Пятница, 19.04.2024, 15:44
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Разработки и статьи учителей с приложениями

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
[ Скачать с сервера (49.5 Kb) ] 13.06.2012, 11:30

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ж.Т. Джаксынкаева - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухы биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Жалғыздықты тіршіліктің бергені ретінде ұғынудан қашатын, адамдар сипаттамаларын қарастыра отырып, Кайзер экзистенционалды неврозды клиенттерге тән, үш тенденцияны бөліп шығарды [1,2].

1.    «Құйма (сплав)» - өзіндік тұлғасының жоғалуын қалау, басқа біреумен үйлесіп кету, себебі индивидуалды болуды қалау жалғыз болу ерлігімен байланысты, ал жалғыздық көбіне тұлға үшін бастан кешіруі азап болып келеді.

2.    «Әмбебап симптом» - жүзеге асқан үйлесім, басқа біреумен үйлесу амалы және сонымен қатар екіжүзілік сезімін бастан кешіруі.

3.    «Әмбебап конфликт» - бұл қалаулы емес жалғыздық сезімін, қасірет ретінде бастан кешіруі.

Бұл тенденциялар клиентке жалғыздықты ұғынудан туындаған бастан кешіруден қашуға көмек береді. Невротик жалғыздықтан арылу үшін барлығын жасайды, ал осы уақытта ауытқулары бар тұлға жалғыздық күйін адамзат тіршілігінің жасанды түрі ретінде, тәуелсіз құрылым және өзіндік реализация мүмкіндігі ретінде, өзі үшін толық қанды жауапкершілік ретінде қабылдайды.

Мәні бойынша, Сартр да осыны жазады: «Адам қаншалықты өзін жүзеге асырады, соншалықты ғана тіршілік етеді. Ол өзін, өзінің жеке өмірі ретінде, өзінің әрекеттерінің жиыны ретінде көрсетеді» [3].

Перлз өзінің «Гештальт - подход» атты еңбегінде: « Бір де бір индивид өзіндік жеткілікті емес. Индивид әрқашан бір тұтас алаңды бірге құрайтын ортада ғана тіршілік ете алады», деп жазады.

Когнитивті көзқарастан экзистенциалды амал. Сын. Д. Перлман және Л. Пеплоның «Теоретические подходы к одиночеству» мақаласында Л. Пепло экзистенциалды амал туралы былай жазады: «Экзистенциалисттер есептің бастапқы күткен сипатында, адам ең басынан жалғыз туралы «фактіні» қабылдайды. Басқа ешкім бізбен сезімдері мен ойларын бөлісе алмайды, бөлісе алмаушылық біздің бастан кешіруіміздің тіршілік күйі болып табылады. Осы көзқарастың жақтаушылары, адам жалғыздықты сезіне тұрып, қалай өмір сүреді деген сұраққа назар аударады [4-5].

Л. Пепло түрдің экзистенциалды сентенциясын астарлап отырған секілді: «Біз бұл өмірге жалғыз болып келеміз және жалғыздан өлеміз, ешкім топпен өмірге келіп немесе өлуге қабілетті емес...», бірақ, біріншіден бұл жерде жалғыздық туралы емес, адамзат тіршілігінің шеттетілуі жайында сөз болып отырғанын айта кету керек. Екіншіден, адам жалғыз дүниеге келіп және жалғыз өлетін болған соң, ол өмір бойы жалғыз болуы керек емес.

Экзистенциалды психотерапия міндетіне адамды жалғыздық күйіне бейімдеу және бұл күйді оның өмірінің нормаға сай етуі кірмейді, мүлдем керісінше.

Біз көріп отырғандай, мәселе «жалғыздық» және «шеттетілушілік» түсініктерінің араласуының салдарынан пайда болып отыр.Осы ұғымдар арасындағы түбегейлі айырмашылық туралы мәселе және, бір ұғымның басқа ұғыммен алмастырылуы неге алып келетінін, төменде толығымен жақсы қарастырылған.

Экзистенциалды амалды, Л. Пепло жалғастырады, ол экзестенциалды философиямен тығыз байланысты. Экзистенциализмнің философиялық ойларын   тәжірибеге алғаш ауыстыру амалдары (Л. Биневангер және Н. Босс) шектеулі нәтижелер береді. Экзистенциалды ойлаушы философтар қатары М. Бубер, П. Тилнех, М. Бахтин және басқалары психологтарға үлкен әсерлерін тигізді, бірақ бүгінгі күнде экзистенциалды амалдар шыңы жалпы педагогикалық теориялар және В.Франкл, Р. Мэй, Д.Бьюдженталь секілді авторлармен экзистенциализмнің философиялық негізінде өңделген   негіздері болып табылады [6].

Экзистенциалды теорияларда тіршіліктің бергенімен индивидуумның конфронтациясымен шартталған базалық конфликтіні бөліп көрсетеді. Мұнда берілген тіршілік мәлімдемесі, әлемдегі адамның белгілі бір соңғы ажыратылмас факторлары түсіндіріледі.

Сонымен жалғыздық сезімін зерттеудегі амалдар бойынша қорыта айтар болсақ:

1.       Осы теорияларды жалпылай келгенде былай айтуға болады, яғни, бұл   жалғыздық сезімі, тамыры балалық шаққа кететін, жағымсыз күй ретінде қарастырылады.

2.       Экзистенционалды феноменологияның көзқарасы бойынша жалғыздық бұл тұлғаның ішкі әлемімен жоғалған маңызды нәрсенің бірегейлік байланысын құрайтын комплексті сезім болып келеді.

3.       Жалғыздықтың себебі адамның өзі болып табылатын роджериандық амалдан айырмашылығы, кейбір әлеуметтік психология өкілдерінің жалғыздықтың қоғамда пайда болуында жауапкершілік танытады.

4.       Вейс – жалғыздық мәселесіне деген интеракционистік амалдың басты өкілдерінің бірі. Оның жалғыздықты түсіндіруі екі себеп бойынша интеракционистік ретінде бағалауына мүмкін: біріншіден, ол жалғыздық – бұл тек тұлға факторының функциясы немесе жағдайлар факторлары емес екенін айқындап көрсетеді; екіншіден, Вейс жалғыздықты бауырмашыл, басқарма және баға секілді әлеуметтік қатынастарды қолдана отырып бейнеледі.

5.        Когнитивті бағыттың өкілдерінің көзқарастарына сәйкес  жалғыздық сезімі мен әлеуметті-ліктің жетіспеушілігінің арасындағы байланыстарды түсіндіру үшін өзекті болып табылады. Л.Э.Пепло қалаулы және өзінің әлеуметтік қатынастар деңгейінің арасындағы диссонансты ұғынған жағдайда туындайды.

6.       Интимді амалдың өкілдерінің көзқарастары бойынша, жалғыздық ең алдымен, сенімді қарым-қатынас үшін қажетті, индивидтің тұлға аралық қатынастарында интимділіктің жетіспеуі кезінде аяқ басады. Интимді амалдың негізінде индивидтің қалаулы және әлеуметтік қатынас деңгейінің арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалуға деген ұмтылысы, талап-тілегі жатыр деп айтуға болады.

7.       Жүйелердің ортақ теория өкілдерінің көзқарастары бойынша жалғыздық, индивид немесе қоғамға адами қатынастарының тұрақты оптималды деңгейін сақтауға көмек беретін, кері байланыс механизмі болып табылады.

8.       И. Ялом және Мускатас экзистенционалды тұрғының әйгілі өкілдері болып табылады. И. Ялом шеттетілу бұрынғы тіршілік етушілердің бірі ретінде қарастыра отырып, бұл оның жалғыздықтан, туындаған адамдардан шеттетілу емес және ішкі шеттетілу де емес екендігін анықтайды. Бұл басқа да тіршілік иелерінен («өзінің және басқалар арасындағы құлаз») және әлемнен («индивид пен әлем арасындағы алшақтық») – фундаменталды шеттетілу. Осылайша, ол шеттетілудің екі түрін бөледі: экзистенционалды және фундаменталды. Мускатас «жалғыздық әурешілігі» («loneliness anxiety») мен шынайы жалғыздық арасындағы айырмашылық мәндерін ерекшелеп көрсетеді.

Жүргізілген теориялық талдау мен тәжірибелік  кеңес беру жұмыстары негізінде зерттеушілер мынадай қорытындыға келді: жалғыздық сезімі   құбылыс ретінде бірнеше түрде және белгілі бір шекарада көрініс табады, сонымен қатар, нормадан патологияға дейінгі бірнеше түрде бола алады.

Жалғыздық сезімінің алғашқы түрі соңғы формасы ретінде жатсыну: басқа адамдардан, нормалар мен құндылықтардан, белгілі бір топтан, жалпы әлемнен жатсыну болып табылатын тұлғаның психологиялық құрылымына жалпылау механизмдерінің айтарлықтай басымдықпен әсер етуімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда, сәйкестену құбылыстары өзіндік «мен» шегінде әсер етеді, адам өз жағдайын түсінеді және оның алғышарттарын түсінеді. Сезімнің мұндай түрі жалпыға «жатсындыратын жалғыздық» атауымен белгілі.

Жалғыздық сезімінің екінші түрі сәйкестену механизмдерінің басым түрде әсер етуімен шартталған. Нәтижесінде, адам басқа адамдармен немесе топпен теңесуге әдеттене отырып, кейіннен бөтен, түсініксіз және қорқынышты нәрсеге айналатын өзіндік «Менін» жоғалтады. Бір ғана үрдістің басым болуы басқасының толығымен жойылуын білдірмейтіндіктен, жалпылау механизмдері де өздерін көрсетеді, бірақ олардың әсер ету аймағы өте тар және өзіндік «Мен»  шекараларымен анықталады. Жалғыздық сезімінің осы түрінің өзіндік «Мен» мен, өзін –өзі жоюмен, қарым-қатынастың тұлғасыздануымен, сондай–ақ өз-өзінен жатсынумен шартталуының нәтижесінде, ол «өз-өзінен жатсындыратын» атауына ие болды.

Жалғыздық сезімінің үшінші түрі-адам өміріндегі жалғыздықтың субъективті позитивті жалғыз нұсқасы жалғыз қалу түрінде (сипатында) болып келеді. Педагогикалық үрдістер тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол сәйкестену және жалпылау құбылыстарының жоғарғы түрдегі қатынасымен сипатталады. Берілген құбылыстардың динамикалық тепе-теңдігінен басқа, жалғыздық сезімінің жағымды түрде сипат алуының алғышарты – механизмдері ретінде өз-өзін реттеуге деген қабілет пен рефлексия айтылатын тұлғаның психологиялық тұрақтылығы болып табылады. Бұл – қалыпты жалғыздықтың – қалыпты жағдайдағы күйі.

Жалғыздық сезімінің жоғарыда айтылған әрбір түрінің генезис пен адам өмірі мен оның өзін-өзі ұстауында сипат алуы тұрғысынан қарағанда, өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары болады [5].

Жалғыздық сезімінің алғашқы түрі жалпыға бірдей «жатсындыратын жалғыздық» атауына ие болды. Зерттеушілердің ойынша (Е. П. Крупник, В.И.Слободчиков және т.б.) «жатсындыратын» түсінігінің («жатсынған» түсінігімен салыстырғанда) астарында уақыт аралығындағы құбылыс пен белгілі бір күйдің ұзақтылығы жатыр. Зерттеушілердің айтуынша, олар жатсыну механизмінің әсер етуінің екіжақты сипатын атап өтуге болады: субъект жағынан және объект жағынан. Бұл механизмнің әсер етуі, жоғарыда айтылғандай, объект пен субъект арасындағы ара қашықтықтың қалыптасуына алып келеді [6].

Жатсынудың ең жоғарғы дәрежесі жалғыздықтың өте қатаң түріне алып келеді. Гипертрофияланған жатсыну басқа адамдармен, таныс жерлермен, ойда қалған қымбат естеліктермен, бұрын болған жағдайлармен байланыстың жоғалуына алып келеді. Ал  бұл жағдайлар кейіннен тұлға үшін жат болады, ал олармен қарым-қатынас жасау-керексіз болып қалады.

Өзін-өзі жатсындыратын жалғыздық сезімі – субъекттің бастан кешіру кезінде адаммен араласу кезінде өзінің болмысының нақтылануымен өзіндік маңыздылығын сезіну үмітімен соларға қарай ұмтылады. Ал осылай істей алмаған жағдайда, өзіндік «Менін» жоғалту сезімі жоғарылай береді.

Сонымен қорыта айтар болсақ:

1.   Жалғыздық сезімінің негізгі үш түрі болады: жатсындыратын, өзін-өзі жатсындыратын және жалғыз қалу. Бұл жағдайлар тұлғадағы сәйкестену және жалпылау механизмдерінің әртүрлі қатынастарымен шартталады.

2.   Өзін-өзі жатсындыратын жалғыздық сезімінің қалыптасуының алғышарты–тұлға құрылы-мындағы сәйкестену механизмдерінің басым түрде әсер етуі мен өзіндік «менін» жоғалту, яғни өз-өзінен жатсыну болып табылады.

3.   Жатсындыратын жалғыздық сезімінің алғышарты – тұлғадағы жалпылау механизмдерінің басымдыққа ие болуы болып табылады. Осының нәтижесінде, адам басқалардан, қоғамдағы нормалар мен құндылықтардан, өз-өзінен, тіптен жалпы әлемнен бөтендеп, алшақтайды.

4.   Жалғыздық сезімінің жағымды (позитивті) түрі ретінде адамның жалғыздыққа деген қабілетін, яғни субъективті түрде қалайтын жалғыздықты қарастыруымызға болады. Ол адамның психологиялық жеке кеңістігіндегі сәйкестену және жалпылау құбылыстарының жоғарғы дәрежедегі қатынасымен сипатталады.

Көптеген зерттеушілер (З. Фрейд, Зилбург, Ф. Фромм-Рейхман және т.б.) жалғыздық сезімін тұлғаға жағымсыз әсер ететін эмоционалды қайғыны бастан кешіруімен байланыстырады.

Жалғыздық сезімі психикалық құбылыс ретінде адамның индивидуалды   кеңістігінде аумағы жоғары көріну және әсер ету негізінде барлық мінез-құлық сфераларында және өмірлік іс-әрекетінде болуы мүмкін.

Жалғыздық сезімі – бұл адамның өзіндік жекелігін, субъективті мүмкіншіліксіздігі мен адекватты  жауапты сезінбеу тілегін сипаттайтын жағдайы, басқа адамдармен өзін қабылдауы мен мойындауы.

Мақалада жалғыздықтың жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуі қарастырылған. Яғни қоғамнан өзін шектеліп қалу әр түрлі психологиялық жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсіну қажет.

 

1. Вейс Р. Вопросы изучения одиночества. - М.: Прогресс, 1989.

2. Рубинстайн К., Шейвер Ф., Опыт одиночества // Лабиринты одиночества. - М.: Прогресс, 1989.

3. Сартр Ж.-П. Экзистенциализм – это гуманизм // Сумерки богов. - М., 1992

4. Серма В. Некоторые ситуативные и личностные корреляты одиночества //Лабиринты одиночества. - М.: Прогресс,1989.

5. Перлман Д., Пепло Л. Теоретические  подходы к одиночеству // Лабиринты одиночества. - М.: Прогресс, 1989.

6. Рук К., Пепло Л. Перспективы помощи одиноким // Лабиринты одиночества. - М.: Прогресс, 1989.

Категория: Разработки и статьи учителей с приложениями | Добавил: flower
Просмотров: 6520 | Загрузок: 829 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]