Четверг, 25.04.2024, 01:43
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК АУМАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
[ Скачать с сервера (45.0 Kb) ] 13.06.2012, 11:16

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ-ЕРІКТІК АУМАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

 

З.Қ. Орманова – психол.ғ.д., жалпы және қолданбалы психология

 кафедрасының доценті, Абай атындағы ҚазҰПУ,

Н.Б. Жүсіпов – «Психология» мамандығының 3-курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ

 

Биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен баланың патологиялық қалыптасуына астено-невротикалық, псевдоаутистік, тұрақсыз, қозғыш, истероbдты және паранояльді типологиялары пайда болады.

Астеникалық типке жататын тұлғаларға ашушаңдық, әлсіздік, ұялшақтық, шектен тыс сезімталдық пен әсерленгіштік, өз мүмкіндіктеріне сенімсіздік сияқты қасиеттер тән. Сонымен қатар, мінез-құлықтарында астеникалық ерекшеліктері бар балалар шаршағыш келеді, еңбекке қабілеттіліктері төмен болады. Ол әсіресе күйзеліс кезінде көрініс береді. Олар тез әлсірейді, тез тітіркенеді, өкпешіл келеді. Өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулігін көп уайымдайды.

Мектеп жасына дейінгі мұндай балалар жаңа жағдайларға баяу бейімделеді, бірінші күндері, тіпті кейде бір айға дейін олардың көңіл-күйлері астеникалық-дистимді фонды сипатта болады.

Дезадаптациялық реакцияның негізінде қорқыныш жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалар әдетте тыныш, баяу қимылдайды, ұялшақ, ерік-жігер сапалары әлсіз болып келеді де, аспонтандықтарымен ерекшеленеді. Құрдастарының ортасында қарым-қатынасы баяу, байсалды әсіресе үстел ойындарын жақсы көреді; өте әсерленгіштіктерімен ерекшеленеді, ертегідегі және ойын кезіндегі сезімге қатысты сәттерді көтере алмайды. Орталарында таныс емес адам пайда болса, мазасыздық танытады.

Білім алудың бастапқы сатыларында мұндай балалардың мінез-құлықтарында астеникалық сипат үдей түседі - ұзақ мерзімді ақыл-ой және физикалық жүктемеге қабілетсіз, шаршаған кезде тез жылап немесе еркелік танытады, баяу, ұялшақ болады.

Жақындарынан ажырағанда қиын күйзелістерді бастан кешіреді. Түймелерін таға алмайды, аяқ киімдерінің бауын байлай алмайды. Мектеп дағдыларына үйрену мен жазуды меңгерудегі қиындықтарға байланысты декомпенсация тереңдей түседі. Инициативалары төмен, сабақ үстінде қолдарын көтермейді. Есте сақтау қабілеттері төмен, зейіндері тұрақсыз, еңбекке қабілеттері жоқ, ойлаулары баяу. Ауру балалар шулы, қозғалысты қажет ететін ойындардан аулақ жүреді, өйткені олар күлкіге қалудан қорқады. Өте ұялшақ болғандықтан, олар құрдастарымен нашар араласады және дос ретінде жақсы қимылдай алатын, батыл, оларды қорғай алатындай балаларды таңдайды. Мұндай балалардың басым көпшілігі шешімді тез қабылдай алмайды, өз мүмкіндіктеріне сенбейді, сабаққа жауап беруден қорқады, оларда тұтығу, энурез байқалады.

Отбасында гиперпротекциялық тәрбие алған және құрдастарымен қарым-қатынасқа аз түскен балалар ерік-жігер сапаларын жаттықтыруға қабілетсіз. Психогенді реакциялар жүйке жүйесінің органикалық зақымдануына байланысты төмендеген реактивтілігін сенсибилизациялайды да, осының салдарынан ол келесі психогенді жарақаттарға сезімтал бола түседі. Дегенмен бұл психогенді реакциялар төменгі сынып жасындағы балаларда жиі байқалмайды. Өйткені бұл кезеңде олар үшін оқудағы қиындықтар маңыздырақ [2].

Псевдоаутистік вариант қарым-қатынастың жеткіліксіздігімен, байланыстың аздығымен ерекшеленеді және бұл церебральді сал ауруымен ауыратын балаларда астеникалық-невротикалық вариантқа қарағанда анағұрлым сирек кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде цереброастеникалық көрініс басым болады. Ойын процесінде балалар тыныш үстел ойындарын қалайды, бағынышты ролін орындайды, ойынға басқалардың инициативасы бойынша қосылады. Оларға ұялшақтық, сенситивтілік, әсерленгіштік тән. Бұл көріністер жасерекшелік дағдарыстар кезеңінде күшейе түседі.               

Санаторий немесе мектеп-интернатқа келгенде олар жаңа жағдайларға баяу бейімделеді, ұялшақтықтарымен ерекшеленеді, түзету-педагогикалық сабақтарда тез шаршайды. Таңертеңгі және музыкалық сабақтарға қатыспай, сыртынан бақылағанды қалайды. Мектеп-интернатта оқудың бірінші күнінен-ақ талаптану мен еліктеушілік танытаты, бірақ еңбекке қабілеттіліктің төмендегі мен кеңістіктік бұзылыстарға байланысты үлгерімдері баяу болады.

Физикалық кемістіктерін уайымдауымен байланысты психогенді реакциялар көбінесе мектеп жасына дейінгі 5-7 жастағы балаларда жиі байқалады.Балалар құрдастарының мазағы және қимыл-қозғалыс пен оқу дағдыларын меңгеруде мүмкіндіктерінің шектеулігін терең уайымдайды.

Пассивті-қорғану сипатындағы психогендік реакциялар псевдоаутистік, астено-невротикалық және астеникалық-фобиялық реакцияларды қалыптастырады. Мұндай балалар тұйық, санымен қатар өз уайымдарын ата- аналарымен әрдайым бөлісе бермейді. Тәжіребейлік іс-әрекеттің әлсіздігі, белсендіөмірдің жеткіліксіздігі бала дүниетанымының тармағына, қызығушылық-тарының біржақтылығына әкеледі [3].

Жас өсе келе мұндай балалар байланысты одан арман шектейді.  Истеройдтың негізгі ерекшелігі - эгоцентризм, өзіне назар аударуды тым жоғарғы талап етушілік. Мұндай аурулардың қызығушылықтары терең емес, пікірлері үстіртін. Олардың өзіндік көзқарастары жоқ, өйткені оларда өздерін сендіру еліктеушілік өте жоғары. Олардың техникалық өмірлерінде  сыртқы әсерлер маңызды рөл ойнайды. Жеңіл, қызықты өмірді қалайды, ойын, сауықты, сәнмен киінгенді ұнатады. Спектакльдер мен көрмелерге барады, бірақ дұрыс бағалай алмайды. 

Истеройдты вариандтқа жататын балалар фантазияға бейім. Мұндай аурулар паталогиялық өтірікшілер, "мифомондар”, "аферистер” деп бейнеленеді. Еріктік іс-2рекеттерінің жоғарғы формалары дамымаған, ұзақ мерзімді мақсатқа бағытталған іс әрекеттерге қабілетсіз.

Осындай балалардың өмірінде эмоциялар маңызды роль атқарады – оларда барлық эмоциялық қабылданған әсерлер олардың естерінде жақсы сақталады.  

Балалардың қимыл-қозғалыстарындағы бұзылыстар, гиперкинездер, бет әлпеттерінің көріксіздігі қоршағандардың назарын еріксіз аударады.

Осыған байланысты ата-аналары балаларының байланысқа түсуін шектейді, барлық уақыттарын балаларымен өткізеді, балаларының тілектері мен талаптарын толық орындауға тырысады. Осыдан келіп мектеп жасына дейінгі балаларда эгоцентризм, өзіне көңіл аударушылықты талап етушілік пайда болады. Мұндай балалар барлық ашық түстілерді-ойыншықтарды, киімдерді, заттарды жақсы көреді, өлеңдер оқып,өз жетістіктерін көрсеткенді жақсы көреді, ата-аналарының бір-біріне немесе басқа балаларға көңіл аударғанын көтере алиайды. Өзін өзі сендіру мен еліктеушіліктің тым жоғары болуынан сыншылдықтың жоқтығы,  эмоциялық тұрақсыздық пайда болады.

Кіші мектеп жасындағы балаларда психогендік реакциялар олардың физикалық кемістіктерін терең уайымдауларымен байланысты пайда болады. Ойын үстінде құрдастарының шеттеуі, мазақтауы оларға қатты әсер етеді. Кейде психогенді реакциялар естен танып қалу, моторлық қозу, гиперкинездердің күшеюі, бұлшықет тонустарының жоғарылауы, салливация т.б.сипатта жүруі мүмкін. Бала жылаған кезе өздігінен тоқтай алмайды, сондықтан уатуды, дәрі беруді талап ет еді.

Мектеп-интернаттарда психологиялық із қалыратын оқиғалар жойылмайды, себебі мектеп дағдыларын меңгеруде қиындықтар туындайды. Ауру балаларда сыншылдық жоқ болғандықтанолар өздерінің мүмкіндіктерін бағалай алмайды, ұжым тілектерімен санаспайды. Эгоцентризмнің басым болуынан олар құрдастарымен жиі дау жанжалға түседі [3].

Бұл варианттың негізгі белгісі-еріктік іс әрекеттердің дамымауы. Ондай балаларды ұстамсыз, еріксіз балалар деп те атайды. Олардың ерік-жігерлері әлсіз, өздерін сендіргіш, мақсатқа бағытталған іс әрекеттерге қабілетсіз  Артта қалу сипаты эмоциялық-еріктік аумақтарынан да, ақыл-ой іс-әрекеттерінен де байқалады. Ерік-жігер сапаларының дамуындағы бұзылыстарға байланысты олар өздерін ұстай алмайды, өз тілектерін тежей алмайды. Мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің дамымауынан олар тез алаңдайды.Бастаған істі аяқтамайды, болашақтары туралы ойламайды. Эмоциялық қозғыштық жоғары, аффективті ашуларға бейім.

Тұрақсыздық церебральді сал ауруымен ауыратын кіші мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі және органикалық инфантилизм ретінде көрінеді. Тұрақсыздық сонымен қатар психиканың тежелуімен де ерекшеленеді: ерік-жігердің әлсіздігі, еліктеу, қанағаттану мотивтері басым, сенгіш, әлеуметтік жағынан дамымаған, тәжірибелік өмірде ориентирі әлсіз.

Мектептегі қиындықтар олардың ақыл-ой қызығушылықтарының қалыптаспағандығымен және ойын іс әрекетіне деген мотивтерінің басымдылығымен байланысты. Үлгерімдері әдетте төмен. Борыш, жауапкершілік сияқты сезімдері баяу дамиды [4].

Қозғыш вариантқа тұлғаның эмоциялық қозғыштығы, әсерленгіштігі, аффективті ашуға бейімділіктері тән.

Тұлғаның психогенді патологиялық сипатта дамуы отбасындағы ұзақ психотравмалық жағдайлар мен гипоопека типтес қате тәрбие салдарынан болады.

Осы вариантқа енетін мектеп жасына дейінгі балалар ерте жүреді, тек кейбіреулерінде ғана қырсықтық, еркелік байқалады. Құрдастарының мазақтарына пассивті-қорғаныс реакцияларымен жауап қайтарады, тұйық келеді, қарым-қатынасты шектейді.

Мінез-құлықтарының алғашқы бұзылыстары мектеп-интернатқа келгеннен басталады. Ол оқудағы қиындықтар, кеңістіктік бұзылыстар, дамудың артта қалуы мен педагогикалық қараусыз қалумен байланысты. Білім алуда мүмкіндігі шектеулі болғандықтан құрдастарының арасында дөрекілік арқылы беделге ие болуға тырысады.

Мектеп жасындағы балалар әсерленгіш, шыдамсыз, дау жанжалға бейім   келеді.

Мектеп жасына дейінгі кейбір балалар қарым-қатынасқа түспейді, ақсайтынын көрсетпеу үшін көшеге күндіз емес тек кешке ғана шығады. Қорғаныс сипатындағы компенсаторлық механизмдер, яғни салданған қолдарын қалтасына салып жүру немесе сумка ұстап жүру сияқты әдеттер пайда болады.

Ауру тұлғасының дамуының әр кезеңінде психогенді дамудың механизмдерінің әсері әр түрлі. Бірақ олардың барлығы бір психогенезге біріккен және әлеуметтік депривация, қарым-қатынастың жетіспеушілігі және т.б. факторларға байланысты.

 

1. Ляпидевский С.С. Невропатология. - М.: Владос,2000.

2. Бадалян Л.О. Невропатология. - М.: Просвящение,1982.

3. Морозова Г.В., Ромасенко В.А. Нервные и психические болезни с основами медицинской психологий. - М.: Медицина,1982.

4. Цукер М.Б. Клиническая невропатология детского возраста. - М.: Медицина,1986.

 

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 4649 | Загрузок: 695 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]