Четверг, 18.04.2024, 07:45
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Статьи ученых

ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
[ Скачать с сервера (39.5 Kb) ] 13.06.2012, 11:12

ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ  ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

 

З.Қ. Орманова -  психол.ғ.к., доцент, жалпы және қолданбалы психология 

кафедрасының оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ,

А.Т. Нұрбаева, А.С. Исабаева - «Психология» мамандығының 4-курс студенттері,

 Абая атындағы ҚазҰПУ

 

Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі  әрі жалғыз табиғи қоғам-бұл отбасы. Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізу оларды девиантты мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Ендеше аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық және т.б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс.Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті [1].

Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп –жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп көріп ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» -деп ақыл естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

Бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға сай емес, келеңсіз жайлардың жастар арасында кең тарауы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесінің жетіспеуінен, ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қоймауының салдарынан туындап отыр. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие, дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттерді, тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады. Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы.  Демек, бала тәрбиесі отбасының міндеті.

Қазіргі уақыттағы көптеген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, қылмысқа көп баратын жастар ішінде 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны артып отыр. Бұл әрине, қоғамдағы жағдайға, баланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынас жағдайына тікелей тәуелді болып келеді. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жан-жақты жұмыс жүргізіп, педагогикалық-психологиялық міндеттерді алға қоюымыз қажет.

Қоғамда алғашқы өмір сүрудің алғашқы әліппесін қоршаған ортадағы қарым - қатынас тәжірибесінен, өзінің отбасынан үйренеді. Халықтың «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген мәтелі тегін айтылмаса керек.

Адамдардың барлығы бірден девиантты мінез-құлықты болып туылмағанына  зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ол өмірде әке-шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі, я болмаса оған жаны ашыр нағыз достың да болмауы.

Осы орайда нақты деректерге сүйенер болсақ, қалада жайсыз отбасының, яғни «қиын» ата-ананың көбейюі девиантты мінез-құлықты отбасының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасындағы түрлі жағдайлар әсер етеді. Олар: әке –шешенің теріс үлгісі, үй ішіндегі еңсені басатын жағдай – отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы, ажырасулардың көбеюі. Өкінішке орай отбасындағы теріс қылықтарды   түзету қиын.

Психологиялық әдебиеттерінде  балалар  мен жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықтың қалыптасуына әсер  ететін факторларды көптеген авторлар  бөліп көрсеткен. Ол тұжырымда-маларға жүгінсек девиантты мінез-құлықты ортақ қылық – ол ата-аналардың қателіктері.  Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың жасына, мінезіне қарай жүргізу отбасының басқа мүшелерінен үлкен ұстамдылықты талап етеді. Балалардың мінездері де әр түрлі, біреулері дөрекі, бірақ жүйке ауруларымен ауырмауы да мүмкін [3].

Біз мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре тұра пайда болады дейміз.Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса,онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез-құлыққа көшіп кетуі мүмкін.

Адамның белгілі бір тәрбиеге, мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір тәртіптен, мінез-құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе-әдет болады. «Ал әдет деп, мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі ұзақ уақыт қайталануын айтамын»-деп әл-Фараби айтқан.

Тәртіпке, мінез-құлыққа ие болғанға дейін адам белгілі бір әрекеттерге әдеттенсе, онда ол адамда нақ осы әрекеттер туып отыратын мінез-құлық жасалынып шығады. Адамда белгілі бір мінез-құлық жасалынып шығу үшін, оның тиісті әрекеттер жасауға әдеттенуі қажет[4].

Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объетивті және субъективті фаторларға назар аударалық.Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделіті жағдай себеп болады  деп дәлелдеуде. Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез –құлықтың пайда болуына бірден –бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарының қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау –жанжал, ұрыс –керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі –баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтажын қамтамассыз ету деп санау. Үшіншіден , жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу  және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата –аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән –мағынасын түсінгенімен, олардың күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды.Бесінші себеп – кейбір ата-аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық , менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл – парасатына қарай емес, «байлығына», «қажеттілігінен» қарай сый құрмет көрсету баршылық.Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық –зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады. Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс еркелету балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы өру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау.Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдіке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.

Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың биологиялық ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және мінездің басқа аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның болуын жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді ескермеуге болмайды. Отбасында кеткен кемшіліктер мектепте одан бетер шиеленісе түседі. Өйткені баланы тәрбиелеуден кеткен қателіктерді бала жеке басын сыйламау, әкімшілік көрсету баршылық.

Жасөспірім тұлғаны біз өзіне және қылмыстық мінез –құлқы бар байланыстарын жүйке ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасауға әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақта кәмелетке толмаған құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз, өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты [2].

Біздің ойымызша тиімсіз жағдайларда паталогиялық реакциялар бекітіліп мінездің паталогиялық құлықтарына өтеді, мінездің теріс ауытқулары, алдағы реактивтік көзбояушылықты жоққа шығармайды. Сонымен бірге, патогенездік дамудың бастапқы стадиясындағы мінездің ауытқулары қайтудың белгілі мүмкіндіктеріне ие болады. Осы даму типіндегі аталған мүмкіндіктер, патогенездік реакциялар кезіндегі мүмкіндіктерге қарағанда төмен, ал оларды тарату үшін ұзақ, бағытталған медико-педагогикалық жұмыс қажет.

Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

 

1.   Джаманбалаева Ш.М.Социальные проблемы девиантного поведения. Афтореферат.-Алматы, 1996.

2.    Выгодский Л.С.Собрание сочинений. Т.4. Детская психология. - М.,1984.

3.   Қожақметова К.Ж., Демеуова Н.Е. Жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқушылары мен жоғары оқу орындары арасыда темекі шегудің, нашақорлықтың, ішімдікке салынудың алдын алуға аралған көпсатылы білім беру бағдарламасы. Алматы, 2003.

4.   Краковский А.П. О подростках. - Москва ,1982.

5.   Змановская Е.В.  Девиантология.  - М., Академия, 2003.

Категория: Статьи ученых | Добавил: flower
Просмотров: 3774 | Загрузок: 1147 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]