лігі тұрақты қасиет ретінде көрінуінен.

Шамадан тыс, күшті тітіркендіргіштер жасөспірім шақта көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Бала үнемі қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді, сол себепті баланың берекесі кетіп шамадан тыс зорлануы стресстік жағдайға әкеледі. Стресстің үш түрі барын білеміз, олар: мазасыздану, зорлану, титықтау. Осы сияқты қолайсыз әсерлер баланың нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне, психикасына нұқсан келтіретіндіктен ата-анаға өз баласының қандай стресстік күйде жүргенін байқап, қадағалап отыру қажет. Өкінішке орай қазіргі уақытта кейбір ата-аналар баласы сабаққа барып келсе болды, баланың басқа іс-әрекетімен, көңіл-күйімен шаруасы болмайды. Жоғарыда айтылған сезімнің ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, күнделікті кездесетін қиындықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Балалардың әсіресе жасөспірімдердің әртүрлі эмоциялары мен сезімдері олардың қажеттіліктері мен қызығу ерекшеліктеріне, айналасын қоршаған ересектердің іс-әрекеттеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып, дамиды.. Мазасыздану баланың эмоциялық құрылым ретінде болғандықтан оның негативті, эмоционалды және операционалды аспектілері бар. Мазасыздану кезінде қажеттіліктің қанағаттандырылмауынан да қауіпті жағдайларға ұшырап жатады. Жасөспірімдердің мазасыздануының негізінде әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауы кез-келген эмоциялық күй сияқты өзіндік даму механизмі, функциясы бар толық жүйе болғандықтан олардың мінез-құлықына жағымсыз әсер етеді.

Г.С. Салливен мазасызданудың пайда болуымен сенімсіздіктің пайда болуын салыстыра отырып, қажеттіліктің қанағаттандырылмауынан пайда болған баланың күштенуі деді. Соңғы жылдары Г.С.Салливен мазасызданудың бірінші теориясы ретінде, ал күштенудің өзара берілу процесін эмпатия ретінде белгіледі. Қорқыныш пен мазасыздану арасындағы айырмашылықтарды салыстыра отырып мынаны ескертеді, мазасыздану мен қорқыныш бірдей сезілгенмен олар бала өміріндегі альтернативті процестер: «мазасыздану ересек адаммен эмпатиялық байланыстан пайда болады, ал қорқыныш жалпы қажеттіліктің қанағаттандырылуы ерекше күшті иемденгенше кейінге қалдырылуы кезінде көрініс табады» деді. Қазіргі уақытта мазасызданудың себебінің екі типі жиі айтылуда: біріншісі үрейлік күйді ждиі бастан кешіру, нәтижесінде пайда болған ұзақ мерзімді сыртқы стресстік жағдай, ал екіншісі ішкі психологиялық жағдай. С.Л. Рубинштейіннің «Сыртқының ішкі арқылы әрекеті» жөніндегі танымал ой желісіне сүйене отырып, мазасызданудың пайда болу себептері әр түрлі болғандығына байланысты мазасыздану типтері де әр түрлі деген пікірді қолдай отырып, жасөспірім шақтағы «ішкі» және «сыртқы» мазасыздану деген терминді ұсынды. Стрестік жағдайдың ұзақ мерзімді әсер етуі невротикалық күйдің, мазасызданудың себебі болып табылады. Мазасызданудың экстремалды себебінің бірі постравмалық стресс. Бұл ұғым витальды қауіпті сезіну нәтижесінде пайда болатын әсерлерді постравмалық синдромның негізгі компоненттерінің бірі мазасызданудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Жеткіншектер мен жасөспірімдерде постравмалық стресс реактивті сипаттағы күшті мазасыздануды туғызады. Мазасызданудың сыртқы себебі ретінде қарым-қатынастағы бұзылыс микрожарақаттарға әкеледі. Жасөспірім жеткіншек жастағы балалардың физиологиялық жетілуі кезінде психикалық дамуына да әсер етпей қоймайды. Жасөспірім шақтағы физиологиялық өзгерісті сезініп, бала өзін ересекпін деп есептейді, өзіне жақын ата-анасынан гөрі сыныптас достарын жақын тартып солармен сырын бөлісіп, өзбетінділікке талпынады. Пубертаттық кезеңде пайда болатын қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылық жасөспірімнің эмоциялық сферасын өзгертеді, оған таныс емес жаңа әсерлер туғызады. Жасөспірім ол өзгерістерді ұғынуға тырысады, сондықтан осы кезеңде жасөспірімде өз әсерлерін түсінуге деген қажеттілік пайда болады. Ағзаның жетілу процессінде эмоциялық сфера өзгеріп қана қоймайды, оның интеллектуальдық-танымының жаңа деңгейге көтерілуі және эмоциялық сферадағы өзгерістер жасөспірімде өзіне деген, өмірде алатын орнына деген жаңа қатынастың пайда болуына әкеледі. Дамудың әлеуметтік жағдайының өзгерісіне сәйкес жаңа ішкі позицияда өзгеріс болады, жасөспірім «ересек» болуға, өз құқығын өзгертуге тырысқанымен ересек адамның міндеттерін өзіне жүктеуден бас тартады. Жаңа ішкі позиция мен бұрынғы обьективті жағдай арасындағы келіспеушілік жасөспірімдік «дағдарыстың» негізгі себебі болып табылады.

Л.С. Выготский және көптеген шетел психологтарының айтуынша жасөспірімдік шақта бұрынғы қызығушылықтар өшіп орнына жаңалары пайда болады,  бірақ жаңасы бірден және оңай пайда болмайды. Кіші жасөспірімдік шақта қызығушылықтардың бұрынғы жүйесі өшіп жаңадан қалыптасушы қызығушылықтардың әлі бірде-біреуі басым мәнге ие болып үлгермеген кезең орын алады, сөйтіп бұл жағдай тұрақсыздық, іштей жалғыздық сезімін туғызады. Жасөспірімдердің ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері, осы кезде күрделі не қарама-қайшылықты сипатта болады. Кейбір жасөспірімдер ата-анасы мен мұғалімдеріне жақын болса, кейбіреулері, керісінше, өзбеттілікке талпынып «мен» ересекпін деген ойда болады. Мұндай жағдайды ата-ана немесе мұғалімдер дер кезінде түсіне бермейді, нәтижесінде дау-жанжал пайда болады. Ата-анасы әсіресе бұл балаға не болды? – деп әбігерленеді, жасөспірімнің мінез-құлқы оның сезімдері мен әсерлеріне сәйкес келе бермейді. Көбінесе бала ата-анасымен ренжісіп қалғанына өкінеді, бірақ олармен қайта жақындасу үшін жол таба алмайды, дау-жанжал тереңдеп ұзаққа созыла береді, нәтижесінде бала өзін-өзі жоғалтқандай болып, тұйықталып қалады. Осындай ішкі позициядағы өзгерістер өз-өзіне деген сенімді жояды. Жасөспірімдік шақ тек қарама-қайшылықтар мен қиындықтарға толы кезең ғана емес, сонымен қатар, өсіп келе жатқан баланың бай мүмкіндіктерін жүзеге асыратын кезең болып табылады. Біздің жасөспірімдердің кемшілігі өмірлік маңызды мақсаттарды жүзеге асыра білмеуінде, өз болашағына немқұрайлы қарауы. Немқұрайлылықтың арты жаман жолға түсу қаупін тудыруы әбден мүмкін немесе қоғамда қаптап кеткен «секталардың» құрығына түсіп қалуына мүмкіндік тудыруы да ғажап емес. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша жасөспірім жастағы жеткіншектердің мазасыздануы мен суицидтік жағдайларға ұшырауы, статистикаға сүйенер болсақ, соңғы жылдары шамадан  тыс көп көрсеткіштерге жол берілген. Жеткіншектеріміздің суицидтік жаағдайларға баруына не себеп? - белгісіз жұмбақ күйінде қалып жатыр. Бұған тікелей мектеп ұжымы мен ата-ананың салғырттылығының, немқұрайлылығының нәтижесінде жантүршігерлік оқиғалар орын алуда. Жасөспірім шақта жеткіншектерге орынсыз ұрысып, дау-жанжал шығарып бала психикасына кері әсер етудің пайдасы жоқ, кез-келген ата-ана не мектеп ұжымы ақылмен, озық тәжірибемен келу қажет.

 

1. Фрейд З. Страх. - М., 1997.

2. Фрейд А. Психология «Я» и защитные механизмы. - М., 1993.

3. Спилбергер Ч.Д. Концептуальные и методологические проблемы исследования тревоги // Стресс и тревога в спорте. - М., 1983

4. Захарова А.И.Неврозы у детей и подростков. - Л., 1960.          

 

Категория: Разработки и статьи учителей | Добавил: flower (07.06.2012)
Просмотров: 7026 | Теги: суицидтік мінез-құлық, мазасындану | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]