Пятница, 19.04.2024, 09:48
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ЦЕРЕБРАЛЬДІ САЛ АУРУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
[ Скачать с сервера (50.5 Kb) ] 19.06.2012, 07:31

ЦЕРЕБРАЛЬДІ САЛ АУРУЫНЫҢ  КЛИНИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ  МЕН ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

                       

А.А.Қараманова –

Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының психологы, магистр

                            

Балалалар церебральді сал ауруы соңғы жылдары ең кең таралған аурулардың бірі болып отыр. Балалар церебральді сал ауруы шала дамудың   немесе онтогенезде мидың зақымдануынан пайда болады. Мұнда мидың "жас" алаптары – үлкен жартышар терең зардап шегеді. Ол ерікті әрекеттерді, сөйлеуді және басқа да қызметтерді реттеп отырады. Балалар церебральді сал ауруы әр түрлі қимыл-қозғалыс, психикалық және сөйлеудің бұзылыстарынан көрініс береді. Олай болса, балалар церебральді сал ауруы салдарынан адам өмірі үшін ең маңызды деген, яғни қимыл-қозғалыс, психика, сөйлеу қызметтері зардап шегеді [1].

Балалар церебральді сал ауруы сондай-ақ қалыпты дене жағдайын ұстай алуға қабілетсіздіктен және ерікті әрекеттерді орындай алмаудан да көрінеді. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (сал болуы, парез, координацияның бұзылуы) психиканың, сөйлеудің, көрудің, естудің, сезімталдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін [2]. 

Балалар церебральді сал ауруы  құрсақтағы даму, туу және дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айда пайда болатын ми ауруы. Ауру бірнеше жылға созылады, ал ауыр түрі болса-өмір бойына созылуы мүмкін. Жүйке жүйесінің барлық аурулары секілді, балалар церебральді сал ауруы да-полиэтиологиялық ауру.

Бала өмірінің бірінші айында балалар церебральді сал ауруы диагнозын қимыл-қозғалыс паталогиясын ескере отырып қояды.

Балалар церебральді сал ауруымен ауыратын балалардан бірінші жұмада әлсіздік немесе туа берілетін қимыл-қозғалыс рефлекстерінің жоқтығын байқауға болады: 1) бала қорғанады, етбетінен жатқан бала тыныс алу үшін басын бұрмайды, 2) вертикальді күйде тұрған балалар қалыпты дамыған балалардай сүйенбейді, 3) еңбектеу рефлексі-етбетінен жатқан қалыпты дамыған бала еңбектей бастаса,ауру бала еңбектеуге қабілетсіз [3].

Балар церебральді сал ауруына әр түрлі клиникалық синдромдарды ендіру үшін бұл ұғымның шеңберін анық анықтап алу қажет.Кіші жастағы балалардың қимыл-қозғалысындағы барлық бұзылыстарды осы паталогияға жатқызу қателігі әлі күнге дейін бар.  Балалар церебральді сал ауруына кейбір ауруларды жатқызудың ерекшеліктері:1)паталогиялық үрдістің сақталуы және церебральді бұзылыс құбылыстарының қалып қоюы,2)ми дамуының белгілі бір кезеңінде паталогиялық үрдістің пайда болуы,соның салдарынан ми дамуы кешеуілдейді [4].

Жүйке жүйесінің белгілі бір деңгейіндегі жетілуі адам әрекеті мен  денесінің қалыптасуын білдіреді және дамудың генетикалық бағдарламасымен анықталады.Дегенмен әр түрлі құрылымдардың жетілуінің мерзімі мен жылдамдығы қоршаған орта әсеріне байланысты.Афференттік стимуляция қимыл-қозғалыс талдағыштарының дамуын жылдамдатады. Қызметтік жүйенің кезеңмен күрделенуі белгілі бір филогентикалық деңгейдің қосылуына себепші болады.Ол деңгейлер іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қатысады. Жүйке жүйесінің қалыптасуының белгілі бір деңгейде бұзылуы аурудың клиникалық сипатына әкеп соғады [2].

Балалар церебральді сал ауруының ең негізгі синдромдарының бірі – қимыл-қозғалыс бұзылыстары. Жүйке жүйесінің зақымдануының ауырлығына және оның локализациясына байланысты моторлық бұзылыстардың әртүрлі түрлері қалыптасады.

Нәресте өмірінің бірінші жылында өзінің дене қалыбымен зейін аудартады, мысалы, қол-аяғы кеудесіне қарай енген және бұлшықет тонустары жоғары. Балалар омырауды дұрыс ала алмайды, дене салмағын жоғалтады,мазасыз болады. Жастары өскен сайын қимыл-қозғалыс бұзылыстарының симтомдары жоғарылай түседі: бұлшықет тонустары жоғары, бала отыра алмайды, басын ұстай алмайды, шайнау әрекеттерінде қиындықтар болады, шашалу жиі байқалады. Моторлық дамуының бұзылуы баланың сөйлеу және психиканың дамуының кешеуілдеуіне әкеліп соғады [2].

Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының деңгейлері әр түрлі, кейбір полюстерінде өте ауыр бұзылыстар байқалса, келесі полюстерінен минимальді бұзылыстар байқалуы мүмкін. Мысалы, ауыр бұзылыстар кезінде психикалық және сөйлеу бұзылыстарының кездеспеуі мүмкін немесе минимальды бұзылуы мүмкін және керісінше қимыл қозғалыстың  жеңіл бұзылыстарында өте терең песихикалық және сөйлеу бұзылыстары   болуы мүмкін.

Балалар церебральді сал ауруын зерттеудің негізін салушы ағылшын дәрігері, хирург – ортопет  В. Литтл болып саналады. Ол ХІХ ғасырдың соңында аурудың клиникалық көрінісін сипаттап, оны туу кезіндегі қиындықтармен және нәрестенің шала дүниеге келуі немесе  асфексиямен байланыстырды. В. Литтл аяқтың бұлшықеттерінің тонустарының жоғарылығына зейін аударды. Соңынан қолдың бұлшықеттерінің гипертониясының жағдайына сипаттама берді.

Онтогенездің ерте кезеңінде мидың қалыптасуының зақымдануы бірқатар жағымсыз ықпалдарыдың салдарынан болуы мүмкін. Әсіресе жүктілік  және туу кезіндегі зиянды факторларға көңіл ерекше бөлінді. Зиянды факторлардың ықпалы мен церебральді сал ауруының пайда болуы арасындағы біржақты байланысты анықтау  әрдайым мүмкін болмайды.

Егер церебральді сал ауруымен  100 бала ауырса, оның  30-ы -  құрсақта, 60-ы туу кезінде, 10-ы - дүниеге келгеннен кейінгі кезеңде пайда болады (Л.О. Бодалян, Л.Т.Журба, Н.М.Всеволожская).

Құрсақтағы нәрестеге жағымсыз әсер ететін зиянды факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

1.  Жүктілік кезінде анасының жұқпалы аурумен ауруы (қызамық, цитомегалия, токсоплазмос, тұмау т.б.);

2.  Анасында жүрек- қан тамырлары мен эндокриндік бұзылыстардың болуы;

3.  Жүктілік кезіндегі  токсикоз;

4.  Іштегі нәрестенің физикалық жарақат алуы, соғылуы;

5.  Резус-фактор бойынша анасы мен баласынаң қандарының сәйкес келмеуі;

6.  Психикакалық травмалар, оның ішінде  жағымсыз эмоциялар;

7.  Физикалық факторлар (дірілдің әсер етуі, артық мөлшердегі ультракүлгінді сәуле);

8.  Кейбір дәрілер;

9.  Экологияның жайсыздығы;

Туу кезінде балалар церебральді сал ауруының пайда болуы акушерлік жарақаттармен де байланысты. Мұндай жағдайда балалар церебральді сал ауруының пайда болуының тікелей себебі миға қан құйылуымен нәресте асфециясы т.б.

Балалар церебральді сал ауруының пайда болуына анасының жасы да әсер етуі мүмкін. Әсіресе 18 жастан  төмен немесе  30 жастан жоғары жастағы және бірінші жүктіліктегі әйелдер жиі токсикозды бастарынан кешеді. Баланың салмағы төмен болады.  Жасы 18-ден төмен әйелдер отбасы және тұрақсыз әлеументтік экономикалық жағдайлардың салдарынан жүктілік кезінде жиі стреске түседі. Баланың дүниеге келуін қаламау үздіксіз темекі шегуге әкеледі. Анасының жүктілік кезіндегі соматикалық және энодокрендік аурулармен ауруы дүниеге патологиясы бар бала әкелу қаупін жоғарлатады.

Орта есеппен жүкті әйелдердің 30%  анемиямен ауырады. Құрсақтағы баланың жұқпалы ауруды жұқтыруына әр түрлі себептер бар (вирустар, микроплазмалар), олар іштегі нәрестеге плацента арқылы енеді. Инфекцияның әсерінен  онтогенез кезеңінде мида кемістік дами бастайды; оның көбі іштегі нәрестенің өліміне әкеледі.

Алкогольдің (ішімдіктің) іштегі нәрестенің дамуына әсері соңғы жылдары барлық елдерде зерттеудің пәні болып табылады. Ішімдіктің дамушы организмге кері әсер ететіні ертеден белгілі. Ішімдікті жиі пайдаланатын әйелдер дүниеге жиі салмағы төмен балалар әкеледі.

Қазіргі таңда әр түрлі зерттеулер арқылы өсіп келе жатқан іштегі нәрестенің оралық жүйке жүйесіне кері әсер ететін төрт жүзден астам факторлар анықталған. Асфексияны әсіресе клиникалық өлімді басынан кешірген балада   Церебральді сал ауруның пайда болуы ықтимал.

Балалар церебральды сал ауруы дүниеге келгеннен кейін де нейроинфекция (менингит, энцефалит) және басын ауыр жарақаттап алуы салдарынан да пайда болады.

Құрсақта, туу және туылғаннан кейінгі даму кезеңінде зиянды факторлардың миға әсер етуі мида және оның қыртысында әр түрлі өзгерістер тудырады да,олар қалыпты дамуға кедергі келтіреді [1, 317-318]. Қазіргі таңда балалар церебральді сал  ауруының жалпыға қабылданған өз жіктемесі бар. Онда аурудың ми жұмысының зақымдануының барлық формалары ескерілген. Осыған байланысты бұл жіктеме келесі бес формаға бөлінеді.

1. Спастикалық диплегия.

2. Гиперкинетикалық форма (екілік атетоз).            

3. Спастикалық гемиплегия (екілік гемиплегия).            

4. Атоникалық-астатикалық форма.

5. Гемипаретикалық форма.

1.         Спастикалық диплегия. Бұл ауру көбінесе туу кезіндегі жарақаттардан пайда болады, сонымен қатар құрсақтағы зақымдану салдарынан болуы да мүмкін. Бала өмірінің бірінші айында спастикалық салдар аяқта және қолда көрініс береді.

Қимыл-қозғалыс жүзеге асу үшін импульстер бас миы   қыртысының қозғалыс аймақтарынан бұлшықеттерге еш кедергісіз беріліп отыруы керек. Спастикалық диплегия кезінде бас миының қыртысының қозғалыс аймақтарының зақымдануы немесе негізгі қозғалыс жолдарының бұзылуына байланысты импульстер аяққа дұрыс берілмейді де, соның салдарынан олар салданады. Осылайша, сал немесе плегия - рефлекторлы жолдағы бұзылыстар салдарынан бұлшықетте және бұлшықет топтарында қимыл- қозғалыстың болмауы. Қимыл-қозғалыс функциясының жарым- жартылай бұзылуы- парез деп аталады. Спастикалық диплегия кезінде орталық қозғалыс нейроны зақымданып, орталық салдану немесе парез пайда болады.

Спастикалық диплегия аяқ-қолдың салдануымен ерекшеленеді және мұнда аяқ қолға қарағанда ауыр зардап шегеді. Қолдың салдануы әр түрлі болады. Ол әрекеттердің көлемімен күштерінің аздап шектелуі мен жеңіл маторлы икемсіздікке дейін болуы мүмкін және олар жазуда, мазайкаларды құрастыруда, еңбек операцияларында көрініс береді.

Егер қолдың қызметі жеңіл бұзылған болса, онда аяқтарының салдануы бірінші орынға шығады. Аяқ-қолдың жұптанып салдануы, яғни екі аяқтың немесе екі қолдың бірдей салдануы - диплегия (параплегия) деп аталады. Дегенмен кейбір әдебиеттерде спастикалық диплегияны тетраплегия ( тетра парез) ретінде ерекшеленеді деп жазып жүр, яғни екі аяқ екі қолдың бірдей бірге салдануы.

 Спастикалық диплегияның негізгі белгісі аяқ бұлшықеттерінің тонустарының жоғарлығы. Аурудың жеңіл формалары баланың бес- алты айында көріне бастайды. Мұндай жағдайда балалар жай жүреді және мынандай ерекшеліктер тән: аяқтарына қиындықпен ие болады, кейде тіпті айқасып қалады. Орнынан тұру немесе жату кезінде аяқтары бір мезгілде әрекет етеді. Қолдары аз мөлшерде зақымданғандықтан, оларды пайдаланудың мүмкіндігі бар: аурулар бір орыннан қозғалу немесе жүру кезінде өзіне көмектесе алады және мұндай аурулардың өздерін өздері күту, енбек ету, жазу тағы басқа дағдыларын қалыптастырып, дамытуға мүмкіндіктері бар.

 

1. Додонов Б.И. Эмоция как ценность. - М., 1978.

2. Обуховский К. Психология влечений человека.М.: Прогресс, 1995

3. Основы специальной педагогики /Под.ред. Н.И. Назаровой. - М., Академия, 2002.

4. Ляпидевский С.С. Невропатология. - М., Владос, 2000.

5. Бадалян Л.О. Невропатология. - М.: Просвящение, 1982.

6. Морозова Г.В., Ромасенко В.А. Нервные и психические болезни с основами медицинской психологий. - М., Медицина, 1982.

7. Цукер М.Б. Клиническая невропатология детского возраста. - М., Медицина, 1986.

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 7449 | Загрузок: 1746 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]