Вторник, 23.04.2024, 18:39
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
[ Скачать с сервера (60.0 Kb) ] 13.06.2012, 11:31

ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ ФАКТОРЛАРЫ

 

К. Елшібаева - ҚазМемҚызПУ, Теориялық және практикалық

психология кафедрасының  аға оқытушысы

 

Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді. Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде ересектер міне осыны ұмытпағандары жөн. Бүгінгі таңда дүние жүзінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ең өзекті мәселелердің бірі. Күніне әлемде қаншама бала осы «суицид» деген дерттің құрбаны болып отыр.

Ең алдымен «суицид» деген сөздің мағынасына түсініктеме беретін болсақ – ол  адамның өз-өзіне қол жұмсау, яғни өзін жою әрекеті. Бұл қоғамдағы өткір психологиялық зақымдаушы жағдайлардың әсерінен болады. Мұндай жағдайда ең жоғары құндылық болып саналатын адам өмірі өз мәнін жоғалтады. Суицидтің себептері әртүрлі және ол субъектінің жеке тұлғалық формасының өзгеруіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өнегелілік ұйымдастыруларына да байланысты болады.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың формалары:

·            суық суицид – бұл жағдайда жасөспірім шынында өмірден кетуді қалайды, яғни өмір сүргісі келмейді.

·            белгілі бір ойын ретінде болатын суицид – яғни, бұл адам өзін басқалардың құтқарып алатынына сенімді, ол жай ғана өзгелердің оған назар аударуын қалайды.

·            жасөспірімнің әр түрлі проблемалардан құтылу тәсілдері ретіндегі суицид – бұл жағдайда жасөспірім суицидті барлық проблемаларды шешудің ең тиімді әдісі деп біледі.

Суицид өте әсерлі құбылыс, ол сән, үлгі ретінде болып қалуы да мүмкін, әсіресе олар өте құрметтейтін, еліктейтін адамдар өмірден кеткен жағдайда (мысалы, өзі табынатын адамның өмірден кетуі). Өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарған адамдар өздерінің проблемалаға тұйықталып қалғандығымен және ол проблеманы шешу жолдарын таба алмайтындығымен қажетті болады, сондай-ақ «Мен сенсіз өмір сүре алмаймын», «Сенсіз өмірдің маған еш қажеті жоқ» деген ойлар өзінің жақын адамының басқа біреуге кетіп қалуы немесе опасыздық істеуінен пайда болады да, жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді.

Жасөспірімдер өздерінің және эксперт психологтардың көзқарастары бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері төмендегі жиі кездесетін мысалдар арқылы түсіндіруге болады:

·           көмекке шақыру - өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдардың көпшілігі шын мәнінде өмірден кеткісі келмейді. Өз-өзіне қол жұмсау – бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі ретінде ғана қаралады. Мысалы, басқалардың өзіне көңіл бөліуне немесе махаббатқа қол жеткізуі. Өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі маңыйындағыларға мұндай ойы барын сездіруге тырысады. Көбіміз оған мән бере қарамай, сөз астарын түсінбей қалуымыз мүмкін. Дегенмен де олардың көбі өлімнен қорқады, қорқа тұра соған барады, себебі, жүрек түкпірінде біреу-міреу құтқарып қалар деген үміттері бәрібір блады. Жасөспірімдер арасында дайындалып жүріп шын мәнінде өмірмен қоштасатындар өте аз. Олар осындай әдіспен өздеріне назар аудартқылары келеді.

·           болашаққа үмітсіздік – жасөспірімге өмір мәнсіз көрінеді. Және болашаққа сенімі жоғалады. Өз өмірін жаөсарту немесе жаңалау үміті жоғалады.

·           проблеманың көптігі – жасөспірім үшін проблемалардың соншалықты шешімінің жоқтығы, оларды бір-бірлеп шешу амалдарының табылмауы. Мысалы, жасөспірім қылмыс жасағанда немесе қыздың жүкті болып қалуына бйланысты.

·           біреуге жәбірлік істеу, қасірет келтіру әрекеті – «Олар әлі өкінеді», «Оларға мен әлі-ақ қайғы тауып беремін» деген сияқты ойлардың болуы.

·           суицидті проблемаларды шешу тәсілі ретінде көру – бұл кезде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауды ерліктің және күштіліктің белгісі деп қарайды. Бұл арқылы бала барлық проблема шешіледі деп ойлайды.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері: өз жұмыстарын ретке келтіру:

1. Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап, түю. Күнделікті тіршілікпен қалай болса солай жүрген адам бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды, яғни, бұл оның соңғы дайындықтарды жасағандығы болуы мүмкін.

2. Қоштасу - өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

3. Сыртқы қанағанттанушылық – күш-қуаттың пайда болуы. Өзіне қол жұмсау туралы жоспары толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс энергия пайда болады. Күш-қуат көбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін.

4. Жазбаша түрде - хатта, күнделікте немесе басқадай түрде жазуы

мүмкін.

5. Нұсқауларды жай сөзбен немесе қауіп төндіріп білдіруі.

6. Жоғарыда көрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын адамынан айырылу. Үйінен айырылу.

7. Ұйқысыздық.

Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері

Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).

Үмітсіздік - өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.

Проблеманың көптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.

Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.

Субмәдениеттің жасөспірімдер көңіл-күйіне әсері

Субмәдениет – бұл жалпылай қабылданған ұғымдармен өмірлік сенімдері, көзқарастары және әрекеттері сәйкес келмейтін, сырт көзден жасырын, мәдениет туралы кең ұғымнан айырмашылығы бар адамдардың қауымдастығы.

Субмәдениеттер көбіне жеке идеялы ұғымдарға ауысады. Олар жас шамасына, нәсілге, этникалық және тапқа тәнділікке, жынысқа бөлінуі мүмкін. Субмәдениеттер үшін эстетикалық, діни, саяси, нәпсілік немесе кез-келген басқа да сипаттамалар анықтаушы белгілер болып табылады. Субмәдениеттер әдетте өздері орын алған кең бағыттағы мәдени құндылықтарға оппозиция ретінде пайда болады. Оларға табынушылар өз бірліктерін басқалардан ерекшеленетін киім киісі немесе іс-әрекеттер, сонымен бірге ерекше нышандар арқылы байқатады. Алайда, барлық субмәдениеттер сыртық бейнесімен ерекшелене бермейді. Бүгінгі күні көптеген заманауи ағымдар ерекшелену екпінін рухани немесе саяси сенімдермен ұштастырады.

Бұл тақырып қазіргі заманның көкейтесті мәселесі. Әлем бойынша бейресмилікті қабылдаған жасөспірімдер саны күннен-күнге өсуде. Сондықтан да осындай «бос-қуыс» мәдени ағымдар туралы білген дұрыс және өмірде олардың өкілдерімен нақты кездесіп қалған сәтте дайын болу керек. Қандай да бір субмәдениетке түскен адам онымен біртұтас қалыптасады. Ол өзі түскен жаңа қоғамының барлық тәртібін, заңын қабылдайды, жеке басының құндылықтар жүйесі мен өмірге деген көзқарасы өзгереді. Кейбір адамдар тек қана сырттай әсер алып, айналасаныдағыларды таңқалдыру үшін, бейресми қоғамның мазмұны мен философиясын зерделемей-ақ субмәдениеттерді жиі ауыстырады. Кейде өзі барып жүрген бейресми қоғамының мағынасын түсінбейтіндер де болады. Осылайша атүсті қарайтын көбінесе жас жеткіншектер. Ересектерге де қауіпті болып келетін осындай субмәдениеттерге сенімі қатаймаған жеткіншектер баратын болса, міндетті түрде проблемалардың туындайтындығы айдан анық. Жасөспірімді еліктіретін, субмәдениеттің әйтеуір бір теріс жағы міндетті түрде табылады. Бұл жерде ең қауіптісі секталар. Мысалы, жын-шайтандар сектасы. Оған «қабылданғандардың» көбісі дұрыс өмірге оралмайды. Ол өзінің табынушыларына гипноз сияқты әсер етеді. Жын-шайтан сектасының ережесіне сәйкес, оған табынушы міндетті түрде адамды болмаса да малды құрбандыққа шалады, бұзықтық әрекеттер жасайды. Бұл адамның өзіне де, айналасындағыларға да қауіп келтіреді. Міне, сондықтан да, сана сезімі дұрыс ересек адамның өзі шыдай алмайтын мұндай әрекеттерге «қанаты қатаймаған» жеткіншек психикасы көргені мен өзі жасаған қылықтарын көтере алмауы мүмкін. 

Бейресми қозғалыстар мен субмәдениеттер тақырыбының проблемалылығы өте күрделі, өйткені ол бүгінгі заманның көкейтесті  мәселелерінің ең бастысы болып отыр. Енді жеке топтар мен субмәдениеттерді, мәдениеттің жеке мазмұнын, оның даму тарихын және олардың мүшелерінің тіршілік атқару түрін қысқаша қарастырайық.

Хиппи – жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының басында пайда болған субмәдениеттің ерекше шағын тобы. Хиппи тұрақты түсініктерге жирене қарап, орта класс құндылықтарын сынға алған және Вьетнам соғысының, ядролық қаруды қолдаудың радикалды оппозициясы ретінде АҚШ-та шыққан. Олар христиан және иудаизм дінінен айырмашылығы бар, сол кезде ешкімге белгісіз дінді әйгілі етті. Хиппи нәпсілік төңкеріске итермеледі, адам санасын кеңейтеді деген лақаппен психоделикалық есірткелерді қолдануды мадақтады.

Гламур -  клубтық және зайырлық өмірмен байланысты нәрселердің бәрінде бұрыннан болғанымен, бұл жақында ғана құрылған қозғалыс. Гламурлы адам әдемі болуы керек, әдемі дегеніміз ол өте әсем дегендік. Жалпы гламур идеяларының мазмұны позитивті. Олар үздіксіз шешілмейтін әдептілік, әлеуметтік және жеке тұлғалық проблемалар алып келмейді. Керісінше, гламур ешқандай проблемасыз өмірдің, тоқтамайтын жарқын мерекенің манифесті. Кейде гламурды әлемдегі субмәдениеттердің позитиві деп те атайды, бұл қозғалыс өкілдері, достары мен сауық кештері өте көп, жасанды әлемде өмір кешеді. Осы бағыттың өкілдерінің басты мақсаты – жорналдың жылтыр бетіндегі идеалдарға еліктеу.

Аниме – бұл анимациялық суреттердің аталуы. Олар Жапонияда шығарылады және еліктеушілердің образға енгендіктері соншалықты, өздерін солармен бірдей ұстайды. Ең қызықтысы, олардың қандай да бір болмасын идеологиясы жоқ болғанымен, кейде тіпті орыс мәнеріне келетін жапон тіліндегі сипатта тамаша слэнгтері бар.

Бұл мәдениеттің де қарсыластары жиі кездеседі. Сыншылдар олардың көзқарастарының жалпы әлемнен тым алшақтығын, таланттарының басқа мәдениетке кетіп қалғандықтарын айтады. Басқа қырынан алып қарасақ аниме мәдениетінің жақтаушылары қоғамдық қарсыластық пен саяси қозғалыстарды  жасаудан аулақ. Олар тек өз әлемдерінен шыға бермейді.

Сұмырайлар (падонки) – бұл интернет-қауымдастығында пайда болған, бүгінгі күнде дамып жатқан, қазіргі заман субмәдениеті. Негізгі идеологиялық ерекшелігі – өз құмарлығын қанағаттандыруда тұлғаның еркіндігі. Басқа қырынан алып қарағанда, олар ұлттық, нәпсілік және басқа да азшыл қоғамдарға наразылық танытады, кейде флэшмобтар өткізеді – бірлесе немесе бір уақытта қандай да бір болмасын тұтынушыға жеңілдік ретінде жәрдем береді.

Натуристер – қоғамдық және жеке орындарда тыр жалаңаш күйде тұру құқығын талап етеді, қорғайды. Теңіз немесе көл жағлауында дем алушылардың өз денесін ашық ұстаудан натуристер мен нудистердің айырмашылығы, адамның табиғатқа бір табан жақындығын білдіру деген өзіндік философияны ұстануында. Тек киімнен бас тартып тыр жалаңаш жүргендіктерін әлемдік түйсіну деп түсінгендіктері болмаса, натуристер қалыпты өмір сүруді насихаттайды. Олар жағымсыз дағдылардан аулақ, спортпен бар ниетімен айналысады. Жалаңаш адам өз үрейлеріне аса мән бермейді деп есептейді натуристер. Олар стреске, сенімсіздікке, қорқынышқа, ұятқа қарсы күшті құрал бұл – нудизм деп есептейді.

Скинхэдтер – бұл жеңіл саяси бағыттағы нәсілшілдер, ультраұлтшылдар. Олар бір ұлт өкілдерінің өзге ұлтты кеміту мысалдарын келтіре отырып, ұлттық бостандықтқа шақыратын үгіттеу стилін ұстанады.    Скинхэдтердің ұлттық тазарту, қоғамды әдеп нормаларына сәйкес жауынгерлер мен жұмысшы кластарын белгіленген тапқа бөлу бойынша нақты бағдарламалары бар.

Готтардың ерекше идеологиясын белгілеу қиындау. Бұл қозғалысқа жататындардың көңіл-күйі мен эстетикалық ерекше маңыздылығы – мұнда романтизм мен неоромантизмнің әсер етуі. Көңілсіздікке және құпиялылыққа тартылу байқалады. Бұл субмәдениеттің сипатына зорлық, дәрменсіздік, толеранттылық енеді.

Эмо – бұл эмоциялы сөзінің қысқаруынан пайда болған субмәдениеттің анықтамасы. Эмо өкілдері тиісті музыкаларында айқын көрінетін өздерінің стилі және идеологиясымен көпке белгілі. Эмо өкілдері қара түсті шашымен, макияжымен, киімімен белгілі. Басқаша киіну үлгісінің бағыты тыртитып киінген тері шалбарлар (тіке тігілген джинсы-труба), мұндай киім ер адамдарда да және әйел адамдардың да стилінде бірдей, денемен дене болып тұратын футболкалар, үлкен түймелі қыстырғыштары бар белбеулер. Аяқ киімдері кеды сәніндегі қара түсті болып келеді. Олардың готтардан айырмашылығы қара түске қосымша ақшыл қызғылт түстерді араластыра киеді. Шаш үлгісі де ерекше, кекілдері бір жаққа қарай жиырылған, шаштары тік, қара түске боялған.

Эмоның идеологиясы адамның ішкі сезімі мен көңіл-күйі айналасында шоғырланады. Эмоның негізгі түсініктері: қайғы, сағыныш және махаббат. Олар жан жарасын жеңілдету үшін өз денесіне жарақат келтіреді. Эмо бүкіл өмірге тек бір ғана махаббат деген ұстанымға сенеді. Осыдан олардың айырылысқанда не үшін қайғыратындықтары түсінікті. Егер сен өмірдегі махаббатыңды кездестіргенде, ол ғайып болып кетсе, онда өмір сүрудің қажеті қанша деген нанымда болады. Әр Эмоның арманы – қолдағы тобық білезік жеріндегі күре тамырды кесу арқылы ваннада қан жоғалтудан өлу. Осыған байланысты, олардың кейбіреулері жарақат жасалған жерді жасыру үшін қолдарын таңып жүреді. Олар жақын адамдары үшін жанын қиюға әзір, ең бастысы туыстары бақытты болсын деген ұстанымда.

Міне, осындай қалыптан тыс іс-әрекеттер төңірегімізде толып жатыр. Жеткіншектердің жан дүниесіне және психикасына кері әсер етуші жаңадан шығып жатқан субмәдениеттер, топтар, бағыттар жиі кездесуде. Сондықтан да олардың басын ашып, талдап, жіктеп көрсетіп отырмыз.

Төменде жеткіншектердің толық қанды өмір сүруіне кедергі келтіретін зорық-зомбылық түрлері ұсынылады. Бұл да суицид көрінісін беретін факторларға жатады.

Дене зорлық-зомбылығы – баланың дамуына кедергі келтіруші және  ауырлық тудырушы қатаңдық пен басқа да мақсатты бағытталған антигуманды әрекеттер (дене жарақаты: ұрып-соғу, тістелеу, күйдіру, әдейі тұншықтыру немесе суға баттыру, сонымен бірге балаға у және адекватты емес дәрі-дәрмек беру).

Жыныстық зорлық – ересектердің балаларды өзінің жыныстық қанағаттанушылығын алу үшін пайдалану. Жыныстық қызметке апару үшін  қорқыту, күш көрсету, айлакерліктерді қолдану. Порнографиялық өнімдерді жасау, көрсету мақсатында балаларды пайдалану. Жезөкшелікпен айналысуға итермелеу.

Эмоционалды (психикалық) зорлық – өзіне деген сенімділікті жоғалтуға және намысына тиюге  алып келетін махаббат пен назардың жетіспеушілігі, кекету мен қорқытуы үнемі сезінуі. Оның жас ерекшеліктеріне сай келмейтін талаптар қою, ересектер тарапынан орындалмаған уәделер мен өтірік баланың сенімінен шығады.

Немқұрайлы қарым-қатынас – киім, тамақ, емделу, тұратын жері жөніндегі баланың өмірлік тұтынушылығының қанағаттанбауы.

Қандай жағдай болса да жасөспірімдерде суицид көрінісінің алынуына ересектер жауапты. Суицидке бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, айтылатын сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқайымен зарлаған бала өзіне көмек іздегенде ересектерден  жауап күтетініне күмән келтірмеген жөн. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына ең жақын адамы - ата-анадан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Білім беріп жүрген ұстаздар, мектеп психологы, достары және т.б. қасында жүрген жандар жеткіншекпен ата-анадай көп уақыт бірге бола алмайды, бірақ та олар қандай да бір өзгерісті сезсе баланың ата-анасына жеткізгені жөн. Жасөспірімнің жабығу көңіл-күйінің алдын алу, суицидтің алдын алу болып табылады. Бұл іс-шарада ата-ана маңызды рөл атқаруы дұрыс. Баланың көңіл-күйі төмендеуі және жабығудың басқа бегілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн. Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектерге үнемі әлеуметтік психологиялық тренингтер жүргізіліп, психолог, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог алдын алу шараларын ата-анамен тікелей байланыста бола, бірлесе отырып атқарған дұрыс.

 

1. Брель Е.Ю. Социально-психологические факторы формирования тревожности у младших школьников и пути ее профилактики и коррекции. Авт.канд.дис. Томск, 1996.

2. Изард К.Э. Психология эмоций. СПб., 1999.

3. Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., 1979.

4. Кочубей Б.И., Новикова Е.В. Эмоциональная устойчивость школьника. М., 1998.

5. Кривцова С.В. Тренинг: учитель и проблемы дисциплины. М., 1997.

6. Лоренц К. Агрессия (так называемое зло). М., 1994.

7. Практикум по социально-психологическому тренингу / Под ред. Б.Д.Парыгина, СПб., 1997.

8. Психологический словарь /Под ред. В.П.Зинченко Б.Г., Сещерякова В.С., М., 1997.

9. Эберлейн Г. Страхи здоровых детей. М., 1981.

10.    Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. Алматы Нұр-Принт 2008

11.    Білім беру мекемелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары, Алматы облыстық білім басқармасы, Алматы облыстық мамандар кәсіби дамыту институты, Алматы, 2011. - 104 бет.

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 5603 | Загрузок: 1525 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]