Пятница, 29.03.2024, 00:34
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ АВТОНОМИЯ МӘСЕЛЕСІ
[ Скачать с сервера (47.0 Kb) ] 26.06.2012, 08:35

 

ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ АВТОНОМИЯ МӘСЕЛЕСІ

 

Ж. Ғ. Айуп - ҚазМемҚызПУ-дың жалпы психология кафедрасының пс.ғ.магистрі, оқытушы,

С.Е. Ағыбаева - ҚазМемҚызПУ-дың жалпы психология кафедрасының пс.ғ.магистрі, оқытушы

 

Қазіргі уақытта көп отбасыларда бірінші он жылдығында баланың ешқандай кедергілерсіз үйлесімді дамуы байқалады. Әсіресе осы отбасылар үшін баласының жасөспірімдік шақ күтпеген жерден күтпеген өзгерістерді әкелуі мүмкін. Кезінде ата-анасының нормаларын және құндылықтарын, сәл қарсылықпен болса да қабылдаған бала аяқ асты қырсық, күдікшіл болып шыққаны дүрбідей тиеді. Жиі жағдайда баланың мінез-құлқында ата-ананың талабымен, кеңесімен келіспеушілік байқалады. Ата-анасы қанша жалбаңдап баласының көңілін табуға тырысса да жасөспірім айтқанынан қайтпай: «Ия сіздің айтқаныңыз дұрыс, бірақ ... ». Әбден зеңі құрыған ата-ана ең соңында шаршайды. Ал бала болса бірнеше қайтара мына қорытындыға келеді: «ата-анадан сұраған бос әурешілік». Психологтар жасөспірімнің осындай мінез-құлқын автономия үшін күрес үрдісімен түсіндірсе, ата-анасы таң болып мынандай сөздер айтады: «Біздің отбасымызда бала өзін еркін сезінуіне барлық жағдай жасалынған. Балаға не ұнамауы мумкін».

Автономия үшін күрес жасөспірімдік шақтың айрықша мәні бар мәселе болып саналады. Жасөспірім үшін автономия үрдісінің қандай мазмұнға ие екенін түсіну үшін, ерте балалық шаққа назар аударуымыз керек. Бұл үрдіс ерте балалық шақтан басталып, жасөспірімдік шақта өзінің шарықтау шегіне жетеді. Өзбеттіліктің негізгі психологиялық ұғымы интериоризация ұғымымымен тығыз байланысты. Ата-анасынан интеризацияланған нормалар, шектеулер және жұбатулар, кейін жасөспірімді өзін қайсы бір қауіптіліктен, реніш немесе ауырлықтан қорғануға қабілетті жасайды. Сондықтан жасөспірім ата-анасының қолдауын енді қажет етпейді. Жасерекшелік психологиясындағы әр түрлі бағыттардың өкілдері автономия ұғымының астарында «ата-анасынан бөліну» түсінігінің жатқанын айтады [1].

Психоанализ бағытының өкілдері жасөспірім шақты, Эдип комплексінің қайта жаңғыруымен сипаттайды. Сонымен қатар психоаналитиктердің пікірі бойынша жасөспірім алғаш өз жұбын тапқан күннен бастап, автономияға ие болады.

Жасөспірімдік шақтың қызығушылық, достық, идентификация факторларын екінші орынға ығыстырып, жыныстық факторды ерекшелегені үшін психоаналитиктер жаппай сынға алынды.

Эго-психологиялық бағытының өкілі Эрик Эриксонның реформациялық ықпалы жасөспірім шақтың сипатын өзгертті. Клиникалық зерттеулерде де, жасөспірімдік психология тұрғысынан да «ата-анасынан толық бөліну» өзбеттіліктің негізгі критериі болып есептеледі.

Этолог Н.Морис ата-анасы мен баласы арасындағы қатынастың үш сатысын қарастырған. Нәрестелік шақты «мені құшағыңа ал», мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жас кезеңін «мені жібер», ал жасөспірімдік шақ кезеңін «маған тыныштық бер» сынды қажеттіліктермен сипаттайды. Сонымен баланың «ата-анасынан толық бөліну» мектеп жасына дейінгі кезеңде басталады да, жасөспірімдік шақта аяқталып бітеді. Тек «маған тыныштық бер» қажеттіліктің орындалуы нәтижесінде ғана автономдылық ойдағыдай жүзеге асады. Айналып келгенде жастық шақ басталғанда қайтадан «мені құшағыңа ал» қажеттілігі өз күшіне кіреді. Бірақ үлкейген шақта анасының орнын басқа объект басатыны белгілі жайт.

«Бөліну» үрдісі автономияның қалыптасуымен тығыз байланыста жүреді. Кейбір авторлардың пікірінше «бөліну теориясы» екі мәселені жауапсыз қалдырып отыр:

1.         Жасөспірімнің өзбеттілігіне ешқандай шектеу қойылмайтын отбасыларда автономия үшін күрес қайдан пайда болады?

2.         Ерте балалық шақтан басталатын «бөліну үрдісі» жасөспірімдік шақта толық аяқталып бітеді ма?

70 жылдардың басында Маргарет Малер, нәрестенің туылуынан бастап 3 жасқа дейін «Мен» құрылымының дамуын сипаттаған. Нәрестенің 2-5 ай аралық кезеңін «нормалды симбиоз» деп атаған. Бұл кезеңде нәресте қажеттіліктің көпшілігінің сырттан өтелетінін және «Мен» құрылымының индивид аумағынан кеңейетінін бұлыңғыр сезе бастайды. Анықтап айтқанда нәресте мен ана біртұтас индивид ретінде қарастырылады. Кезеңнің аяғында денелік «Мен»-ң «демаркационды сызығы» қалыптасады, яғни ана мен нәресте арасындағы байланыста денелік «Мен» айқындала байстайды. Екінші кезең 5-12 ай аралығында – дифференциалды кезең. Осы кезеңде нәрестеде спецификалық күлімсіреу пайда болып, бала мен ана арасында эмоционалды байланыс орнатылады. Нәресте бейтаныс адамдардан жатырқап, таныс адамдарын күлімсіреп қарсы алатын болады. Яғни күлімсіреу арқылы нәресте өзінің жеке индивид екенін сезіне бастайды. М.Малер бұл үрдісті сепарация әрі индивидуализация деп атаған. Нәресте қоршаған ортадан өзін бөле отырып, қоршаған әлемді де тануға кіріседі. 12-18 ай аралығында өтетін үшінші кезеңді қимыл-тәжірибе кезеңі деп атаған. Бала қоршаған әлеммен таныса отырып, өзіндік жаңа ашылымдар жасайды. Осылай нәресте тәуелсіз болмысынан қанағат табады. Малер «Мен» құрылымының дамуының соңғы кезеңіне «қайта қауышу» деген ат берген. Қоршаған әлемнің тек өзіне тәуелді емес екенін түсінген сәби, өзінің қорғансыздығын сезініп ата-анасының қамқорлығына тәуелді болады. Сәби мен анасы арасындағы байланыс қарама-қайшы, амбивалентті сипатқа ие болады. Бірде анасынан алыстату қиынға соқса, бірде өзбеттілігін қоймай анасынан алыстағысы келіп тұрады. Үш жасқа таман бұл амбиваленттілік біртіндеп жойылады. Сәби мен ана арасында «оптималды дистанция» қалыптасып, жасөспірім шаққа дейін сақталады [2].

Маргарет Малер ұсынған «Мен» құрылымының даму моделі негізінде Е.Раншбург жасөспірім шақтағы автономия үрдісін төмендегідей түсіндіреді.

Сембиоз кезеңі интериозацияланған нормалар мен құндылықтар мектеп жасындағы баланың мінез-құлқын реттейді, ал ата-анасының бағалары өзіндік бағалауды құрайды. Баланың моральды ой-пікірлері шын мәнінде ата-анасының ой-пікірлеріне негізделген (Ж.Пиаже ой-пікірдің бұл түрін – гетереномды, ал Кольберг – конвеционалды деп атаған). Баланың «Мен» құрылымы дифференциялданған. Осыған қарамастан «Мен - санасы» мен «Біз - санасы» арасында өзінше бір симбиоз байқалады.

Дифференциация және қимыл-қозғалыс-тәжірибе кезеңі баланың жыныстық жетілуімен орайласады. Бұл кезеңде пайда болған жаңа қажеттіліктер кіші мектеп жасынының үйлесімді дамуына кері әсерін тигізеді. Жаңа қызығушылықтар мен құрдастарымен қарым-қатынасы кішкене сәбидің өзбеттілікке талпынуына ұқсас, жасөспірімнің автономия ұмтылысымен ұштасады. Ал автономия үшін күрестің түп жағында индивидуализация үрдісі жатыр. Талдап қарастырсақ индивидуализация да, автономия да идентивтілік құбылысының екі жақты анықтауышы болып табылады. Индивидуализация «бөліну» үрдісімен сабақтасады, ол «қайдан пайда болады» сұрағына жауап берсе, автономия болса жаңа байланыстар мен міндеттерді дәлдеп, «Ары қарай не болады» сұрағына жауабын табуға тырысады. Жасөспірімдік шақтың, 11-14 жас аралығында индивидуализация үрдісі кең аяқ алады. Осы кезеңде құралған байланыстардан «бөліну» жасөспірімнің өзін анықтауына көмектеседі. Бұрын әсіресе тығыз қарым-қатынаста болған адамдардан алыстау индивидуализация үрдісінің айқын көрсеткіші болып келеді. Жалпы индивидуализация, жасөспірімнің ата-анасына қарсы күресінен көрі, ерте балалық шақта интериоризацияланған нормалар мен құндылықтарға қарсы күресін сипаттайды.

14-18 жас аралығындағы жасөспірімдік шаққа тоқталатын болсақ, оған индивидуализм емес, үш бағытта қалыптасатын автономия тиеселі:

1.         Жыныстық бағдарлық;

2.         Индивидуалды көзқарастың қалыптасуы;

3.         Мамандықты таңдау.                 

Қайта қауышу кезеңі. Арнайы әдебиеттерде автономия үшін күрес мәселесі жан-жақты қарасырылған. Жасөспірімнің ата-анасынан көрместей болып қол үзіп кетуі психологиялық іс-тәжірибеде өте сирек құбылыс. Кезеңнің аяғында (15-16 жас) қоғамда өз орнын анықтаған бойжеткен мен бозбала ата-анасымен қайта қауышуға бет бұрады. Ал 17-18 жаста ата-анасына «кешірімді қарау» күнделікті жағдаға айналмақ. Бұрын ұнатпаған ата-анасының әдеттерін, сөздерін, қимыл-қозғалыстарын енді көтере алатын болады. Жасөспірімдік сыннан өткен ата-анасының нормалары мен құндылықтары жастардың өзіндік нормалары мен құндылықтары болып саналады [3].

Сондықтан жоғарыда атап өткен жасөспірімдік шақтың екі мәселесіне мынандай жауап беріледі. Біріншіден, ата-анасы қолдау көрсетсе де, көрсетпесе де автономия үшін күрес міндетті түрде болады. Және бұл үрдіс интеризацияланған нормалар мен құндылықтарды қайта қарастырумен себептеледі. Екіншіден, ата-анасынан толық бөліну автономияның аяқталуына әкелмейді. Құндылықтарды сақтап қалу әрі қатынастарды қалпына келтіру автономияның ұзақ жылды күресінің маңызды бөлігі болып қарастырылады.

Балалықтан жасөспірімдік жасқа дейінгі аралық баланың бүкіл физиологиялық, психологиялық даму үрдісіне тікелей байланысты. Яғни жасөспірімдердің әлеуметтену кезінде көптеген жат қылықтарға барудың бірден бір себебі өзіндік бағалаудың тым жоғары немесе төмен болуда. Адекватты емес өзін өзі бағалау сол адамның өзіне ғана емес, сонымен өндірістік, тұрмыстық және тағы басқа қатынастардағы адамдар өміріне де жағымсыз әсер тигізеді. В.С.Мерлин өзіндік сана-сезім дамуының 4 кезеңін бөліп көрсетеді: 1.Тепе теңдік сатысы : бала өзін қоршағандардан, алғашқыда анасынан бөліне бастайды; 2.«Мен сатысы» (2-3 жасқа қарай) өзін іс-әрекет субъектісі ретінде ұғынумен байланысты; 3. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну; 4. Жасөспірімдік кезде пайда болатын әлеуметтік-адамгершіліктік өзін-өзі бағалау. Айтып кететін жайт осы төртінші кезеңде автономияға ұмтылу өзіндік бағалауға тұрақсыздық сипат береді.

Е.Раншбург ұсынған сембиоз кезеңдегі нормалар мен құндылықтарды интериозациялау үрдісі И.М.Чеснокова бөлген сана-сезімнің сатыларында да өз көрінісін табады :

1. «Мен және басқа адам» шеңберінде өзі жайлы білім қабылданады және оны басқа адам түсіндіреді, ал кейін ол өзіне ауысады;

2. «Мен және мен» шеңберінде адам өз мінез-құлқын жүзеге асыратын.

Ата-анасының бағалаулары түбінде жастық шаққа өткен жасөспірімнің мінез-құлқын реттеуге қатыса отырып, өзін тану мен өзіне деген эмоциялық-құндылық қатынасын қалыптастырады. Осының  нәтижесінде өзіндік бағалау сана-сезімнің негізін құрайды.  А.В.Бороздина бойынша өзін-өзі бағалау өз-өзіне деген қатынасқа негізделмейді, керісінше оның өз-өзіне деген қандай да бір жағымды немесе жағымсыз қатынасын туғызуға қабілетті. Яғни тек шыдамдылық пен махаббат танытқан отбасыларда ғана жасөспірімнің өзіндік бағалауын адекватты қалыптастыруға ат салысады. Соның нәтижесінде бала өзіне деген жақсы қатынасы туындайды. Бұл пікірді О.В.Хулаева ғалымы да қоштайды, оның ойынша өзін-өзі бағалау адамның өзі жайлы білімдері мен өзіне қатынасынының бірлігі  болып келеді. Авторлар көңіл-күй және когнитивтік факторларды негізге ала отырып, өзін-өзі бағалау құрылымын түсіндірген. Өзін-өзі бағалаудың үйлесімді қалыптасуы жасөспірімнің келесі даму кезеңіне қысқа мерзімді дағдарыспен өтуіне жағдай жасайды және автономия үрдісін ұтымды шешеді [4].

Өзіндік бағалау әлеуметтік жағынан шартталған психикалық құрылым болып табылады. Оның дамуының негізгі шарты баланың айналасындағылармен қарым-қатынасы мен іс-әрекеті. Қарым-қатынас кезінде бала бағалаудың шарттарын, салыстырудың тәсілдерін игереді.

Қорыта айтқанда, тек түсінушілік көрсеткен, шыдамдылық танытқан отбасыларда, жасөспірім-дердің өзіне қатынасын, соның ішінде У.Джеймс көрсеткендей өзін сыйлауын анықтайды. Индивидуализация мен  автономияға ұмтылу жасөспірімнің идентивтілікке жетуіне жол ашып, психологиялық -физиологиялық жағынан есеюіне әкеледі. Ақыл кірудің нәтижесінде жасөспірім қателіктерінің бәрін саралап, іштей ата-анасына шексіз риза болады. Осылайша нормалар мен құндылықтар интериоризацияланып, жасөспірімнің сана-сезіміне сіңіріледі. Жастық шаққа өту ойдағыдай болады. Ал ата-анасы өз жағынан сәтті шешілген қарым-қатынастың куәгері болып, даналық сипаты бар өмірлік тәжірибеге иеленеді.

 

1.    Актуальные проблемы возрастной и педагогической психологии. \Под общ.ред. Ф.И.Иващенко, Я.Л.Коломинский. – Минск: Высшей. Шк., 1980.

2.    Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т.\под ред.А.А.Бодалева, Б.Ф.Ломова. – М:Педагогика, 1982.

3.    Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения. Том .2\Под ред.А.В.Петровского. – М,: Педагогика, 1979.

4.    Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т.4; Детская психология.  М.,1984.

 

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 2743 | Загрузок: 715 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]