Суббота, 20.04.2024, 16:40
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Форма входа

Наш опрос
Нужен ли школе психолог?
Всего ответов: 402
Облако тегов
Порекомендуй другу
Поиск
Наш баннер



 

Нас считают

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика
Translate this pag
Казахский язык
Онлайн переводчик SANASOFT
Главная » Файлы » Наша библиотечка

Психологиялық жаттығулар жинағы
06.11.2011, 17:29
Алғы сөз
Бүгінгі таңда елімізде қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жағдаяттарын, экономикасын дамытуға бағытталған елеулі іс-шаралар атқарылуда. Мемлекеттік тұрғыда қолға алынып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, әр алуан рухани-мәденибағдарламалар сол сөзіміздің жарқын дәлелі болса керек.
Еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарында оқу жүйесінің жаңаша өзгеруі, оқу үрдісінің неғұрлым жүйелі түрде жүргізілуі сөзіміздің дәлелі болса керек. Өзгерістердің негізгі мақсаты жаңа заман талап етіп отырған өскелең өмірдің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осынау түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар жүргізілуде. Осындай жаңалықтар жаршысындай, қазіргі таңда барлық пәндер бойынша қазақ тілінде оқу құралдары мен оқулықтар жазылуда. Бұл жаңарған заман талабы. Мәселен, «Психология» саласы бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары жоққа тән. Бұл оқулық – сол олқылықтардың орнын толтыруға деген талпыныстардың бастамасы. Бұндай ғылыми-тәжірибелік бағыттағы еңбектердің ана тілімізде жазылуы қуанарлық та, құптарлық жай, жаңарған қоғамның жаңғыруынан туындаған қажеттілік.
Еңбекте негізінен психологиялық тренинг туралы, оның түсінігі, тарихы, міндеттері, ұстанымдары, мақсат-мұраттары, негіздері, нәтижелері жөнінде салиқалы ой-пікірлер сарапқа салынып, зерттеу объектісіне айналған. Сондай-ақ, еңбекте жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін көтеруге, шаршамауды басуға, адамға эмоционалды жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар берілген.
Осыған байланысты, қоғам қажет етіп отырғандай психология ғылымының практикалық саласын, олардың міндеттері мен зерттеу әдістерін сапалы түрде меңгерген жоғарғы білімді «психолог» мамандарын даярлап шығару көзделіп отыр.
Айта кетер бір мәселе, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспеуі оқу үрдісіне үлкен қиындық келтіруде. Осындай кемшіліктер психология ғылымының үлкен бір саласы «практикалық психология» бөлімін толығымен меңгеруде кездесетін біршама қиындықтар психолог мамандарының негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы орайда, жазылған бұл оқу құралы қазақ тіліндегі тұңғыш туындыларының бірі. Ендеше, оқырмандар назарына ұсынылып отырған «Психологиялық жаттығулар жинағы» атты оқу-әдістемелік құралы «психология» мамандығы студенттеріне, аспиранттарға, оқытушыларға, сондай-ақ жалпы көпшілік психология ғылымына қызығушылығы бар барлық оқырмандарға арналған.
Бұл оқу құралдағы келтірілген материалдар бірнеше жылдан бері өткізілген практикалық жұмыстардың тәжірибесі есебінен жинақталған. Аталмыш әдістемелік құралда берілген барлық тренингтер қазақ аудиториясына бейімделіп жасалған. Тренингтер жинағы негізгі үлкен үш бағытта қарастырылған. Бірінші бағытта қарым-қатынастың негізгі психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, топтың атмосферасын жақсарту мәселесі көзделген. Екінші бағыт адамның сезімталдығына арналған тренинг, басқа адамды есту және көруді бір мезгілде бақылау қабілеттілігін айқындайды. Үшінші бағытта ойдың шығармашылығын қалыптастыруға жетелейтін тренингтер енгізілген.
Ұсынып отырған бұл еңбегіміз топ жұмысының нәтижелі болуына үлкен ықпалын тигізері анық.Оқулықтың мазмұнындағы тренингтер адамның мінез-құлық амалдарын сезіну және жаттығу тәсілдерін меңгеруге, ең бастысы теориямен практиканы байланыстыра алу мақсатында жүйелі түрде берілген. Бұл әдістемелік оқу құралы психология пәнінің ролін көтеруге септігін тигізеді деп сенеміз. Ұсынып отырған бұл оқу құралы «практикалық психология» саласымен айналысатын мамандардың танымдық белсенділігін арттыруға, тілдік мәдениетін қалыптастыруға, шығармашылық әдістерін шыңдауға бағытталған. Осы оқу құралы жайлы өз-пікірлерін, сын ескертпелерін білдіргісі келген барлық оқырмандарға алдын-ала алғысымызды білдіреміз.
Автор
Категория: Наша библиотечка | Добавил: Баха
Просмотров: 42507 | Загрузок: 10 | Комментарии: 48 | Рейтинг: 2.7/34
Всего комментариев: 48« 1 2 3 4 »
16 Жанна  
сәлеметсіз бе Бақыт Дастанқызы. Тренингтер және тесттер керек еді, жібере аласыз ба?

19 Баха  
Сәлеметсіз бе Жанна! Сіздің сұрағыңызды кеш көргеніме кешірім өтінемін.Сізге қажетті материалдардың нақтылығы жөнінде жазып жіберсеңіз.Тел 87013589905 Бахыт дастанқызы.

14 жанар  
маган психолгтың кеңесі керек еді, подрушкамнын маселеси жайында акылдаспакшы едім. ол ози ауылда тургандыктан интернетпенде психологтармен ой болисе алмайды. менин оган жаным ашиды сондыктан кур кол карап отыра алмай сіздерден кенес сурамакшы едим. менин почтама хабар бериниздерши! алдын ала рахмет!

15 Баха  
Сәлеметсіз бе Мына тел хабарласыңыз 87013589905 Бахыт Дастановна

20 Баха  
Сәлеметсіз бе Жанар! Сіздің сұранысыңыз жайлы кеш хабарласып жатқаныма кешірім сұраймын.Кеңес сұрауға болады. Көмек беруге тырысамыз.87013589905 Бахыт Дастанқызы.

13 Баха  
Құрметті мектеп психологтары! Сіздердің жұмыстарыңызға көмек ретінде бірнеше әдістемелік материалдар жіберіп отырмын. Ой -пікірлеріңізді жазып жіберіңіздер. Қандай көмек керек болса біздің тарапымыздан біз сіздерге көмек беруге дайынбыз.Бахыт Дастанқызы.

12 шарбану  
құрметті әріптестер маған тренингтер керек еді ,және де мінезі бір түрлі бала не сөйлемейді, не сұраққа жауап бермейді бұған қатысты қандай пікірлермен кеңестер бересіздер .

10 Айтолқын  
Маған 3-4 жас аралығындағы балаларға психологиялык ойындар,анкеталар , тренингтер керек еді?

9 райгул  
Сәлеметсіз бе маған психологиялық тренинг керек ол бирнеше жаттығудан тұруы тиіс

8 Айсулу  
Саламатсыздар ма? Маған психологтың кеңес беру журналын қалай толтырылатынын үлгісін жіберіңіздерші. Графалары қандай болады?

7 Маржан  
Салеметсіздер ме! Маған педагогтарға балаларға тренингтер керек еді. Көмектесіңіздерші.

6 Гулим  
Салеметсиздерме! маган нашакорлыкка арналган тренингтер керек болып жатыр! Сиздерден комек отинемин!

31 Баха  
Нашақорлыққа байланысты жеке жұмыс жүргізгеніңіз дұрыс. Топтық жұмыс жүргізетін болсаңыз олардың мотивациясы болуы керек.

4 кенже  
мен осы оқулықты алғым келеді!

5 Баха  
Сиз мына тел хабарласыңыз 87013589905

11 Баха  
Сәлеметсізбе Кенже!Мына тел хабарласыңыз 7013589905 Бахыт Дастанқызы

1-10 11-20 21-30 31-31
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]