Четверг, 25.04.2024, 13:14
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » 2013 » Июнь » 10 » Психология - ХХІ ғасыр ғылымы
06:24
Психология - ХХІ ғасыр ғылымы

Психология - ХХІ  ғасыр  ғылымы

         Бүгінгі қоғам ағымдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар заманында өмір сүріп жатыр. Бұл адамның психологиясына да өз әсерін тигізуде. Адамдардың бойында ашушаңдық, бойкүйездік, зейіннің төмендеуі сияқты кері мінез-құлықтың пайда болуын тудыруда. Бұл ересектермен қатар мектеп жасындағы, тіпті кішкентай балалардың бойында да байқалады. Балалардың бойындағы агрессивтілікті түсінбей ата-ана да, ұстаз да дабыл қағуда. Психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, журналдарымыздың редакция алқасының мүшесі Жігітбекова Бақыт Дастанқызымен осы жайлы әңгіме өрбіткен едік.

-Бүгінгі оқушылардың психологиялық қал-ахуалына маман ретінде қандай сипаттама берер едіңіз?

-Бүгінгі оқушы технократ, яғни ақпаратты көбіне компьютер, телевизор сынды жедел ақпарат көзінен жинақтайды. Бүгінгі қоғамда болып жатқан экономикалық дағдарыс, экономикалық тұрақсыздық, ақпараттық технологиялардың  жедел дамуы тікелей баланың психологиясына ісер етеді. Баланың дене бітімі жасына қарай өзгереді. Ал психикасының дамуы әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бала жеке тұлға ретінде қоғамдық ортада қалыптасады. Осы ортада болыпжатқан құбылыстардың барлығы-бағаның шарықтап өсуі, экономикалық тұрақсыздық, қаладық жердегі халықтың тығыз орналасуы, адамдардың күнкөріс мақсатында бір-біріне көңіл бөлуге уақыттың жеткіліксіздігі, жүйке жүйесінің тұрақсыздығы, кептелістер, айналадағы шу ересектермен бірге балалардың да психикасына кері ықпал етуде.

Кеңестік дәуірде белгілі бір жүйе болды. Яғни болашаққа деген сенімсіздік болған жоқ. Ал бүгінде адамдардың бір жерде тұрақты жұмыс істемегенінің өзі 5 жыл болып есептеледі екен. Бұл кадрлардың тұрақсыздығын тудырады. Әсіресе мектептерде мұғалімдердің жиі ауысуы оқушылардың білімімен қоса психикасына да әсер етпей қоймасы анық. Қазіргі капитализм жағдайында әрбір адам өзі  үшін өмір сүріп, өз ахуалын жақсарту үшін қызмет жасайды. Мұның өзі баланың бойына кішкентайынан ақшам бар болса менің дәрежем жоғары болады деген ой қалыптастырады. Бүгінгі ата-ананың өзі баласына сондай тәрбие беріп отыр. Балалардың психикасы бұрынғы балаларға қарағанда біршама өзгереген болып есептеледі. Балалар қазі ақпаратты тікелей компьютерден алатын болғандықтан біршама зейіні төмен. Ал баланың ынтасын арттырып, зейінін сабаққа аудару мұғалімнің жұмысы. Ол әртүрлі әдістер пайдалана отырып, өз пәніне деген қызығушылықты арттыруға тырысады. Мұндай әр сыныпта оқитын балалардың психологиялық ерекшеліктеріне мән берілуі тиіс. Мысалы, 5-сыныптан 3-еу болса олардың әрқайсысының зейін деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімдер оқушымен жеке-дара жұмыс жасау арқылы зейінін көтере алады. Оның үстіне бүгінгі техократ балалар агрессивті келеді, тікелей компьютермен қаруланған балалар болғандықтан көп жағдайда теориялық білімді, кітапта жазылған материялды қабылдауға бейімсіз, дайын ақпаратты қабылдауға құлықты. Сондықтан сабақты ойын түрінде өткізсе балалардың тақырыпты түсінуіне ықпалы зор болмақ. Сабақ өткізудің әдістерін мұғалімдер жақсы біледі ғой. Көптеген мектеп психологтарында пән мұғалімдеріне оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қатысты ақыл-кеңес беру үшін, олардың бойындағы қасиеттерін анықтауға бағытталған әдістемелік базалары жеткіліксіздеу, әсіресе қазақ мектептерінде. Себебі, психология  Қазақстанға 90-шы жылдары келе бастаған ғылым болып есептеледі. Осы кезден бастап ЖОО-да психологтарды даярлайты бөлімдер ашыла бастады. Алғашында орыс топтары ашылды. Өйткені, материялдық база дайын болмай шықты. Ресей, шетел оқулықтарына сүй,ніп оқытып жатты. Ал қазіргі таңда теориялық, жалпы психология, балалар психологиясы салаларында оқулықтар жеткілікті. Психологияның практикалық психология мен қолданбалы психология салаларынан қазақша материялдан мүлдем жоқ десек болады. Дәл осы салаларда психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін әдістемелер даярлауға тура келеді. ЖОО-да мамандарға теориялық білім бергенменен, олар практика жүзінде білімдерін қолдана алмай жатады. Осы жағынан алып қарағанда мектеп психологтарында әдістемелер жеткіліксіз. Әдістемені қазақша жүргізу үшін оны қазақша аудиторияға бейімдеу, оның өміршеңдігін байқаудың өзі қиыншылықтар туғызып жатады. Қазақ мектептеріндегі психологтар тест, трейнингтердің орыс тілді нұсқасын пайдаланады. Бұл нақты нәтиже алуға кедергі келтіреді. Психологтар қауымы өткізетін жиындар, курстар, семинарлар барсында мектеп психологтары тарапынан оқушылардың мігнезін анықтап, диагоностика жүргізетін, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін, партрет жасайтын қазақ тілді психологиялық әдістемелер жасап берсеңіздер деген ұсыныстар жиі болып тұрады. Шама келгенше жасап жатырмыз, осы орайда менің де псизологиялық жаттуғалар жинағым, топтық терапияға арналған әдістемелік жинақтарым жарық көрген болатын. Қыздар педагогикалық университетінің мамандары да оқу-әдістемелік жинақтарды жиі шығарып жатады. Мұның өзі аздық етіп отыр.

Психология- ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде психолог  болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын  ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды.  Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады.

Жоғарыда айтқанымыздай, үнемі компьютер мен телефон, телевизор арқылы көретін атыс-шабыс ойындар кинолар баланың психологиясын бұзады. Тіпті дүкенде сатылатын ойыншықтардың біршамасы баланы ой-қабілеті дамытуға арналған деп айту қиын. Қарапайым ғана мысал, қыздардың сүйіп ойнайтын Барби қуыршақтары боянып, сыланған бойжеткен қыздың бейнесі. Ол қыздарды кішкентайынан теріс қылықтарға бейімдейді. Тәрбие бүлдіршін кезден басталмай ма? Олардың көретін мультфильмдері де құбыжықтар мен басқа планеталардың соғысы мен тартысқа толы. Балалардың назары теледидарда болғандықтан, мейірімділікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін телеарналар көбірек болса екен. Мысалы «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалар балаларды танымдық, психологиялық жағынан дамытатын бірден-бір арна деп есептеймін. Қазақтың ұлттық тәрбиесіне көп мән берілген. Менің баламның өзі осы арнаны көріп тәрбиеге ықпалы бар екеніне көзім жеткен соң айтып отырмын.

Бала тәрбиелей өте қиын, түсініксіз үрдіс. Бала тәрбиесі сезімталдықты, жанашырлықты, шыдамдылықты, түсіністікті талап етеді. Бала тәрбиелеу баланың тек күндеолікті қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектелмейді. Сондықтан қоғамда психологияның көмегі өте қажет. Психологияның бағытынсыз қоғамда ештеңеге қол жеткізе алмаймыз деп ойлаймын. Психологиялық кеңес беру дұрыс жолға қойылса, қоғамның дамуы да алға жылжитыны сөзсіз.Баланың зейіні де, сабаққа деген ынтасы да, өмірге деген құлшынысы да арта тусері анық. Мысылы, әр баламен жеке сөйлесіп көрсен, әрбіреуінің жүрегінде жарасы болып шығады. Бірінің әкесі арақ ішсе, бірі пәтер жалдап тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан болуы мүмкін, енді бір баланың анасы таңнан кешке дейін жұмыста жүріп баласына көңіл бөлуге уақыты болмайды. Тағы да біреулері барлық материалдық жағдайы бола тұра, бала күтушісінің, үй қызметкерінің қарауында болғандықтан, эмоционалдық жылуға зәру болады. Қоғамда жылулық сезімі жетіспейді. Өйткені сол ата-аналарды бір тарапы балаларына беретін тәрбие оның материалдық мұқтаждығын қамтамасыз етумен шектеледі деп ойлайды. Яғни, қымбат заттар алып бердім, енді саған не жетпейді деп, баладан қандайда бір нәтиже күте бастайды. Бұл баланы теріс қылыққа тәрбиелейді. Сондықтан қоғамда қатігездікт, ашушаңдықты жою үшін баланың тәрбиесіне балабақшадан бастап үлкен мән беру қажет.Тіпті қазір перинатальды психология деген практикалық психологияның бағыты бар. Бұл саладағы психологтар баланы ананың құрсағына біткен кезден бастап  тәрбиелеу керектігін, ал 2-3 жасқа келгенде оны тәрбиелеуден кеш қалатындығын тілге тиек етеді.

Бірақ қоғамда психологтың көмегіне жүгінетіндей мәдениет қалыптаса қойған жоқ. Оған кеңес бере алатын психологтар да аз. Теория мен практика қашанда қатар жүреді. Бүгінгі психолог екеуін қатар ала жүріп, ұштастыруы тиіс.

-Осындай психологтардың аздығы ЖОО-да даярланатын мамандардың сапасыздығынан ба, әлде әдістеменің жеткіліксіздігінен бе?

- Бұл- қоғамның басты мәселелерінің бірі. Біріншіден, сол мектеп қабырғасынан бастап мамандыққа баулу кезінде оқушыларға берілетін ақыл-кеңестің жеткіліксіздігінен басталады. Бұрын балалар дәрігер, мұғалім болғысы келсе, қазіргілер МАИ қызметкері, банкир, сот, прокурор боламын дейді. Яғни гуманитарлық мамандықтың қадірі сәл төмендегендей. Қазір бүкіл Республика болып мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсартып жатыр. Дегенмен осы мамандықтардың беделі артуы үшін әлі жылдар қажет. Жаңадан келген студенттермен әңгіме жүргізу барысында студенттердің 80пайызы өз мамандығын сүйіп келмегені анықталады. Мысалы шет елдерде психолог мамандығына 28жастан бастап қабылдайды екен. Яғни, ақыл тоқтатып, өзінің өмірдегі жолын анықтаған азаматтар саналы түрде таңдап келеді бұл мамандықты. Өзінің белгілі бір проблемасын шешу үшін келеді. Өзін-өзі жөнге салу үшін келуі мүмкін. Ал, біздің студенттер қай жерде конкурсы аз, грантқа өтіп кету мүмкіндігі болса сонда барады. Тіпті кейбіреулері «мен 4 жыл оқып бітірсем, ары қарай уақытша қызметте жүріп сырттай басқа мамандықты оқып алармын» деп оқып жүреді. Өз мамандығын сүймейтін, өзіндік мотивациясы жоқ студентті оқытуда кері байланыс, рефлекция болмайды. Жай ғана балын жинап, степендиясын алу үшін ғана алып жүреді. Мектепте нашар оқыған оқушы мамандық таңдауға селқос қараса, ол нашар студент, ертең нашар маман болып шығады. Екіншіден, оқу-әдістемелік база жеткіліксіздеу. Психология саласындағы әдебиеттерді аудару, оны апробациядан өткізу уақытты, қаражатты, ғылыми тұрғыдан қарайтын принципті қажет етеді. Сондықтан да әдістемелік базаның жетіспеуі себеп  болуы мүмкін. Министірліктің, үкіметтің тарапынан конкурс жариялау арқылы әдістемелік оқу-құралдарды көбейту керек шығар. Себебі ЖОО ұстаздарын да ынталандыру керек.

Үшіншіден, мұғалімнің көңіл күйіне де байланысты. Себебі көп  жағдайда ұстаздардың көңіл күйлері, сабақ беруге деген ниеттері төмен болады. Өзіне берілген уақытта өткізіп берсем болды деген принциппен жұмыс жасайды. Алған қаражатына қанағаттанбағандықтан, оқушыларға студенттерге рухани қанағат бере алмайды. Оның үстіне мектептерде, ЖОО-да, кез-келген мекемеде қағазбастылық басым. Бұл мұғалімнің өзінің оқушыларына беретін білімінен гөрі осы қағаз жұмыстарын реттеуге көбірек уақыт бөлуіне міндеттейді. Түнімен іс-қағазды реттеп отырған мұғалімнің таңертең оқушыларға жақсы көңіл күймен сабақ беруіне ешқандай ынтасы болмайды. Мұғалімдердің білім беру сапасы бірінші орынға қойылса деген ұсыныс әр мүғалімнің ойында жүргені сөзсіз.

-ҰБТ оқушылардың психологиясына қаншалықты әсер етуде?

-Былтырғы жылы Алматы қаласындағы  №119 мектепте «Тактика и стратегия ЕНТ» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді, сонда 6 сағат бойы тренинг жүргіздім.Бастапқы сағаттарда оқушылар тарапынан қарсылық білдіру көп боды. Соңында ғана барлығы маған алғысын білдіріп, менің ақыл-кеңесімнің көмегі болғанын айтып жатты.

Сонда менің түйгенім, бір жыл бойы мектеп әкімшілігі ұстаздарға, ұстаздар оқушыларға ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетуді талап етеді. Бір жыл бойы олардың бойына қорқыныш, үрей ұялатады. Осыдан әбден қалжырап шаршап келген бала да, маусым айының басында ҰБТ уақыты жеткенде психологиялық тұрғыдан, рухани жағынан әлсіреген, психологпен жұмыс жасалмаған күйде осы күнге жетеді. Қалалы жер болса олар таңғы 4-5-тен мектепке жиналады. Ал ауылды жерде тіпті бір күн бұрын аудан орталығына барып күтеді. Осының бәрі оқушының миына, психологиялық ахуалына әсер етпей қоя ма? Содан келіп бір пәннің жауабын басқа пәнге белгілеп қою, біліп тұрған есебін шығара алмау, даталарды шатастыру, сасқалақтау, тіпті талып қалып жататындар да болып жатады. Осыншама стрессті көтере алмайтындықтан. Білім деңгейін тексеруге келгенде бірден-бір тиімді жол шығар, дегенмен психологиялық тұрғыдан қарағанда бұл өте ауыр үрдіс. Сондықтан жыл бойына психологтың кеңесін қатар алғаны дұрыс,. Психологиялық дайындық оқушының бойындағы үрей, қорқынышын сыртта қалдырып, өз мүмкіндігін пайдалануға көмектеседі. Шығармашылық белсенділігі, еркін ойлау мүмкіндігі болмай, ол емтиханда жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін емес. Менің жеке тәжірибемде болғандықтан айтып отырмын. Мен осы 2-3жыл көлемінде Алматы қаласындағы бірнеше орталықта оқушылармен ҰБТ алдында ақыл-кеңес беріп, жұмыс жасадым. Сол оқушылар жоғарғы нәтижеге жетіп, кейіннен кездескенде өз алғыстарын білдіріп жатты. Сондықтан, ҰБТ алдында психологпен сұхбаттасып, оқушылардың стресін жеңуге мүмкіндік жасау қажет деп ойлаймын. Бұл үшін ата-ана мен ұстаздардың да психологтың кеңесіне құлақ түргені жөн. Әрине психолог баланың ҰБТ-да жақсы балл жинауына кепілдік бермейді. Десек те, оның ойын жинақтап, бар білген білген-түйген білім деңгейін көрсетуіне жағдай жасайды.

-Сұхбатыңызға рахмет, еңбегіңіз жемісті болсын!

Категория: Новости Казахстана | Просмотров: 6891 | Добавил: flower | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]