Пятница, 29.03.2024, 10:40
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Конкурс на лучшую коррекционную программу

Кіші жастағы оқушылардың психикалық дамуында кездесетін қиындықтарды түзету (коррекция) жолдары.
[ Скачать с сервера (46.5 Kb) ] 14.03.2012, 15:15
Кіші жастағы оқушылардың психикалық дамуында кездесетін қиындықтарды түзеті (коррекция) жолдары.

Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін және осыған байланысты баланың бойында кездесетін психофизиологиялық өзгерістерді ескермей оқыту процессін жүргізу мүмкін емес.
Бала мектепке келген кезде осы уақытқа дейін ұйымдастырылған және жүргізілген жұмыстар заңды түрде шыңдала түседі. Кейбір балалар жалпы психикалық дамуының кешігуіне байланысты әртүрлі сәтсіздікке ушырауы мүмкін. 15-20% бірінші сынып оқушылары алғашқы оқу процесс барысында жағымсыз әсер мен қиындықтарға тап болады.
Кіші жастағы оқушылармен өткізетін түзету жұмысы үлкендердің (ата-ана, мұғалім) өтінішінен басталады. Өтініш түскен жағдайда психолог балаға жеке тереңдетілген диагностикалық жұмыстар жүргізіп түзету жолдарын анықтайды. Психолог түзету сабақтарының бағдарламасын жасап әр баламен сабақтың ұйымдастыру формасын (жеке, топпен, шағын топпен т.б.)анықтайды. Жеке баламен, шағын топпен, топпен өтілетін түзету сабақтары аптасына 1рет 10-12 сабақтан аспағаны дұрыс. Әр сабақтан кейін психолог балаларға үйге тапсырма беріп оны ата-анамен бірігіп орындауын талап етеді. Тапсырмалар: сурет салу, ертегілер оқып оны талдау, ойындар т.б.
Түзету жұмыстарының бағыттары:
-танымдық процестер барысын дағы түзету
-қызығушылық саласын түзету
-жүріс-тұрыс барысын түзету
-эмоционалдық жағдайын түзету
-тұлғалық саладағы түзету
-қрым-қатынас саладағы түзету
Түзету жұмысының ең бастысы психологтың баламен тіл табыса білуі.
Осының ішінде эмоционалдық жағдайын түзету барысына тоқтала кетейік. Эмоция –баланың жеке өміріне қатысты өзінің бастан кешетін жайлары жайындағы толғаныстары, организмнің белгілі бір жағдайға жауап беруі. Егер адамның эмоциясын алып тастасақ, ешнәрсемен ісі жоқ және бәріне бейтарап қарайтын жансыз робот тұрады.
Егер бала эмоционалдық жағынан психологиялық қауіпті зонада (үрей, қорқыныш, агрессия т.б.) турса түзету жұмыстары жеке баламен, топпен және тәрбиелеу мен оқыту мүмкіндіктерін тұғызып отырған ортамен де жүргізіледі. Бұл жағдайды диагностикалау барысында анықтауға болады.
Кіші жастағы оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстарының негізгі формасы ойын болып табылады. Ойын барысында әртүрлі шығармашылық іс-әрекет арқылы, баланың жетістіктерін ескере отырып түзету жұмыстары озық міндеттерді көздегені дұрыс.

№ Ойындар мен жаттығулар
1 «Менің есімім-менің ерке есімім». Мысалы: Назерке –менің есімім, «Күнім,Айым» - ерке есімім

2 «Эмоция әлемінің тілі». Эмоция әлеміндегі тілдің ерекшелігі адам өзінің көңіл-күйін сөз арқылы ғана емес сонымен қатар әртүрлі дене мүшесі арқылы да жеткізуге болады, мысалы: көз, қол, бас, жалпы дененің қимылы т.б. . Жүргізуші мысал ретінде әртүрлі күйді көрсетеді (ашуды, қуанғанды т.б.). Жалғастыра отырып әр балаға кез-келген дене мүшесі арқылы белгілі бір күйді көрсетуді ұсынады.
3 «Мектептегі көңіл-күйім» (кез келген көңіл-күйді көрсет)
-Қорыққаныңды.....
-Ренжігеніңді...........
-Ашуланғаныңды.....
-Қуанғаныңды.....
-Қандай көңіл-күйді көрсету оңай болды?
-Неліктен?
4 «Әртүрлі көңіл-күйдегі жануарларды көрсет»
-Жануардың көңіл-күйі неліктен сондай?
-Оған не әсер етті?
-Оған қалай көмектесуге болады?
Сонымен қатар ертегіні оқу барысында кез-келген кейпкердің белгілі бір сәттердегі көңіл-қүйін көрсету ұсынылады.
5 Ойын «Ай мен күн». Балаларға кең бөлмеде күндізгі және түндегі әрекеттерді орындау ұсынылады (сабақ кезі, ас ішу, ойнау, есеп шығару, кітап оқу т.б.)
6 «Мен қорқамын-қорықпаймын», Балалар допты бір-біріне беріп неден қорқатынын және неден қорықпайтынын айтады. Жалғастыра отырып бұрын қорқып ал қазір неден қорықпайтыны туралы айтады.
7 «Қорыққанда мен ұқсаймын...............»
«Қорықпағанда мен ұқсаймын................»
-Неге ұқсаған ұнады?
-Неліктен?
«Ренжігенде мен ұқсаймын.................»
«Көңілді кезде мен ұқсаймын................»
-неге ұқсаған ұанады?
-неге ұқсаған ұнамады?
8 «Қорқыныш сайысы». Балалар шеңбер бойымен отырып допты бір-біріне беріп адамдарда қандай кезде қорқу сезімі пайда болатынын айтады («Адамдар қорқады.............» ). Бір-бірін қайталауға болмайды. Айталмаған бала ойыннан шығады, осылай ең соңында жеімпаз бір бала қалады. Балалармен бірге әңгімелесу барысында адамдардың барлығы бір нәрседен қорқатынын, сонымен қатар ол қалыпты жағдай екенін түсіндіріп, соңында қорқақтықты жеңуге тырысу керектігі айтылады.


9 Ойын «Күлкілі көрме». Балалар ертегілерде кездесетін қорқынышты кейіпкерлерді күлкілі етіп салады. Осыдан кейін көрме ұйымдастырылып әр «суретші» өзінің суреті туралы барлық балаларды күлдіретіндей етіп әңгімелеп береді.
10 Аяқталмаған сөйлем әдістемесі.
Мен үйде жалғыз қалғанда......................(қорықпаймы, ойнаймын т.б.)
Мектепте жалғыз қалған жағдайда...........................
Мен қараңғы бөлмеден қорықпаймын өйткені..............................
Мен сабаққа кешігіп қалсам......................................(кешірім сурап кірем)
11 Ойын «Көңілді жануарлар». Әр бала өз қалауы бойынша бір көңілді жануарды көрсетеді, ал қалған балалар, ол қандай жануарды көрсетіп тұрғанын табады.
12 Сурет салу «Мен қорқуды қалай жеңдім»
Категория: Конкурс на лучшую коррекционную программу | Добавил: Aigul
Просмотров: 8777 | Загрузок: 820 | Рейтинг: 2.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]